М. А. Молдашева


 АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК ШОТТАҒЫ



Pdf көрінісі
бет39/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
Байланысты:
Молдашева

5.2. АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК ШОТТАҒЫ  
ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ 
Кәсіпорын материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылар-
мен  немесе  қызметтерді  пайдаланушылармен  шаруашылық  бай-
ланысқа  түсіп,  олармен  есеп  айырысу  қатынастарында  болады. 
Есеп  айырысу  қатынастары  алушылардың  белгіленген  уақытта 
алынған  материалдық  құндылықтардың  орындалған  жұмыс-
тарымен  қызметтердің  құнын  төлеу  міндеттемелерін,  сондай-ақ 
жеткізушілердің  алушылардан  төлемақыны  талап  ету  құқығына 
негізделеді.  
Есеп  айырысу  қатынастарында  мемлекеттік  бюджет,  әлеу-
меттік  қамсыздандыру,  зейнетақы  қоры  және  т.б.  органдарымен 
де пайда болады.  
Ағымдағы банктік шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмен-
дегі  құжаттарды  өткізеді.  Шот  ашу  жөніндегі  өтініш,  кәсіпорын 
ұйымдастырылуының  заңдылығы  туралы  құжат  (нотариуспен 


 
58 
бекітілген  құрылтайшылардың  шешімі),  жарғы  көшірмесінің  бір 
данасы,  мөрдің  таңбасымен  қоса  кәсіпорпынның  қаржылар 
басқарушылардың  қолтаңбалары  қойылған  нотариуспен  бекітіл-
ген  екі  карточка,  кәсіпорынның  тіркелуі  туралы  статистикалық 
органдардан  анықтама  және  есептеу  қою  туралы  салық 
инспекциясының анықтамасы.  
Қазақстан  Республикасының  Президентінің  Жарлығына 
сәйкес,  әрбір  кәсіпорын,  мекеме,  ұйым  өзінің  негізгі  қызметі 
бойынша  операцияларды  жүргізу  үшін  банк  немесе  басқа  несие 
мекемесінде  бір  ағымдағы  (есеп  айырысу)  және  бюджеттік  шот 
ашуға құқылы.  
Кәсіпорын  есеп  айырысу  шотына  өткізілген  өнім  үшін 
ақшалар,  аванстық  төлемдер,  банктың  несиелері,  дебиторлық 
қарыздар, кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі.  
Ағымдағы  банктік  шотында  қолма-қол  ақшасыз  есептер 
жүргізіледі,  еңбекақы  төлеу,  іссапар,  шаруашылық  және  өкілдік 
шығыстарына  қолма-қол  ақша  беріледі.  Қолма-қол  ақша 
мәлімдемеге сәйкес босатылады.  
Қолма-қол  ақша  беруді,  сондай-ақ  есеп  айырысу  шотынан 
ақша  аударуларын  әдеттегіше,  банк  ағымдағы  шот  иесінің 
бұйрығы  негізінде  немесе  оның  келісімі  (акцепті)  бойынша 
жүргізеді. 
Банктік ағымдағы шоттарда операциялар жүргізу үшін негізі 
ретінде  бастапқы  құжаттар  төлем  тапсырмалары,  чектер,  қолма-
қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.  
Төлем  тапсырмасы  кәсіпорынның  ағымдағы  шотынан 
алушының ағымдағы шотына, онда көрсетілген қаржыны шығыс 
ету үшін қызмет атқарады. 
Ақша чегі банкіге қолма-қол ақшаның көрсетілген көлемінде 
ағымдағы шоттан босату туралы бұйрық болып саналады.  
Төлем  тапсырмасы,  бұл–банкіге  тиісті  қаржыларды  жеткізу-
шілер салық органдары және басқа да органдарға аудару туралы 
тапсырма.  Бухгалтер  оны  компьютерде  қажетті  дана  бойынша 
басады. 
Онда  төлеуші  мен  оның  банкісінің,  алушымен  оның  банкі-
сінің  реквизиттері,  соммасы  мен  тағайындалуы  көрсетіледі. 
Банктік  қызметкері  төлем  тапсырмасын  орындауға  қабылдап 
алып,  оның  соңғы  данасына  таңба  қояды,  одан  соң  ол 
операцияны  есепте  бейнелеу  үшін  бухгалтерге  қайтып  береді. 


 
59 
Басылған,  бірақ  банкіге  өткізілмеген  төлем  тапсырмасы  он  күн 
ішінде жарамды болып саналады, 
Төлеуші  болып  кәсіпорының  ағымдағы  шоты  ашылған  банк 
саналады  және  сол  бөлігінде  кәсіпорынның  аталуы  мен  оның 
ағымдағы шотының нөмірі көрсетіледі.  
№1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  ақша  қаражаты»,          
бұл – активті баланстық шот. 
Оның  қалдығы  айдың  басына  есеп  айырысу  шотында 
кәсіпорын  қаражаттарының  мөлшерін  бейнелейді,  дебит 
бойынша  айналым  –  өнімді  өткізуден,  дебиторлық  қарыздардың 
жабылу есебінен банк несиелерінің келуінен кассадан қолма-қол 
ақша  салымынан  және  т.б.  келген  қаражаттарды  есепке  алу 
бейнеленеді.  Кредит  бойынша  әртүрлі  төлемдер  нәтижесінде, 
сондай-ақ  оларды  кассаға  өткізу  нәтижесінде  қаражаттардың 
кемеуі көрсетіледі  
Жылдық  есеп  беруді  дайындаудан  бұрын  есеп  айырысудың 
түгендеуі  жасалуы  тиіс.  Егер  дебиторлық  қарыздарды  тексеру 
барысында  ол  қарызын  мерзімінде  бермейді  деген  күмән  пайда 
болса,  онда  біз  өзімізде  сол  сомаға  резерв  қалыптастыруымыз 
мүмкін (Дт №1290 «күмәнді талаптар бойынша резерв» шоты мен 
Кт №1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлы берешек» шоты).  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет