87
в) кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша
қосымша ақы;
г) ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің
бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
ғ) мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
д) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
е) жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған
уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша
жалақының құрамына кіретіндер:
а) балаларын тамақтандырушы аналардың жұмсындағы үзіліс
уақытына төлем;
ә) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
б) мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға
жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
в) негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
г) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
ғ) шыққанда берілетін жәрдемақы.
Қызметкерлер жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру
қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі
жәрдемақыны алады.
Кәсіпорынның жоспарымен белгіленген, жалақы төлеу шы-
ғыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал
есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиіс жалақының
сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: