М. А. Молдашева


НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН



Pdf көрінісі
бет21/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105
Байланысты:
Молдашева

3.7. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН  
ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ 
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортиза-
цияланатын  құнын  жүйелі  бөлу  түрінде  тозудың  құнмен 
көрсетілуі,  басқалай  айтсақ,  есептелген  амортизация  сомасы 
белгілі  бір  кезең  ішінде  пайдаланған  немесе  тұтынған  негізгі 
құралдардың құнын көрсетеді.  


 
33 
Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталған-
нан  кейін  сыныққа,  қалдықтарға  айналатын  қосалқы  бөлшек-
тердің  болжанатын  құны  ретінде  негізгі  құралдардың  түсуі 
кезінде  анықталатын  бастапқы  құн  мен  жою  құны  арасындағы 
айырманы  білдіреді.  Амортизациялық  жарналар  (аударымдар) 
әрбір  есепті  кезең  үшін  өнімдердің  тауарлардың,  жұмыстар  мен 
қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.  
Амортизациялық  аударымдар  амортизация  нормалары 
бойынша жасалынады.  
Амортизация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың 
жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына 
қатынасы.  
Негізгі  құралдарға  амортизация  (тозуын)  есептеудің  басты 
мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз 
амортизацияны  шығыстарға,  шығындарға  қосу  есебінен  жаса-
лады (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, 
консервацияға салынған негізгі құралдарға). 
Амортизациялық  жарналардың  сомасын  көбейту  немесе 
азайту  шығыстарды  бұрмалауға  алып  келеді,  мұнан  жиынтық 
жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, 
салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.  
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналар-
дың  жалпы  мөлшері  амортизацияланатын  құнға  немесе  бастапқы 
және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.  
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға 
есептеледі.  Кіріске  алынған  негізгі  құралдар    келесі  айдың 
бірінен  басталып  есептеледі,  ал  шығысқа  шығарылған  негізгі 
құралдар  келесі айдан бастап есептеуі  тоқтатылады. 
2 ҰҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет