99
8.1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЕСЕБІ
Нарықтық қатынас жағдайында сыртқы экономикалық қыз-
меттің негізгі бағыттары. сыртқы сауда операциялары: экспорт,
импорт, реэкспорт. Сыртқы экономикалық қызметін құжаттарда
көрсету. Тауар, жұмыстар мен қызметтер б/ша операциялар есебі.
Тауарлар, жұмыстар қызметтер импорты бойынша операция есебі.
Валюталық әрекеттер кәсіпорынның сыртқы экономикалық
қызметімен тікелей байланысты. Сыртқы экономикалық әрекет-
тер есебінің ерекшелігі есеп теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіліп тұрады.
Кәсіпорындарда сыртқы экономикалық қызметтің жүргізілуі-
не байланысты барлық операциялардың есебі шоттарда салыс-
тырмалы түрде (теңгеде және шетелдік валютада) жүргізіледі.
Саудамен тығыз байланысты кәсіпорындардың сыртқы
экономикалық қызметін бухгалтерлік шоттарда бейнелеу кезінде
сауда әрекеттерінің негізгі үш түрін білу керек.
Экспорт- тауарды сатып алушының еліне жөнелту мен бірге,
шетелге тауарларды сату.
Импорт- шетелдік сатушыдан алушының еліне тауарларды
алып келумен бірге, тауарларды сатып алу.
Реэкспорт- импортталған тауарды экспорт жасау.
Оларды есептеу бірлігі- тауарлы топ(партия).
Экспорттық әрекеттердің есебін экспортқа өнім өндіретін
және оның саудасымен айналысатын, с.қ комиссиялық сыйақы
үшін кәсіпорындардың экспорт б/ша тапсырмаларын орындайтын
делдалдық ұйымдар арқылы жұмыс жасайтын к/о жүргізеді.
Қолма-қол ақшаға сатылған экспорттық тауар есебінің
ерекшелігі.
Сатып алушыдан тауардың ақшасын алу үшін экспорттаушы
кәсіпорын өзінің банкісіне келісім шарт пен құжаттарды ұсынады
(шот-фактура, жүкқұжаттың көшірмесін т.б) Бұл құжаттар
шетелдік банкке жіберіледі. Сатып алушы құжаттарды тексеріп,
өзінің банкісіне экспорттаушы кәсіпорынның банкісіне валютаны
аудару жөнінде нұсқау береді. Сатып алушының банкісі оған
коммерциялық қойма немесе порттан алуға мүмкіндік беретін
құжат ұсынады.
Сатушының сатып алушымен есеп айырысудың бұл түрі
инкассо деп. аталады.
100
Импорттық әрекеттердің есебін кәсіпорындардың мұқтаж-
дықтарына пайдалану немесе қайта сату мақсатымен шетелдік
сатушылардан тауар сатып алатын кәсіпорындар жүргізеді.
Тауарлар нақты ақшаға, коммерциялық несие бойынша,
айырбастау шартымен және тб. сатып алынуы мүмкін. Тауар-
лардың жеткізушіден сатып алушыға қозғалысы №1330 «тауар-
лар» шоты бойынша ашылған субшоттарда бейнеленеді.
1331 «қоймадағы импорттық және шет елге өңдеуге берілген
тауарлар»;
1332 «шет ел жолындағы импорттық тауарлар»;
1333 «қазақстанда қоймаға түскен импорттық тауарлар»
Шетелдік фирмадан Қазақстанға тауар жөнелту туралы
құжаталынған соң, сатып алушы кәсіпорынның бухгалтері
мынадай жазу жазады: Дт-1332 Кт-1331
Қазақстандағы қоймаға тауар түсірілген кезде «Түсірілудің
бас актісі» деп аталатын құжатқа сәйкес, мынадай бухгалтерлік
жазу жазылады: Дт-1333 Кт- 1332 Тауарлар импорты тікелей
немесе делдалдар арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.
Реэкспорт –кәсіпорынның шет елде өндірілген тауарды сатып
алуы және басқа шет елге сатуы болып табылады. Есепте бұл
әрекеттер №1330 «Тауарлар» шотында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: