61
сы Ұлттық банкінің бағамы (курсы) бойынша теңгеде бейне-
ленеді. Бұл №1032 «ағымдағы банктік шоттардағы валютамен
ақша қаражаты» шоты активтік шот. Олардың дебеті бойынша
валютаның келуі, кредит бойынша – шығыс етілуі бейнеленеді.
Әрбір шетел валютасы бойынша оған қосымша аналитикалық
есеп жүргізу қажет.
Кәсіпорынның бағамдық айырмадан алатын табысы №6250
«Бағамдық айырмадан түскен кірістер» шотында, ал бағамдық
айырмадан шеккен шығыны №7430 «Бағамдық айырмадан
шығыстар» шотында бейнеленеді.
Кәсіпорындар бағамдық айырмадан алатын табысына
Дт-1032 Кт-6250; теріс нәтижеге Дт-7430 Кт-1032
Валюталық операцияларды мынадай негізгі құжаттармен
жабдықтайды: кірістеу кіріс валюталық ордерімен; шығысы
шығыс валюталық ордерімен; шетелге ақша аудару аударуға арыз
арқылы жүргізіледі. 1032 шоттың талдамалық есебі журнал ордер
№2 және ведомості №2 жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: