М. А. Молдашева


КҮМӘНДІ  ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР



Pdf көрінісі
бет50/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105
Байланысты:
Молдашева

6.3. КҮМӘНДІ  ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР 
Сатып  алушылар  мен  тапсырыс  беруші  заңды  және  жеке 
тұлғалардың  төлем  қабілеттілігін  анықтау  жүйесін  қанщалықты 
арттырғанымен,  оларға  несиеге  сатылған  тауарлар  немесе 
көрсетліген  қызмет  үшін  уақтылы  есеп  айырыспай  немесе 
алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің 
алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай 
жағдайлардың 
алғашқы 
нысандары 
болып 
борышкер 
кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  банкрот  болып  қалуы  немесе  ол 
кәсіпорындар  мен  ұймдардың  тартылуы,  сондай-ақ  борышты 
талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. 
 Сатып  алушылардың  келісімшартқа  сәйкес  белгіленген 
мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. 
Күмәнді  қарыздарға  –  уақытында  төленбеген,  жабылмаған 
және  де  тиісті  кепілдікпен  қамтамасыз  етілмеген    дебиторлық 
борыштар  жатады.  Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес 
талап  ету  мерзімі  өтіп  кеткен    дебиторлық    берешек  күмәнді 
қарыз  болып  саналады.  Өтелу-өтелмеуі  белгісіз,  күмән 
тудыратын    борыштарды    есептен  шығарудың  екі  тәсілі  бар. 
Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты 
шоттарда  үмітсіз  деп  танығаннан  кейін  ғана  тікелей  есептен 
шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар 
алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі. 
Қазақстан  Республикасы  заңына  сәйкес  талап  ету  мерзімі 
өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. 
Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша 
резерв  есебінен  есептен  шығарылады.  Егер  кәсіпорындар  мен 
ұйымдар  күдікті  қарыз  бойынша  резерв  құрмаса  және  үмітсіз 
қарыздың айқындалу жағдайы пайда  болса, онда  бұл сома кезең 
шығындарына жатқызылып есептен шығарылады.  
Егер  сатып  алушының    дебиторлық    қарызы  үмітсіз  қарыз 
ретінде  есептен  шығарылып  және  ол  осы  есептен  шығарылып 
және  ол  осы  есеп  беретін  кезеңде  өтелсе,  бухгалтерлік  есепте 
келесідей жазу жазылады: 
Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты 


 
75 
Кт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  шоты 
Бұрын есептен шығарылған  дебиторлық  қарыз сомасы есеп 
берудің  келесі  кезеңінде  өтелсе,  онда  ол  сома  негізгі  емес 
қызметкен  түскен  табыс  есебінде  танылады.  Бұл  жағдайда 
бухгалтерлік  есепте:  Дт:  1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы 
ақша қаражаты»  
Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер 
шоты түрінде жазу жазылады. 
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер»  есебі  №10 журнал-
ордер жүргізіледі. 
 Кәсіпорындар  мен  ұйымдар  өздерінің  күдікті  деп  есептеген  
борыштары  үшін  100000  (жүз  мың)  теңге  көлемінде  резерв 
құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады: 
Күдікті  қарыздар  бойынша  құрылған  резерв  сомасына:  Дт: 
7210  Жалпы  әкімшілік  шығындар  шоты  100000  тг  Кт:  1290 
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 100000 тг 
Күдікті  қарыздар  бойынша  құрылған  резервтің  есебінен 
80000  (сексен  мың)  теңге  дебиторлық  борыш  есептен 
шығарылғанда:  Дт:  1290  Күмәнді  қарыздар  бойынша  резервтер 
шоты 80000 тг 
Кт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  80000 тг 
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно 
етіледі.  Кәсіпорындар  мен  ұымдар  бұл  жағдайда  қызыл  сиямен 
жазу арқылы алынып тасталады. 
Дт: 7210 Жалпы және әкімшілік шығындар шоты 20000 тг 
Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 20000 тг 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет