М. А. Молдашева



Pdf көрінісі
бет95/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105
Байланысты:
Молдашева

Дебиторлық  борыш  -  басқа  заңды  және  жеке  тұлғалардың 
кәсіпорынға  қарызы  немесе  кәсіпорынның  басқа  компанияның  ақша 
құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес 
активтеріне қойылатын талабы болып табылады. 
Дебитор  -  дебиторлық  борышы  бар  кәсіпорындар,  ұйымдар, 
мекемелер мен жеке тұлғалар. 
Есеп  саясаты  -  бұл  бухгалтерлік  есепке  алу  және  есептемесін 
ашу  үшін  олардың  қағидаттары  мен  негіздеріне  сәйкес  субъектінің 
басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы. 
Есеп айырысу - ақшалай міндеттемелердің атқарылуы. 
Жал - келісім-шартқа сәйкес, белгілі бір төлемге мүлікті уақытша 
пайдалануға  беру.  Мүлкін  уақытша  пайдалануға  беруші  жақ  жалға 
беруші деп аталады, ал алушы жақ жалгер деп аталады. 


 
144 
Жалақыдан  ұстау  -  әкімшіліктің  өкімімен  немесе  фирманың 
«Еңбекке ақы төлеу туралы ережесінде» бекітілген жағдайларда ұстау. 
Залал  -  субъектінің  қаржы-өндірістік  қызметі  барысында 
экономикалық пайданың азаюына апарып соқтырған шығысы (қаржы, 
материалдық шығысы)  
 Күмәнді талаптар - келісім шартта көрсетілген мерзімде немесе 
төлеу  мерзімі  бекітілмеген  жағдайда  қажетті  қалыпты  уақытта 
өтелмеген дебиторлық борыш. 
Капитал - бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан 
кейінгі оның активтері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет