11.2. БУХГАЛТЕРЛІК ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТІҢ ҚҰРАМЫ
МЕН ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның мүліктік және
қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің
қаржылық қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер
жүйесінен тұрады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып саналатын
белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мәліметтің көлемі және
тағайындалуы бойынша жіктеледі.
Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп
ағымдағы және жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Ұйымның ағымдағы (жыл аралық) бухгалтерлік қорытынды есебі
негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір
тоқсанға немесе жарты жылға).
125
Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі
есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды
есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп,
ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы толығырақ
апарат береді. Сондықтан да бұл ақпаратты-мәліметтер кәсіп-
орынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы
бағалауға мүмкіндік береді.
Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің
өзін алғашқы және жиынтық бухгалтерлік қорытынды есеп деп
аталатын екі түрге бөлуге болады.
Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп ұйымның ағымдағы
бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның
құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы (бір
айдағы) мүліктік немесе қаржылық нәтижесі көрсетіледі.
Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамына туынды
немесе еншілес серіктестіктері бар шаруашылық ұйымдары
өзінің және сол серіктестіктерінің қорытынды есептернің
негізінде жасайды.
Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытын-
ды есеп ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі деп аталынатын бухігалтерлік қорытынды есеп мәлі-
метгері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың
қандайда бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгал-
терлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға
берілмейді және оның мәліметтерін жариялауға тыйым
салынады.
Ал бухгалтерлік қорытынды есептің сыртқы түрі барлық
пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар
қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда
жарнама ретінде ақпараттық құралдар (газеттерде, журналдарда)
беттеріне де жариялайды.
Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің
түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан
тұрады:
бухгалтерлік баланстан-2БЕС
қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есептен-3БЕС
меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;
ақшалардың қозғалысы туралы есептен-4БЕС
түсініктемелік жазбадан.
126
Достарыңызбен бөлісу: |