116
10.2. ТӨЛЕНБЕГЕН КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ.
Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төлен-
беген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке
тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына
қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат
жинақталады.
Жарғылық қорға салымдардың салынуыньщ жүзеге асырылуына
қарай 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал
салым шоттары дебеттеледі:
материалдык емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде
төлеу кезінде 1010, 1030, 1100, шоттары;
жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс
объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 2410
шоттары;
материалдар мен тауарларды жарғылық корға жарна
ретінде төлеу кезінде 1310,1330, ...шотгары;
ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде
аударған кезінде 1010, 1030 шоттары
Егер де 5110 шотының дебеттік калдығы болмаса, онда
кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын
білдіреді.
5110-ші шоты бойынша талдамалық есеп акционерлер
(қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.
Жарияланған капиталдың есебі
бойынша операциялар:
Достарыңызбен бөлісу: