77
ол шығыстар құжаттар арқылы дәлелденіп, кәсіпорынның
басшысымен бекітілсе, онда кассадан қосымша ақша беріледі.
Қалай болған жағдайда есепті тұлға оған барлық шығын-
дарды дәлелдейтін құжаттар (көліктерге билеттер, қонақ үйлер
мен дүкендердің шоттары және т.б.) қоса тігілген аванстық есеп
жасайды. Егер есепті тұлғалардың саны көп болса, онда арнайы
ведомостваларда олардың аналитикалық есебін жүргізу мүмкін.
ДТ 1250 КТ 1010 – Кассадан есеп беруге тиісті адамға берілген
аванс сомасы.
ДТ 1010 КТ 1250 – Есеп беруге тиісті адамның кәсіпорын
сомасына алынған аванс қалдығын өткізу.
ДТ 1310, 2410 КТ 1250 – Есеп беруге тиісті адам есебінен
сатылып алынған қор және негізгі құралдардың кіріске алынуы.
ДТ 3350 КТ 1250 – Есепті соманың жетпей қалған мөлшерінің
дебиторлық жалақысынан ұсталынуы.
Жинақтау есебі "Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың
борышы" деп аталатын шотының кредиті бойынша №7 —
Журнал-ордерде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: