М. А. Молдашева


 САТЫП АЛЫНҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ



Pdf көрінісі
бет31/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105
Байланысты:
Молдашева

4.2. САТЫП АЛЫНҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ  
МЕН БАҒАЛАУЫ 
Тауар - материалдардық бұйымдар, олар тұтыну немесе пай-
далану  үшін  сатып  алынады.  Сатып  алынғ ан  тауарлардың  есебі 
үшін  1330  "Алынғ ан  тауарлар"  және  1330  "Басқа  да  тауарлар" 
шоттары  колданылады.  Бұлар  мүліктік-активті  шоттар.  1330-
шотты негізінен сауда, қоғ амдық тамақтандыру, жабдықтау-сату, 
делдалдык және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланады. 
Тауарды бағ алау есептік бағ аны таңдау болып табылады, яғ ни 
бағ аның  көмегімен  тауар  кірістеледі  және  есептен  шығ арылады. 
Бұл  ретте  сату  бағ асы  да,  сатып  алу  бағ асы  да  пайдаланылуы 
мүмкін.  Есептік  бағ аны  тандау  шаруашылык  жүргізуші  субъектінің 
есептік саясатында тіркеледі, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің 
бірыңғ ай тауарларына қатысты үйлестірілуі керек. 
Сатып  алынғ ан  құны  өзіне:  сатып  алу  құнын,  баж  салығ ын, 
комиссиондык 
марапаттауын;  жабдықтаушыларғ а,  делдал 
ұйымдарғ а төлейтін төлемдерін; транспорттық - дайындау және 
басқа  да  шығ ыстарын,  яғ ни  алынғ ан  запастармен  тікелей 
байланысты  шығ ыстарын  енгізеді.  Сауда  жеңілдіктерін,  артық 
төленген  сомаларын  және  басқа  да  осы  тәріздес  түзетулерін, 
әкелінген  шығ ындарды  анықтау  кезінде  шегеріледі.  Көтерме 
сауда  кәсіпорындарында  тауардың  сатып  алынғ ан  кұны,  әдетте, 
есептік бағ а ретінде бола алады. 


 
47 
Сату  бағ асы  -  бұл  тауардың  сол  бойынша  ең  соңғ ы 
тұтынушығ а сатылатын бағ асы.  
Сату (бөлшек) бағ асының құрамына мыналар кіреді: 
 
сатып алынғ ан құны - бұл құжаттармен қуатталғ ан (шоты, 
тауарлы  -  транспорттық  накладнойы,  кедендік  декларациясы) 
тауардың жабдықтаушылардан сатып алынғ ан құны
 
акциз  -  бұл  тек  кейбір  тауар  түрлеріне  белгіленеді:  алко-
голь  өнімдеріне  және  темекі  бұйымдарына,  жеңіл  автомобиль-
дерге,  зергерлік  бұйымдарғ а  т.б.;  акциздің  мөлшерлемесін 
үкімет  белгілейді,  проценттік  деңгейде  тауардың  құнына  бөліп 
немесе  натуралды  түрде  оның  физикалық  көлеміне  боліп 
анықтайды,  ал  алкогольдік  өнімдер  бойынша  акциздің 
мөлшерлемесі  оның  құрамындағ ы  спиртке  тәуелді  етіп 
белгіленуі мүмкін; 
 
 қосылғ ан  кұн  салығ ы  -  келесі  мөлшерлеме  бойынша 
әртүрлі  тауар  түрлеріне  белгіленеді:  0%  (нольдік  пайызы 
бойынша)  -  экспортталғ ан  тауарларғ а  (заңда  қаралғ андардан 
басқасы),  12%  -  барлық  тауар  түрлері  бойынша  (ҚҚС  - 
босатылғ андардан басқасы); 
 
сауда  үстемесі  -  бұл  бөлшек  сауда  кәсіпорындарының 
шығысын  жабу  үшін  және  сату  операцияларынан  табыс  алға 
арналған үстеме. 
Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндері тауарды сау-
да  үстемесі  бойынша  емес,  сату  (бөлшек)  бағ асы  бойынша 
ескереді.  Бұл  жауапты  тұлғ аның  жауапкершілігінен  туындайды, 
егер де тауар жетіспей қалғ ан жағ дайда, сол тауарды өтеуіне тура 
келеді. 
Келіп  түскен  тауарды  есепке  алу  айтарлықтай  қиындық 
туғ ызбайды,  өйткені  келіп  түскен  тауардың  әрбір  партиясы 
тиесілі құжаттармен рәсімделеді (шоттармен, тауарлы-транспорт-
тық  накладноймен  т.б.  кұжаттармен).  Қоймадағ ы  тауардың 
шығ ысы да үлкен мәселе туғ ызбайды, өйткені әрбір босатылғ ан 
тауар  үшін  тиесілі  қүжаттар  жазылады.  Қиындық  тек,  бөлшек 
сауда  магазиндерінде  сату  барысында  пайда  болады.  Бұның 
басты  себебі:  сатып  алынғ ан  тауардың  сомасына  тек  бақылау-
кассалық  машинасынан  алынғ ан  чек  беріледі,  онда  сатылғ ан 
тауардың сату бағ асы бойынша құны көрсетіледі, бірақ бір күнде 


 
48 
қанша тауар сатып алынғ ан бағ асы бойынша сатылғ аны туралы 
мәлімет  көрінбей  қалады.  Ол  мынадай  есептеу  жолымен 
шығ арылады: 
 
Сатылғ ан 
тауардың құны 
сатып алынғ ан 
бағ асы 
бойынша 
 
 

Жұмыс 
күнінің 
басына 
сатып 
алынғ ан 
бағ а- сы 
бойынша 
тауардың 
қалдығ ы 
 
 

 Сатып 
алынғ ан 
бағ асы 
бойынша 
түскен тауар -
лардың құны 
 
 

Жұмыс 
соңына 
сатып 
алынғ ан 
бағ асы 
бойынша 
қалғ ан 
тауардың 
қалдығ ы 
Бұл  кезде  қалдықтың  деңгейін  тұрақты  түрде  түгелдеудің 
көмегімен анықтауғ а тура келеді, ал ол көп уақытты қажет етеді. 
Басқадай жағ дайда, қалдықтың деңгейін анықтау мүмкін емес. 
Көптеген  бөлшек  сауда  кәсіпорындарында  тауар  есебін 
ұйымдастырудың  күрделі  жағ дайынан  алшақ  болу  үшін 
тауардың сату бағ асы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені 
ол  сатылғ ан  тауардың  есептік  бағ асы  бойынша  сомасын  жеңіл 
анықтауғ а мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша 
жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім 
болып  саналады.  Осы  жағ дайда,  тауардың  да  калдығ ын  кез 
келген  кезеңге  анықтау  мүмкіндігі  туады.  Бұл  тәсіл  тек  қана 
көтерме  саудағ а  тән  деп  ойлауғ а  болмайды,  оны  бөлшек 
саудамен  айналысатын  кәсіпорындар  да  штрих  кодтарының 
көмегімен  жүзеге  асыруына  болады.  Штрихтық  кодтар,  әдетте, 
он  үш  саннан  тұрады,  оның  алғ ашқы  екеуі  өнімді-дайындаушы 
(немесе  өнімді-сатушы)  мемлекетін  көрсетеді;  келесі  бесеуі  - 
өнімді  әзірлеуші-кәсіпорынды,  одан  кейінгі  бесеуі  -  тауарғ а 
сипатгама  береді  (атауы,  мөлшері  т.б.)  және  ең  соңғ ы  біреуі  - 
бақылаушы болып саналады. 
Дүкендерге  тауар  келіп  түскен  кезде  оның  атауы,  айрықша 
белгісі,  саны  және  сатып  алынғ ан  бағ асы  туралы  ақпарат 
көшірме    қондырғ ысының  арқасында  компьютердің  жадында 
сақталады.  Одан  әрі  карай  тауарды  сату  кезінде  компьютер 
қандай  тауардың  қандай  санда  (мөлшерде)  сатылғ аны  туралы 
мәліметті  тіркейді,  осының  негізінде,  сатылғ ан  тауардың  сатып 


 
49 
алынғ ан  қүнын  анықтайды.  Тауардың  есептен  шығ арылғ аны 
туралы  ақпараттар,  егер  олар  ресми  кұжатталмаса  немесе 
компьютерде  тіркелмесе,  онда  ол  туралы  мәліметті  түгелдеудің 
көмегімен алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет