3.8. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ ЕСЕБІ Негізгі құралдарға түгендеу болар алдында мыналар
тексеріледі:
- инвентарлық карточкалардың жағдайы, инвентарлық таңба-
лар мен есеп бойынша негізгі құралдардың тізімі;
- техникалық куәліктердің жағдайы және басқа техникалық
құжаттар;
- берілген объектінің жеке кәсіпкер немесе ұйымның менші-
гінде тұрғанын дәлелдейтін құжат және арендаға берілген немесе
қабылданған, жауапкершілікті сақтаудағы. Құжаттардың жоқ
кезінде олардың алынғанын немесе дайындалғанын қамтамасыз
ету керек.
Негізгі құралдарды түгендеу кезінде комиссия объектілерге
қарап, инвентарлық құжатқа олардың толық атын, бағытын,
инвентарлық номерін, негізгі техникалық және эксплутациялық
көрсеткіштерін жазып отырады.
Объекттің негізгі бағытына қарай негізгі құралдардың
атаулары құжатқа енгізіледі. Егер объект қайта қалыптастыруға,
кеңейтуге ұшырап, оның қолдану бағыты өзгерсе, онда ол
құжатқа өзінің жаңа бағыттағы атымен енгізіледі.
Шаруашылық түгендеу кезінде цех немесе бөлімге бірдей
уақытта келіп түскен бірдей бағадағы құралдар, станоктар т.б
аттары мен сандары бір типті инвентарлық карточкада жазылады.
Есепке алынбаған және есептік регистрда жоқ немесе қате
көрсетілген объектілерді комиссия инвентарлық құжатқа жеткі-
ліксіз деп белгілейді, мына объект бойынша дұрыс мәліметтер
мен техникалық көрсеткішкер:
ғимараттар бойынша – олардың бағыты, негізгі материалдар,
көлемі, алаңы, қабаттар саны, қосымша құрылыстар;
каналдар бойынша – қашықтығы, тереңдігі, ені;
көпірлер бойынша – орналасуы, материалдардың түрі,
олардың өлшемдері т.б.
36
Түгендеу кезінде ұйымның орналасқан жерінен басқа жердегі
негізгі құралдар объектісі үшін түгендеу өткізілді деген үкім
берілуі керек.