М. А. Молдашева


МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ



Pdf көрінісі
бет19/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105
Байланысты:
Молдашева

3.5. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ 
Материалдық  емес  активтер–бұл  өндірісте  ұзақ  мерзім 
бойына  пайдалану  үшін  немесе  сатуға,  әкімшілік  мақсатқа  және 
басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ 
ақшалай  емес  активтер.  Бухгалтерлік  есебі  38  «Материалдық 
емес  активтер»  ҚЕХС  (Қаржылық  есеп  берудің  халықаралық 
стандарттарына)  және  28  «Материалдық  емес  активтер  есебі» 
БЕС (Бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес. 
Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен 
бақыланады  және  оларды  пайдаланудан  субъекті  болашақта 
экономикалық пайда табады деп күтіледі. 
Материалдық  емес  активтерді  анықтауға  болады:  егер  де 
оларды  жалға  берсе,  сатса,  айырбастаса;  болашақта  алынатын 
экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материал-
дық  емес  активтерді  субъект  бақылай  алатын  болса,  онда  оның 
экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады. 


 
29 
Келешек  экономикалық  олжа,  осы  материалдық  емес  актив-
пен  тікелей  байланысты,  егер  олар  мынадай  жағдайда  алынса: 
болашақ  экономикалық  олжаны  өсіруде  материалдық  емес 
активтердің  рөлі  анықталса;  субъектіні  осы  активті  пайдалану 
қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара – пар қаржылық, 
техникалық  және  басқа  да  ресурстар  бар  болып,  субъектіге 
болашақта  күтілетін  экономикалық  олжаны  алуға  қолайлы 
жағдай туғызса. 
Материалдық  емес  (ұстап  көруге  болмайтын)  активтер  – 
нақты  табиғи  нысаны  жоқ  сезілмейтін  құндылыққа  ие 
болғанымен  материалдық  активтердің  де,  материалдық  емес 
активтердің де құрамында кездесуі мүмкін. 
Мысалға,  кәсіпорын  технологиялық  құрал  –  жабдықты 
басқару үшін, оны компьютерлік  бағдарламамен қамтамасыз ету 
керек,  өйткені  онсыз  құрал  –  жабдықтар  қызмет  ете  алмайды. 
Сондықтан,  бағдарлама  құрал  –  жабдықтың  бөлінбейтін  бөлігі 
болып  саналады.  Осыдан,  компьютерлік  бағдарламамен  қамта-
масыз етуді ненің құрамында екені анықталуы керек, өйткені ол 
негізгі құралдың да, материалдық емес активтердің де құрамында 
есептелуі мүмкін. 
Кейбір материалдық емес активтер заттың (алып жүрушілер-
дің)  құрамында  болады,  атап  айтсақ:  компьютерлік  бағдарлама-
мен  қамтамасыз  ететін  –  дискетте,  фильм  –  лентасына,  заңды 
құжаттау  (лицензия,  патент)  –  қағазда  болады,  бірақ  дискетте, 
лентада,  қағазда  өз  кезегінде  қосалқы  элементтер  болып 
табылады  және  олар  активтің  мәнін  анықтау  үшін  негіз  бола 
алмайды. 
Бұған  қарамастан,  материалдық  та,  материалдық  емес  актив-
тердің  де  есебінде  көптеген  ұқсастықтар  бар,  бірақ  соңының 
есебінде  теңестіру  немесе  ұқсастыру,  өлшеу,  пайдалы  қызмет  ету 
мерзімін  бағалау  (анықтау)  сияқты  аспектілері  өте  күрделі  болып 
саналады. 
Кейбір  материалдық  емес  активтер  фирманың  басқа  да 
активтеріне  жеке  теңестірілуі  мүмкін,  мысалға,  патент,  сауда 
маркісі  сияқтылары,  ал  басқалары  болса  жеке  теңестірілмеуі 
мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны 
басқа  да  фирманың  активтерімен  тығыз  байланыста  шығарылуы 
мүмкін: бұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл 
жатады,  ол  клиенттердің  сеніміне  немесе  қызметкерлердің 
машықтық деңгейіне негізделеді.  


 
30 
Материалдық  емес  активтер  актив  ретінде  болашақта 
экономикалық  олжа  әкелетін  активтер  ретінде  танылады  (есепке 
тіркеледі)  басқа  активтер  сияқты.Бухгалтерлік  есепте  көбінесе 
негізгі құралдардың есебіне ұқсас жұргізіледі. Материалдық емес 
активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, 
бұған  оларды  алуға  кеткен  және  қолдануға  әзірлейтін  жағдайға 
(сатып алу бағасы, құны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар 
және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді. 
Материалдық  емес  активтердің  құны,  активтердің  белсенді 
нарығы  бар  кезде  ғана  дұрыс  анықталуы  мүмкін;  кез  келген 
уақытта  мәміле  жасауға  ынта  білдіруші  сатып  алушы  мен 
сатушыны  табуға  және  бұндай  кезде  сатылған  және  сатып 
алынатын тауардың бағасы да халық үшін қолайлы болады. 
Материалдық емес активтердің бастапқы құны субъектінің өз 
күшімен  де  жасалуы  мүмкін,  ол  кезде  оның  құны  нақты  тікелей 
шығынымен  де  және  үстеме  шығысымен  де  танылады.    Ол 
шығындарды  есепке  алу    үшін,  2700  «Материалдық  емес 
активтер»  шоттарының  бөлімшесіне,  жеке  «Материалдық  емес 
активтерді  жасау  шығындары»  деп  аталатын  ішкі  (субшоты) 
алынуы мүмкін. 
Материалдық емес активтерді бағалау: 
1.  Басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған 
материалдық  емес  активтер  есепте  оларды  сатып  алуға 
жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі. 
2.  Кәсіпорынға  өтеусіз  келіп  түскен  материалдық  емес 
активтер сараптау жолымен бағаланады. 
3.  Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп 
түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн 
бойынша көрсетіледі. 
Материалдық  емес  активтердің  қолда  бар  қозғалысының 
есебі 2700 – бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі: 
-  лицензиялық келісімдер мен франшиздер
-  бағдарламалық қамтамасыз ету
-  патенттер; 
-  авторлық құқық; 
-  гудвилл; 
-  саудалық марка және тауарлық аты; 
-  технология, рецепт және  формулалар; 
-  пайдалануға құқық; 


 
31 
-  бәсекеге түспеу міндеттемелер 
Материалдық  емес  активтердің  келіп  түсуі  мен  шығуы  бір 
данада жасалған №1 – нысандағы «Материалдық емес активтерді 
қабылдау - өткізу актісінде» көрсетіледі. 
Материалдық  емес  активтер  басқа  кәсіпорынға  табыс  етіл-
генде  (сатылғанда,өтеусіз  берілгенде)  акт  екі  дана  жасалады: 
өткізуші  және  қабылдаушы  кәсіпорындарға.  2700  –  бөлімшенің 
шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді 
есепке  алудың  №2  МЕА  нысанындағы  инвентарлық  карточ-
касында  жүргізіледі.  Инвентарлық  карточкалардың  деректерін 
материалдық  емес  активтерді  есепке  алу  ведомосінде  топтас-
тырылады. 
1. Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу: 
 а.  сатып  алынған  материалдық  емес  активтердің  келісім 
құнына (ҚҚС–сыз)  Д-т 2710     К-т 3310; 
ә. ҚҚС сомасына  Д-т 1420     К-т 3310; 
б. ҚҚС-ты есепке алу  Д-т 3130     К-т 1420; 
в. ұсынылған шотты төлеу    Д-т 3310     К-т 1030, 1010. 
 2.  Материалдық  емес  активті  кәсіпорынның  өзі  жасауы 
(бағдарламалық  қамтамасыз ету, интеллектуалды құн объектісін 
құру, сауда белгілерін әзірлеу): 
а. жұмсалған материалдардың құнына   Д-т 2930    К-т 1310; 
ә. әзірлеушілердің жалақысы                   Д-т  2930     К-т 3350; 
б. жалақыдан аударым сомасына             Д-т  2930     К-т 3150; 
3. Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым 
ретінде  түсуі,  келіп  түскен  материалдық  емес  актвтердің 
сомасына       Д-т 2730     К-т 5110 
4. Материалдық емес активтердің  өтеусіз тегін түсуі  
 Д-т 2730      К-т 6280,6220,6230 
Жыл соңына: Д-т 6280,6220,6230     К-т  5610. 
5610            5510 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет