М. А. Молдашева



Pdf көрінісі
бет82/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105
Байланысты:
Молдашева

Бақылау сұрақтары: 
1.  Меншікті капитал түсінігі 
2.  ҚР-сында шаруашылық жүргізуші формалары мен түрлері. 
3.  Жарғылық  капиталға  жарналар  бухгалтерлік  есепте  қалай 
бейнеленеді? 
4.  Жарғылық  капиталға  өзгерістер  енгізілуі  мүмкін  бе  және 
қандай жағдайларда? 
5.  Акция дегеніміз не 
6.  Эмиссия, эмитент 
7.  Резервтік қор деген не және ол қалай ұйымдастырылады? 
8.  Резервтік қор қандай шоттарда есепке алынады? 
 
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы: 
«Меншікті капитал есебі» 
 
№1 тапсырма 
Берілгені:  
«Инвест» ЖШС 2009ж. 3 құрылтайшылардан құрылған: 
Арман - 220,0 мың тг. 
Алия - 250,0 мың тг. 
Эдик - 230,0 мың тг.  
Барлығы - 700,0 мың тг. 
Сонда, әр қайсының үлесі 30%, 37,5%, 32,5%  
Есептік  жылдың  нәтижесі  бойынша  құрылтайшылар 
арасында үлестіретін табыс 600,0 мың тг. болды. 
Орындау керек:  
Әр  құрылтайшылар  арасында  тиісті  сомаларын  есептеп, 
бухгалтерлік жазу көрсету  


 
120 
№2 тапсырма 
Берілгені:  
 1.  «НҰР»  АҚ  500  0000  теңге  сомасында  жарғылық  капита-
лын  тіркеді.  Бұл  келесілерден  тұрады;  акция  үшін  2000  теңге 
номинал құны бойынша 500 артықшылығы бар акциялар және ак-
ция  үшін  1000  теңге  номиналдық  құны  бойынша  4000  қарапайым 
акциялар.   
Акциялар құрылтайшылар арасында толық орналастырылған, 
акционерлер реестрінің жасалуы осыны растайды. 
2.  «НҰР»  АҚ  акционерлері  жазылған  (алынған)  акциялар 
үшін салды (теңге):  
 
есеп айырысу шотына қол ақша – 2500 000 теңге; 
 
келісілген құн бойынша ғимарат – 882 000 теңге; 
 
ғимараттың жинақталған тозуы – 82 000 теңге; 
 
келісілген құны бойынша автомобиль – 550 000 теңге;  
 
келісім шарт құны бойынша материалдар – 950 000 теңге; 
 
бағдарламалық қамтамасыз ету – 20 0000 теңге. 
3.  «НҰР»  АҚ  акцияларын  шығару  және  орналастыру 
бойынша келесі шығыстар төлеу есептелді: 
 
келісім  шарт  құны  бойынша  акциялар  бланкін  жасағаны 
үшін баспаханаға – 9000 теңге; 
 
баспахана көрсеткен қызмет құнынан ҚҚС - ? 
Орындау керек: 
1.  Жарғылық  капитал  есебі  бойынша  шоттар  корреспонден-
цияларын құру. 
2.  №13 журнал-ордерде есеп жазуларын жүргізу.  
 
№3 тапсырма 
Берілгені: 
2008  жылдың  1  наурызында  Арман  айналымнан  20 000 
теңгені,  Әлия  2008  жылдың  1  маусымында  айналымнан  30 000 
теңгені алды да 1 қыркүйекте 20 000 теңгені қайта салды, есепті 
кезеңдегі таза табыс 600 000 теңгені құрады. 
Орындау керек: 
Жыл ішінде әрбәр қатысушының үлесі өзгереді деп есептеп, 
таза  табысты  үлестеріне  қарай  бөлу  қажет.  (алдыңғы  №1 
тапсырманы пайдалану керек) 
Есептеу үшін анықтау керек: 
- капиталдың орта мөлшерін; 


 
121 
- капиталдың орташа үлесінің көлемін; 
- серіктестіктің таза табысындағы қатысушыларының үлесін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет