92
тан, олардың сомасы мекеменің өнімдері сату және қызметтер
көрсету бойынша шығындары мен әкімшілік және басқару
шығындарының және құрылыс пен өндірістік шығындары
құрамында есепке алынады.
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
шотының дебеті бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес
жүргізілген ұсталымдар мен шегерімдердің барлық түрлерінің,
жұмыскерлер мен қызметкерлерге кассадан қолма қол ақшамен
берілген еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы және басқа
төлемдердің барлық сомалары, сондай – ақ еңбеккерлердің
уақытында алмаған еңбекақы көрсетіледі.
Еңбекке ақы төлеу бойынша еңбекерлермен айырысудың
негізгі операцияларын бухгалтерлік шоттарда жазулар жүргізуге
төлем мен есеп айырысу – төлем тізімдемелер негіз болады.
Мекеменің құрылыста, өндірісте, өгнімдерді өткізу және
қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлер мен
қызметкерлеріне, жалпы шаруашылық және әкімшілік – басқару
қызметкерлеріне есептелген еңбекақы төлемдері бухгалтерлік
есеп шоттарында келесі жазумен көрсетіледі:
Тиісті шоттардың дебеті:
2930 «Аяқталмаған құрылыс» - құрылыста жұмыс істейтін
еңбеккерлерге есептелген
еңбекақы сомаларына
7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша
шығыстар» өнімдерді сату және қызметтер көрсетумен шұғылда-
натын еңбеккерлерге есептелген еңбекақы сомаларына
7210 «Әкімшілік шығыстыр» - жалпы шаруашылық және
әкімшілік басқару қызметкерлеріне есептелген еңбекақы
сомаларынаа
8110 «Негізгі өндіріс» - негізіг өндірістегі жұмыскерлерге
есептелген еңбекақы сомаларына
8210 «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары» - жартылай
фабрикаттарды
өндірумен
шұғылданатын
жұмыскерлерге
қатысты есептелегн еңбекақы сомаларына
8310 «Көмекші өндірістер» - мекеменің негізгі өндірісінің
көмекші өндірістерінің жұмыскерлеріне қатысты есептелгег
еңбекақы сомаларына
8410 «Үстеме шығыстар» - негізгі, қосалқы және жартылай
фабрикаттар өндірістеріне қызмет көрсететін еңбеккерлерге
есептелген еңбекақы слмаларына
93
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
шотының кредиті
Төлеу көздерінде салық салынатын еңбеккерлердің табысына
белгіленген ставканы қолдану арқылы еңбеккерлердің табысы
бойынша есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік
сақтандыру бойынша аударымдар сомасына арнайы есептелуге
сәйкес келесі бухгалтерлік жасалады:
Тиісті шоттардың дебеті:
2930 «Аяқталмаған құрылыс» - күрделі құрылыста жұмыс
істейтін еңбеккерлердің еңбекақысынан есептелген әлеуметтік
салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар
сомасына
7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрстеу бойынша
шығыстар» - өнімдерді сату мен қызметтер көрсетумен шұғыл-
данатын қызметкерлердің еңбекақысынан есептелген әлеуметті
сақтандыру бойынша
аударымдар сомасына
7210 «Әкімшілік шығыстар» - жалпы шаруашылық және
әкімшілік - басқару қызметкерлерінің еңбекақысынан есептелген
әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша
аударымдар сомасына
8110 «Негізгі өндіріс» - негізгі өндірістегі жұмыскерлердің
еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік
салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына
8210 «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары» - жартылай
фабрикаттарды өндірумен шұғылданатын жұмыскерлердің
еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік
сақтандыру бойынша аударымдар сомасына
8310 «Көмекші өндірістер» - көмекші өндірістердің
жұмыскерлерінің еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық
және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына
8410 «Үстеме шығыстар» - негізгі, қосалқы және жартылай
фабрткаттар өндірістеріне қызмет көрсететін еңбеккерлердің
еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік
сақтандыру бойынша аударымдар сомасына
Тиісті шоттардың кредиті:
3150 «Әлеуметтік салық»
3210 «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер»
Еңбеккерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу-
лардың жинақтау есебі №10 журнал ордер мен №5 тізімдемеде
94
жүргізіледі. Ай соңында бұл құжаттардың жиынтық сомалары
Бас кітапқа көшіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: