45
қызыл жазу әдісімен: 1320 шоты дебеттеледі де, 8110 шоты
кредиттеледі - (20000)
теңгеге
Осы операциямен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320
шоты кредиттеледі - (13600) теңгеге;
- өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі
(дағ дылы) жазу жазылады: ол кезде 1320 шоты дебеттеліп,
8110 шоты кредиттеледі - 70000 теңгеге, содан соң осымен бір
мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі -
50715 теңгеге.
Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе
өнімді шығ ару жиынтығ ы бойынша өндірістен қоймағ а
кірістеледі.
Қабылдау-тапсыру құжаты цехта екі дана етіп жазылады.
Дайын өнімді қоймағ а тапсырғ аннан кейін, накладнойдың бір
данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі
салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері
қолданылуы мүмкін.
Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығ ару көрсеткіштерімен
қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген
тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада
дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап
отыру үшін және шығ арылғ ан дайын өнімнің құнын жедел
есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында "Өнім
шығ ару жиынтығ ы" деген құжаттың нысаны колданылады.
Осы жиынтық бойынша бір айдағ ы өнімді кірістеуге болады.
Бұл жағ дайда оғ ан тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты
қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғ ында
карточкалардағ ы шығ арылғ ан қалдықтарды қойма меңгерушісі
дайын онім калдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің
кірісі мен шығ ысы жөніндегі кұжаттар, онын, тізімдемесімен
(реестрімен) бірге бухгалтерияғ а түседі.
Дайын өнімнің кірісі мен шығ ысы жөніндегі құжаттарды
тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын
енімнің жинактау есебінің жинак ведомосына есептік топтар
бойынша шығ арады. Жинақ ведомосының деректерін дайын
46
онім калдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл
қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық
есебімен бірдей болып шығ уын қамтамасыз етеді.
Айдың аяғ ында есеп беру калькуляциясын жасағ аннан кейін,
барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен
жоспарлы өзіндік құнының арасындағ ы, немесе нақты өзіндік
құны мен кәсіпорынның келісімді бағ алары бойынша есептелген
өзіндік құнының арасындағ ы айырмашылықтары анықталады.
Дайын өнімді шығ арғ аны туралы жинақтау деректері 1320
"Дайын енім" шотының дебетінде жинақталып, 8110 "Негізгі
өндіріс", 8310 "Қосалқы өндіріс" және 8210 "Өз өндірісінің шала
өнімдері" деген шоттарының кредитінде көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: