М. А. Молдашева


Тәжірибелік жұмыс тақырыбы



Pdf көрінісі
бет77/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
Байланысты:
Молдашева

 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы:  
«Қаржылық нәтиже  есебі. Салықтар» 
 
№1 тапсырма 
Берілгені: 
КТС декларациясындағы есептеулер бойынша салық жылын-
дағы КТС 400 000 теңгені құрады. Компания есепті жылда алдын 
ала 350 000 теңге КТС төлемдерін төледі. 
Орындау керек: 
Корпоративтік  табыс  салығын  (КТС)  есептеу  мен  төлеу 
операция  ларын  бухгалтерлік  есеп  шоттарында  көрсету  қажет 
(25-кесте). 
 
Операцияларды тіркеу журналына жазу керек 
№ 
Операциялардың мазмұны 
Дт 
Кт 
Сомасы 

КТС  бойынша  алдын  ала  төлем 
төленді 
 
 
 

КТС  бойынша  төленген  алдын 
ала төлем есепке алынды 
 
 
 

Ағымдағы жылға КТС есептелді   
 
 

Табыс  көзінен  ұсталынған  табыс 
салығы  есеп  айырысу  шотынан 
бюджетке аударылды 
 
 
 
 
№2 тапсырма 
Берілгені: 
1. Амортизациялық төлемдердің есептелуі 20000 теңге, оның 
ішінде салық есептеулері 25000 теңге шамасында. 
2. Негізгі  құралдарды  жөндеу  шығындары  80000  теңге, 
салықтық шектік нормалар бойынша 100000 теңге. 


 
112 
3. Есептелген  салықтар  бойынша  шығындар  110000  теңге, 
олардың ішінде төленгені 80000 теңге. 
4. Тегін берілген мүлік 120000 теңге. 
5. Төленген  айыппұлдар  300000  теңге,  соның  ішінде 
бюджетке төленгені 300000 теңге). 
Орындау керек: 
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация құрған кезде 
фирма қай шығындарын алып тастай алатынын анықтау керек 
 
№3 тапсырма 
Берілгені: 
Фирма 2006 жылы келесі салықтарды есептеді: 
1.  Корпоративтік  табыс  салығы  -380000  теңге,  төленгені  -
380000 теңге. 
2. Жеке табыс салығы -200000 теңге, төленгені -180000 теңге. 
3. Әлеуметтік салық -950000 теңге, төленгені -900000 теңге. 
4. Жер салығы -80000 теңге, төленгені -75000 теңге. 
5. Мүлік салығы -150000 теңге, төленгені -130000 теңге. 
6. Көлік салығы -80000 теңге, төленгені -50000 теңге. 
Орындау керек: 
Осы  есептелген  салықтардың  қайсылары  корпоративтік  та-
быс  салығы  бойынша  декларация  құрған  кезде  алынып  таста-
латынын, алып тасталған сома қандай болатынын анықтау керек. 
Салықтарды  есептеу  мен  аудару  жөніндегі  бухгалтерлік 
есептеулерді құру керек. 
 
№4 тапсырма 
Берілгені: 
Есептік  мерзім  ішінде  фирма  қайта  сату  үшін  1000 000 
теңгеге  тауарлар  сатып  алды.  Оның  үстіне  12%  ҚҚС  бар. 
Тауарлар  үшін  корреспонденциялық  ағымдық  шоттан  ұлттық 
валютамен төленді.  
Есептік  мерзім  ішінде  фирма  өзіндік  құны  900 000  теңгені 
құрайтын тауарларды сатты. Сатылған тауарлардың келісім шарт 
бағасы  1100 000  теңге.  Оның  үстіне  12  %  ҚҚС  бар.  Тауарларды 
өткізуден түскен қолма-қол табыс корреспонденциялық ағымдық 
шотқа ұлттық валютамен аударылды. 
Орындау керек: 
Фирма қосымша құн салығы бойынша бюджетпен есептесті. 
Бухгалтерлік  есептің  шоттарына  шаруашылық  операцияларын 
көрсетіп түсіру керек. 


 
113 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет