М. А. Молдашева


АУДАРЫЛҒАН ЖОЛДАҒЫ АҚШАЛАЙ



Pdf көрінісі
бет41/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105
Байланысты:
Молдашева

5.4. АУДАРЫЛҒАН ЖОЛДАҒЫ АҚШАЛАЙ  
ҚАРЖЫЛАР ЕСЕБІ 
Аударылған,  бірақ  әлі  кәсіпорынның  шотына  келіп  түспеген, 
яғни  кіріске  алынбаған  ақша  қаражаттары  жолдағы  ақшалай 
қаржылар  болып  саналып,  ал  олардың  есебі  1020-«Аударылған 
жолдағы  ақшалай  қаражаттар»  -  деп  аталатын  шотта  жүргізіледі. 
Бұл шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмаға басқа кәсіпорын, 
ұйым немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген, 
яғни  кіріске  алынбаған  жолдағы  ақшалай  қаржылар  жайлы 
ақпараттарды қорытындылауға арналған. Бұл шотта кәсіпорындар, 
фирмалар  немесе  ұйымдар  өздерінің  қарамағандағы  филиал-
дардың, бөлімшелердің, сондай-ақ сатып алушылардың банктерге, 
сақтық  кассаларына,  почта  бөлімшелеріне  салған,  бірақ  тиісті 
шотқа  әлі  түспеген,  аударылғандығы  туралы  тиісті  құжаттармен 
дәлелденген ақшалай қаржыларды есептейді.  
№1020  «Жолдағы  ақшалай  қаражаттар»  шотында  ақша 
қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:  


 
62 
1. Саудадан  немесе  басқа  да  операциялардан  түскен  түсімді 
банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.  
2. Почта бөлімінің ақшаны қабыдағаны жайлы квитанциясы.  
3. Басқа  кәсіпорындардан  олардың  ақша  аударғаны  жайлы 
берген авизасы (бұл авизада ақшаны аударған күні, сомасы, оны 
қабылдаған банк немесе почта аты көрсетіледі).  
Мысалы:  2009  жылы  28  желтоқсанда  А  кәсіпорны  қараша 
айында  сатқан  тауарлары  үшін  осы  тауарларды  сатып  алған  Б 
кәсіпорнынан 450000 теңге аударғаны туралы авиза (құжат) алды 
делік.  Бірақ  бұл  ақша  А  кәсіпорнының  есеп  айырысу  шотына 
2010 жылы 4 қаңтарда ғана келіп түсті, яғни кіріске алынды. Осы 
операциялар  бойынша  А  кәсіпорнының  бухгалтерлік  есебінде 
мынадай жазу жазылады: 
Дебет  
Кредит 
28.12.09    1020   
2110  
450000 тг. 
05.10.10    1030   
1020  
450000тг.  
Кәсіпорынның,  ұйымның  және  фирманың  бухгалтериясы 
аударылған  жолдағы  ақшалардың  банктердегі  есеп  айырысу 
немесе  басқа  да  тиісті  шоттарға  уақытылы  да,  дер  кезінде  түсіп 
есепке  алынуына  бақылау  жасап  отыруы  керек.  Кәсіпорындар, 
ұйымдар,  фирмалар  арасында  жолдағы  аударылған  шетел 
валютасы  да  осы  1020  –  «Жолдағы  аударылған  ақшалай 
қаражаттар» шотында есептелініп, бірақ бөлек көрсетіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет