М. А. Молдашева


 БАЛАНС ҚҰРУ ТҮСІНІГІ, СОҢҒЫ БАЛАНС ҚҰРУ



Pdf көрінісі
бет87/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105
Байланысты:
Молдашева

11.4. БАЛАНС ҚҰРУ ТҮСІНІГІ, СОҢҒЫ БАЛАНС ҚҰРУ 
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат 
көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. 
Баланс  -  есепті  жылдың  басындағы  және  соңындағы 
кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  сипаттайды  және  маңызды 
қызметтер  атқарады.  Біріншіден,  баланс  меншік  иелерін 
шаруашылық  субъектісінің  мүліктік  жағдайымен  таныстырады. 
Осы  арқылы  олар  бұл  субъекті  нені  иеленеді,  материалдық 
құралдардың  сандық  және  сапалық  қорлары  қандай,  кәсіпорын 
жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала 
ма,  соны  білдіреді.  Екіншіден,  басшылар  кәсіпорынның  басқа 
ұқсас  кәсіпорындар  жүйесіндегі  өз  орны,  таңдап  алынған 
стратегиялық  бағытының  дұрыстығы  туралы,  ресурстарды 
пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды 
басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы 
түсінік  алады.  Үшіншіден,  баланстың  мазмұны,  оны  ішкі 
қолданушылары  сияқты сыртқы қолданушылары да  пайдалануға 
мүмкіндік береді.  
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген 
кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа 
сәйкестігі  және  оның  шарттары  туралы  шешімдер  қабылдай 
алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және 
берілген  кәсіпорынның  акцияларын  иеленудің  орындылығын 
және басқа шешімдерді бағалайды.  
Бухгалтерлік  баланс  –  қаржылық  есептің  негізгі  түрі  бола 
отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның  мүлкінің құрамы мен 
құрылымын,  ағымдағы  активтердің  айналымдылығы  мен 
өтімділігін,  меншіктік  капитал  мен  міндеттеменің  қолда  барын, 
дебиторлық  және  кредиторлық  борыштың  динамикасымен 
жағдайын  және  кәіспорынның  несие  қабілеттілігі  мен  төлеу 
қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. 
Баланс  көрсеткіштері  кәсіпорының  капиталын  орналастыру 
тиімділігін,  оның  ағымдағы  және  алдағы  кезеңдегі  шаруашылық 
қызметке  жетуі,  қарыз  көздерінің  көлемі  мен  құрылымын, 
сондай-ақ  оларды  ынталандыру  тиімділігін  бағалауға  мүмкіндік 
береді.  Осылайша,  бухгалтерлік  балансты  талдау  үшін  және 
кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  бағалау  ақпаратының  ең 
қажетті түрі болып табылады. 


 
128 
Бухгалтерлік  баланс  екі  бөліктен:  актив  және  пассивтен 
тұратын кесте түрінде құрылып келеді.  
Активтер,  баланс  кәсіпорынының  есептік  кезеңде  бақылап, 
таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде 
көрсетіледі.  
Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар 
бойынша  міндеттемелері  болып  табылады,  оларды  өтеу  мүлік 
құнының  немесе  келіп  түсетін  табыстың  төмендеуіне  әкеліп 
соғады.  Мүліктің  түрлері  және  оның  қалыптасу  көздері  сапалық 
біркелкі  белгілері  бойынша  топтастырылады.  Актив  пен 
пассивтегі  бұндай  жеке  элементтер  мен  қорытындырылған 
көрсеткіштер баланс баптары деп аталады. 
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – бұл 
яғни  баланс  бөлімдері  мен  баптарының  әр  бөлім  ішінде  қатаң, 
белгілі  бір  дәйектілікпен  орналасуы  –  яғни  олардың  өтімділік 
дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек 
басында  баланстың  өтімділігі  жағынан  төмен  бөлімдері  мен 
бабтары  жазылады,  содан  кейін  өтімділігінің  өсу  деңгейіне 
байланысты  жоғары  өтімді  активтер  жазылады.  Осы  принцип 
бойынша  активтің  қортынды  бабтары  ең  өтімді  айналым 
қаражаты  (ағымдағы  активтер)  болып  табылады  олар  қысқа 
мерзімді  қаржылық  салымдар,  кассадағы,  есеп  айырсу  және 
валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша 
қаражаттары. 
 Актив  дегеніміз  –  бұл  өткен  жағдайлардың  нәтижесінде 
кәсіпорынмен  бақыланатын  және  болашақта  кәсіпорынға 
экономикалық табыс әкелетін ресурс. 
Пассив  –  бұл  өткен  жағдайлардан  пайда  болған  кәсіпорын-
ның  ағымдағы  міндеттемесі.  Оны  өтеу  экономикалық  табыс  алу 
мен  байланысты  кәіспорын  ресурстарының  шығынына  әкеліп 
соқтырады.  
Капитал-  бұл  пассивтерді  активтерден  алып  тастағандағы 
кәсіпорының өзіндік қаражаты. 
Көрініп  отырғанымыздай,  бухгалтерлік  баланс  және  оның 
элементтері  туралы  бұл    анықтамалар  біздің  бухгалтерлік  есеп 
теориясы  бойынша  оқулықтармызда  берілген  анықтамалардан 
өте  ерекшеленеді.  ҚР-дағы  бухгалтерлік  есеп  туралы  заңды 
жасаушылар  негіз  ретінде  батыс  ғалымдарының  еңбегін  алып 
отыр.  «Қаржылық  есептің,  субъектінің  қаржылық  жағдайы 


 
129 
бағалауымен  байланысқан  негізгі  элементтері  –  активтер,  мен-
шіктік  капитал  және  субъектінің  міндеттемесі»  болып  табыла-
тынын  айта  келе,  олар  қаржылық  есептің  бұл  элементтеріне 
келесідей сипаттама береді. 
Активтер  –  бұл  құндық  бағасы  бар  кәсіпорынның  мүлкі, 
мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады. 
Міндеттеме  –  бұл  тұлғаның  белгілі  бір  әрекеті  басқа  бір 
тұлғаның  пайдасына  жасайтын  міндеті  –  мүлікті  беру,  жұмыс 
атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен 
бас  тарту,  ал  несие  берушінің  қарыз  адамнан  өзінің  міндетін 
орындауын талап етуге құқығы бар.  
Меншіктік  капитал  –  бұл  субъектінің  өз  міндеттемелерін 
шегеріп тастағаннан кейінгі активтері 
Сонымен, қаржылық  есептің негізгі элементтерінің анықтта-
масын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ 
деп айтуға болады.  
Баланс  бухгалтерлік  есептің  «Бухгалтерлік  баланс  және 
қаржылық  есеп  берудегі  негізгі  анықтаулар»  №2  стандартымен 
анықталады.  Ол  активтердің,  меншікті  капитал  және  міндетте-
мелердің  мәнін  анықтады,  сондай-ақ  қаржылық  есеп  беруде 
анықтауға  жататын  ақпараттарға  деген  талаптардан  тұрады. 
Баланста  ұзақ  мерзімді  және  ағымдағы  міндеттемелердің 
жиынтық  сомасы  анықталады.  Баланста  ағымдағы  активтер  мен 
міндеттемелерді  және  олардың  жиынтық  сомасын  анықтау, 
қаржылық  есепті  пайдаланушыларды  кәсіпорынның  қаржылық 
жағдайын  бағалауда  және  дәлелді  басқарушылық  шешімдер 
қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді. 
БЕС-2  және  қаржылық  есепті  жасаудың  әдістемелік 
нұсқаулары  негізінде  құрастырылған  бухгалтерлік  баланс 
көлденең түрде төменде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет