М. А. Молдашева


X тарау  МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ



Pdf көрінісі
бет78/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   105
Байланысты:
Молдашева

тарау 
МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ 
 
 
10.1. ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ ЕСЕБІ 
Меншікті капитал - бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан 
кейінгі  активтер.  Меншікті  капитал  құрылымы  шаруашылық 
жүргізуші  ұйымдардың  ұйымдық  -  құқықтық  формаларына  қа-
тысты ажыратылады.  
Жарғылық  капиталдың  құрылған  көлемі  мен  қозғалысы 
туралы  ақпараттарды  жинақтау  үшін  бухгалтерлік  есеп  шотта-
рының жұмыс жоспарында 5 бөлімінің «Капитал мен резервтер» 
шоттары қарастырылған.  
Кәсіпорынның  жарғылық  капиталы  кызметті  бастауды  қамта-
масыз  ету  үшін  жаңадан  құрылған  кәсіпорынның  жасаған 
қаражаттарының сомасы болып саналады. 
Ол  акцияларды  орналастырудың  немесе  сатудың,  жеке 
капиталын  салудың,  мемлекеттің  қаражаттарының,  материалдық 
емес активтердің және негізгі құралдардың есебінен құрылады. 
Сонымен  қоса,  жарғылық  капитал  жаңадан  құрылған  занды 
түлғалар  өз  қызметін  бастау  үшін  бастапқы  материалдық  базасы 
болып  та  табылады,  ол  құрылтайшылардың  (акционерлердің, 
қатысушьшардың)  қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықгайды. 
Шаруашылық  серіктестіктердің  жарғылық  капиталына 
салынатын  салымдары,  ақша  да,  бағалы  қағаздар  да,  мүлік  те, 
мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін. 
Құрылтайшылардың  (қатысушылардың)  жарлық  капиталына 
натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрыл-
тайшалардың  келісімі  бойынша  немесе  барлық  құрылтайшы-
лардын.  жалпы  жиналысының  шешімі  бойынша  мүліктік  құқығы 
ақшалай  нысанда  бағаланады.  Осындай  салымдардың  құнының 
сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, 
бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт қуаттауы керек. 
Шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  қайта  тіркелген  кезде 
қатысушылардың  ақшалай  салымдары  бухгалтерлік  құжаттармен 
не  болмаса  аудиторлық  есеп  берулерімен  қуатталып  бағалануы 
мүмкін. 


 
114 
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық 
жүргізуші  субъектілердің  құрылтайшылары  өздері  қосқан 
сомаларының  шегінен  артық  бағаланған  салымдарына  субъекті 
кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді. 
Егер  де  салым  ретінде  субъектіге  мүлікті  пайдалану  құқы 
берілсе,  онда  бүл  салым  үшін  төленетін  төлемнің  мөлшері, 
қүрылтайшылардың  құжаттарында  көрсетілген  барлық  мерзімі 
үшін есептелген сомадан анықталады. 
Қосымша  және  жауапкершілігі  шектелген  серіктестіктердің 
жарғылық  капиталының  бастапқы  мөлшері  кұрылтайшылардың 
салым сомасынатең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден 
өту  үшін  берген  күнінде,  оның  мөлшері  жүз  айлық  есепті 
көрсеткіштен кем болмауы керек. 
Аталған  серіктестіктер  тіркеуге  дейін  өздерінің  жарғылық 
капиталының  жалпы  сомасының  25%-тей  мөлшерінде  соманы 
төлеуге  міндетті.  Бірақ  ол  жарғылық  капиталының  минималды 
сомасынан  кем  болмауы  керек.  Жалпы  жиналыстың  шешімімен 
бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылык 
капиталына берешегін толығьшен өтеуі тиіс. 
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және 
ол  бір  жылдан  аспауы  керек.  Егерде  серіктестіктердің  қатысу-
шылары  белгіленген  мерзімде  өз  үлестері  бойынша  міндеттемесін 
орындамаса,  онда  қатысушылар  езінің  есебінен  бермеген  үлесінің 
бір  бөлігін  қосуы  керек,  болмаса  олардың  жарғылық  капиталы 
қосатын үлесіне дейін азайтылады. 
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының 
мөлшері  бірыңғай  валютада  көрсетілген  барлық  шығарылған 
акцияның  номиналды  (атаулы)  құнына  тең  болады.  Қоғам  өзінің 
шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек 
бір белігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда 
жабық  акционерлік  қоғамы  мемлекеттік  тіркеуден  етпес  бұрын 
жарияланған  жарғылық  капиталының  толық  төленуін  қарас-
тырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық 
капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс. 
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық 
акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, 
ал  жабық  қоғам  үшін  -  жүз  минималды  есептік  көрсеткішін 
құрайды. 


 
115 
Акционерлердің  жалпы 
жиналысында 
анықталған 
әрі 
жарияланған  санының  шегінде  акцияны  шығарудың  жағдайы, 
мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді. 
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының 
деңгейі  шығарылатын акцияның  номиналдық (атаулы) құнына  тең 
болады.  Шығарылған  (төленген)  жарғылық  капитал  жаңадан 
шығарылған  немесе  сатып  алынған  және  жойылған  акцияларына 
сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды 
қүнының  жиынтық  сомасы  әрбір  қоғам  түріне  белгіленген 
минималды деңгейден төмен болмауы керек. 
Қоғамның  жарияланған  жарғылық  капиталы  түгелдей 
төленіп  және  орналастырылып  біткен  соң  ғана,  ұлғайтуға  рүқсат 
беріледі;  жарияланған  капитал  мен  шығарылған  капиталдың 
арасында  айырмасы  болса,  онда  сол  сомаға  жарғылық  капитал 
азайтылады. 
Жарияланған  жарғылық  капиталын  ұлғайту  және  азайту 
туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, 
бірак, оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді. 
Жарғылық  капиталдың  нақты  барын  және  қозғалысын  есепке 
алу  үшін  бухгалтерлік  есеп  шоттарының  үлгілік  жоспарының  5000 
«Жарғылық  капитал»  бөлімшесінің  мынадай  пассивтік  шоттары 
арналған: 
5010 «Артықшылықты акциялар» 
5020 «Қарапайым акциялар» 
5030 «салымдар мен пайлар» 
Акционерлік  қоғамның  жарғылық  капиталына  салынатын 
салымдар  бойынша  құрылтайшылармен  есеп  айырысуды  есепке 
алу  5110  «Төленбеген  капитал»  шотында  жүргізіледі.  Бұл  шот 
«Капитал  мен  резервтер»  бөлімінде  қарастырылса  да, 
экономикалық мазмұнына байланысты активтік шот. Бұл шоттың 
дебеті бойынша құрылтайшылардың жарғылық капиталға салған 
салымдарының  сомасы  көрсетіледі.  Мекеме  өзінің  жарғылық 
капиталын  құрылтайшы  құжаттарда  белгіленген  мөлшерде 
қалыптастырғанда, бұл шот толығымен жабылады. 
Жарғылық капиталдың талдамалық есебі №13 журнал ордерде 
жүргізіледі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет