106
және басқа инфроқұрылымдарды пайдалану үшін төлем. Атал-
мыш салық өндірістің дамуына, оның әр түрлі жұмыстар, қызмет-
тер орындаудағы ынтасын арттыратын, мемлекет тарапынан
кәсіпорынға қаржылық жағынан ықпал жасаудың құралы болып
табылады.
Салық төлеушілер – заңды тұлға болған барлық кәіпорындар
мен ұйымдар.
Салық салатын табыс бухгалтерлік есептің мәліметтері
бойынша есептеледі. Оған төмендегі операциялар бойынша
шығыстардың сомасына кемітілген өнім (жұмыстар, қызметтер)
өткізуден түскен табыс, мүлік, бағалы қағаздар, шетелдік ваюта,
материалдық емес акивтерді сатудан түскен табыс, өткізуден тыс
операциялардан түскен табыстар енгізіледі. Өткізуден түскен
табыс есептеген кезде нарықтық бағалар ҚҚС және акциздерсіз
пайдаланылады.
Табысқа салық салу бойынша бірқатар жеңілдіктер бар.
Корпоративтик табыс салығы Қазақстан Республикасының
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер
туралы» 2001 жылғы 12маусымдағы № 209 – 11 кодексі (Салық
кодексі) бойынша (соңынан енгізілген өзгерістер мен толық-
тыруларды қоса) ұсталады.
Достарыңызбен бөлісу: