М. А. Молдашева



Pdf көрінісі
бет84/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
Байланысты:
Молдашева

№ 
Операциялар мазмұны 
Дт 
Кт 
Сомасы 

КТС бойынша алдын ала төлем 
төленді 
  
  
  

КТС бойынша алдын ала төлем 
есепке алынды 
  
  
  

Ағымдағы жылға КТС есептелді 
  
  
  

Табыс көзінен ұсталынған табыс 
салығы есеп айыру шотынан 
бюджетке аударылды 
  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
123 
XI тарау 
БУХГАЛТЕРЛІК (ҚАРЖЫЛЫҚ) ЕСЕП БЕРУ 
 
11.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ  
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ТҮСІНІГІ 
Есеп жұмысының соңғы сатысы бұл есеп беруді жасау.  
Есеп  беру  деп  кәсіпорынның  өткен  кезеңдегі  қаржылық-
шаруашылық  қызметін  кешенді  түрде  сипаттайтын  барлық 
көрсеткіштер жүйесін айтамыз.  
Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп үдерісін әр түрлі 
негізгі сатыға бөлу қабылданған. 
Бірінші сатыда әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады. 
Екінші сатыда - есеп деректері жіктеліп және оларды бухгал-
терлік  есепшоттарына,  бухгалтерлік  есептеу  тіркемелерінде  бас 
кіттапта көрсету жолымен біріктіріп жазады. 
Үшінші  сатыда  мазмұнына  қарай  бухгалтерлік  есетің 
мемлекеттік  жүйесінің  талабына  сай  бухгалтерлік  қорытынды 
есеп жасалады. 
Төртінші  бухгалтерлік  есеп  үдерісінің  қорытындыылама 
сатысында  ұйымның  шаруашылық  қызметіне  талдау  жүргізіліп, 
оның  нәтижесі  кәсіпорын  әкімшілігінің  өз  қызметіне  баға  беруі 
мен  алдағы  уақытга  орындалатын  жұмыстары  туралы  шешімдер 
қабылдауы үшін пайдаланады. 
Қаржылық  есеп  берудің  мақсаты  өз  пайдаланушыларына 
заңды  тұлғаның  қаржылық  жағдайы  туралы  сенімді,  мәнді  және 
пайдалы апарат беру б.т.  
Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар 
осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы 
болып саналады. 
Кәсіпорынның  бухгалтерлік  қорытынды  есебін  пайдалану-
шылардың  барлығы  бухгалтерлік  есептің  халықаралық  стандар-
тына сәйкес ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі. 
Бірінші топқа - осы ұйымда қызмет атқаратын адамдар, яғни 
жұмысшылар  мен  қызметкерлер  жатады.  Оларды  осы  шаруа-
шылықтың  экономикалық  тұрақтылығы  мен  табыстылығы 
туралы ақпараттар қызықтырады.  
Екінші  топты  -  осы  ұйымда  жұмыс  істемейтін,  бірақ  оның 
қаржылық  жағдайына    тікелей  ынталылар  мүдделілер  құрайды. 


 
124 
Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және 
басқа  да  мекемелерін,  жабдықтаушы-мердігерлерін  және 
басқаларды жатқызуға болады. 
Инвесторларды  олардың  салынған  капиталының  табысты-
лығы қызықтырып және сонымен қатар алдағы уақытта осы ұйым 
үшін  қолайсыз  жағдайлардан  болатын  қатер  жайлы  ақпаратгар 
алаңдатады.  
Несие  берушілерді  ұйымға  берілген  төлемді  уақытымен 
қайтарып  алу  мүмкіншілігі  және  одан  түсетін  тиесілі  пайызды 
алу мүмкіндігі туралы ақпараттар қызықтырады. 
Жабдықтаушы-мердігерлерді  кәсіпорынның  төлем  қабілетті-
лігімен  шоттарды  уақтылы  төлеу  мүмкіндігі  жайлы  ақпараттар 
қызықтырады. 
Үшінші топқа - кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама 
мүдделілерге  қор  биржалары,  салық  комитеті,  жоспарлауды 
жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. 
Олар  ұйымның  бухгалтерлік  қорытынды  есебін  пайдалану 
арқылы  елдегі  адамдардың  орташа  еңбекақысын  және  басқа  да 
статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады.  
Осыларды  ескере  келсек,  кәсіпорындардың  бухгалтерлік 
қорытынды  есеп  мәліметтері  тек  қана  бір  кәсіпорынның 
экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және 
сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет