М. А. Молдашева


  ҚОСЫМША ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет70/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
Байланысты:
Молдашева

9.2.  ҚОСЫМША ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ 
Қосымша  құнгға  салынатын  салық  (ҚҚС)  әлемдегі  көптеген 
елдерде  кеінен  таралған.  Қазақстанда  ҚҚС  айналымнан  болған 
салық пен сатуға салынған салықтардың орнына келді.  
ҚҚС  тауардың  бағасына  жоғарылата  келіп  енгізіледі.  Сон-
дықтан,  салық  тауарды  сатып  алған  тұлға  тарапынан  төленеді. 
Салықтың  «қосымша  құнға  салынатын»  деген  аталуы  қосымша 
құнның  мөлшерімен  сәйкес  ол  тауарды  өндіретін  кәсіпорындар 
арқылы бюджетке оның төленуімен байланысты.  
Мысалы,  кәсіпорын  жеткізушілерден  11400  теңгеге  мате-
риалдар  алып  оларды  өндіріске  жұмсады,  оның  ішінде  бұл 
материалдардың ҚҚС-ы 1400 теңгеге тең деп есептейік. 
Бұл  материалдарды  пайдаланып,  кәсіпорын  80000теңгеге 
өнім өндірді  және олардың сату құнына 12%  мөлшерде  ҚҚС-ын 
енгізді.  Яғни,  тауарлардың  сату  бағасы  мынаған  тең: 
80000+80000*12 %/100%=89600теңге(ҚҚС=10752теңге) 
Бюджетке кәсіпорын тек қана өткізілетін тауарларға есептел-
ген  салық  пен  сол  тауарды  өндіру  үшін  пайдаланған  материал-
дарға бұрын есептелген салықтың арасындағы айырмасын төлеуі 
тиіс.  Кәсіпорын  аударатын  ҚҚС-тың  сомасы  9352  теңгеге  тең 
болады. 
Қазіргі  уақытта  қосымша  құнға  салынатын  салық  бойынша 
мөлшерлеме  12%-ға тең. 
ҚҚС есебінің жүргізілуін төмендегі мысалда қарастырайық 
                  1310  
Дт «Шикізат пен материалдар»Кт    
  
1) 
10000 
3)10000 
 
1210«Сатып алушылардың қысқа мерзімді 
Дт    дебиторлық  берешегі      Кт 
4) 89600 
5)89600 
Дт 1420«Өтелуге тиіс ҚҚС» Дт 
1) 1400 
6)1400 
 


 
104 
1030«Ағымдағы банктік шоттардағы  
Дт  теңгемен ақша қаражаттары»Кт 
 
 
Дт 3130 «Төленуге тиісті ҚҚС»Кт 
6)1400 
7) 9352 
4)10752 
 
3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді  
Дт кредиторлық берешеек»  Кт 
2) 11400 
1)11400 
 
6010 «Өнім, жұмыстар, қызметтер  
Дт өткізуден алынатын кіріс» Кт 
 
4)78848 
Дт  8110 «Негізгі өндіріс»     Кт 
3) 10000 
 
 
1.  Жеткізушіден  жалпы  сомасы  11400  теңге,  оның  ішінде 
ҚҚС  1400 теңге   көлемінде материалдар келіп түсті; 
2.  Материалдар  үшін  жеткізушінің  шоттарына  11400  теңге 
төленді; 
3. Өндіріске материалдар 10000 теңге жұмсалды
4.  Алушыға  дайын  өнім  жалпы  сомасы  89600    теңге,  оның 
ішінде ҚҚС 10752 теңгеге тең өткізілді; 
5.  Өткізілген  өнім  үшін  жалпы  сомасы  89600  теңге,  оның 
ішінде ҚҚС 10752 теңге көлемінде ақша келіп түсті; 
6. Өтелуге тиіс ҚҚС 1400 теңге аударылды 
7. Бюджетке ҚҚС-ы 9352 теңге аударылды. 
ҚҚС  Қазақстан  Республикасының  «Салық  және  бюджетке 
төленетін  басқа  міндетті  төлемдер  туралы»  2001жылғы  12  мау-
сымдағы №209-11 кодексі (Салық кодексі) бойынша ұсталады. 
Қосымша құнға салынатын салықтан босатылғандар: 
1.  Мыналардан  басқа:  қонақ  үйлерде  тұрғаы  үшін  төлем, 
автомобильдер  мен  басқа  көлік  құралдарының  тұрағы  мен  оны 
сақтау үшін берілген учаске төлем,  соғылған обьектінің бірінші 
5) 89600 
2) 11400 
7) 9352 


 
105 
рет  өткізілуі  жерді  пайдалану  құқығын  жалға  беру  мен  сатылуы 
немесе үйлердің жалға берілуі мен оның сатылуы; 
2.  Қаржылық қызметтер
3.  Пошталық  маркалар  (коллекциялықтардан  басқа),  маркі-
ленген конверттер мен ашық хаттар; 
4.  Мемлекеттің  меншігіндгі  заңда  тұлғалардың  мүлкін 
жекешелендірумен байланысты операциялар; 
5.  Коммерциялық  емес  ұйымдармен  жүргізілетін  жұмыстар 
мен қызметтердің кейбір түрлері; 
6.  Мемлекеттік  баж  алынуға  байлансыты  өкілетті  орган-
дардың атқарылатын қызметтері; 
7.  Жерлей қызметтері, зират пен кераматорийлер қызметтері; 
8.  Геологиялық барлау мен геологиялық іздей жұмсытары; 
9.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкімен  оның 
бөлімшелерімен  жүзеге  асырылатын  тауарлар  өткізу,  жұмыстар, 
қызметтер жасау бойынша айналымдар
10.  Лоторея билеттерін өткізу бойынша айналымдар; 
11.  Қазақстан  Республикасының  мүгедектер  ерікті  қоғамы, 
соқырлардың Қазақстан қоғамы, кереңдердің Қазақстан қоамы, сон-
дай – бұл қоғамдардың меншігіндегі болатын өндірістік ұйымдар; 
12.  Мектеп оқу құралдарын өткізу бойынша айналымдар; 
13.  Ұлттық және шетелдік валюталар (нумизматикалық мақсат-
та қолданылатынан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты; 
14.  Акциздерден  босатылған  тауарлардың  тізіміне  кіретін 
тауарлардың импорты; 
15.  ҚР  Министрлері  Кабтнеті  бекіткен  тауарлардыңбажсыз 
шеттен  әкелу  нормаларымен  сәйкес  нормалар  бойынша  жеке 
тұлғалар тарапынан жасалатын тауарлардың импорты; 
16.  Бюджеттің  қаржылары  есебінен  сатып  алынған  және 
мемлекеттік  бюджет  есебіндегі  ұйымдардың  алып  келетін 
тауарлары,  сондай-ақ  мемлекеттік  кепілмен  қамтамасыз  етілген 
шетелдік  несиелік  линиялары  бойынша  сатып  алынатын 
тауарлардың импорты; 
17.  ҚР  Ұлттық  банкі  және  оның  бөлімшелерімен  жасалатын 
тауарлардың импорты; 
18.  Мектеп оқу құралдарының импорты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет