М. А. Молдашева


 САТЫП АЛУШЫЛАР МЕН ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР



Pdf көрінісі
бет48/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105
Байланысты:
Молдашева

6.2. САТЫП АЛУШЫЛАР МЕН ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР  
БОРЫШЫНЫҢ ЕСЕБІ 


 
72 
Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  1210  «Сатып  алушылар  мен 
тапсырыс  берушілердің  борышы»  деп  аталатын  бөлім  шоттары 
сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілердің  осы  кәсіпорынға 
деген  әр  түрлі  қарыздары  жайлы  ақпараттарды  қорытындылау 
үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған: 
«Алынуға  тиісті  шоттар»,  «Алынған  вексельдер»,  «Сатып 
алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де  борыштары» 
Бұлар  активті  шот  болып  табылады.  Сондықтан  да  бұл 
шоттардың  дебетінде  борыштың  сомасы  жазылса,  ал  кредитінде 
борыштың азаюы көрсетіледі.  
Алынуға  тиісті  шоттар  (дебиторлық  борыштар  шоты)  сатып 
алушы  заңды  немесе  жеке  тұлғалардың  сатып  алған  тауарлары, 
сондай-ақ  кәсіпорынның  оларға  көрсеткен  қызметі  үшін  қарыз 
сомаларын білдіреді. 
1210  «Сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілердің 
борышы»  шоттарына  қатысты  бухгалтерлік  есепте  мынадай 
корреспонденциялар жазылады: 
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 
теңгенің дайын өнімдері 500000 теңгеге сатылды. (соның ішінде 
80000 теңге ҚҚС сомасы). 
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына: 
Дт: 7010 Сатылған өнімдердің өзіндік құны 300000 тг 
Кт: 1320 Дайын өнімдер 300000 тг 
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға: 
Дт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  шоты 420000 тг 
Кт:  6010  Дайын  өнімдерді  сатудан  алынатын  табыс  шоты 
420000 тг 
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына: 
Дт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  шоты 80000 тг 
Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы 80000 тг 
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде: 
Дт:  1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  ақша  қаражаты» 
500000тг 
Кт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  шоты 500000 тг 
Ал  сатылған  материалдық  емес  активтер,  негізгі  құралдар, 
бағалы  қағаздар  бойынша  дебиторлық  борыштардың  пайда 
болуына  1210  «Сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілердің   
борыштары  »  деп  аталатын  шот  дебиттелініп,  оған  сәйкес  6210 
«Материалдық  емес  активтердің  есептен  шығарылуынан  алына-


 
73 
тын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алына-
тын  кіріс»  және  «Бағалы  қағаздардың  есептен  шығарылуынан 
алынатын 
кіріс» 
деп 
аталатын 
шоттардың 
тиістілері 
кредиттелінеді. 
Сатып  алушылардан  оларға  сатылған  өнім,  тауар  және 
атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер 
келіп  түскенде  1000  «Ақшалар»  бөлімінің  тиісті  шоттары 
дебиттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің  
борыштары » деп аталатын  шот кредиттелінеді. 
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен 
кейін қайтарылған жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың қайта-
рылуы»  деп  аталатын  шот  дебиттеліп,  1210  «Сатып  алушылар 
мен тапсырыс берушілердің  борыштары» шоты кредиттелінеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет