ГЛОССАРИЙ (терминдер түсінігі) Активтер - бұл субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі немесе
болашақ пайда. Бұл өткен кезеңнің бақылау қорытындысы бойынша
болашақта экономикалық табыс әкелетін немесе ұйымның меншіктік
ресурсы.
Аванс - алдағы кезең шығыстары мен төлемдеріне берілетін ақша
қаражаты, сонымен бірге айдың бірінші жартысында төленетін еңбек
ақының бір бөлігі.
Аванстық есеп - есеп беруге тиісті тұлға құрып ұсынатын типтік
нысандағы құжат.
Ажур - аналитикалық және синтетикалық есептің, қоймадағы
және бухгалтериядағы есеп мәліметтерінің, Бас кітапта шығарылған
синтетикалық есеп шоттарының қалдықтары және айналымдары мен
баланстық қалдықтың сәйкес келуі.
Активті шоттар - кәсіпорынның активтері есепке алынатын
бухгалтерлік есеп шоттары. Олар құралдар мен мүліктердің жай-
күйін, құрамын және орналасуын бейнелейді. Активті шоттарда
құралдардың көбеюі дебетке, азаюы кредитке жазылады. Тек дебеттік
қалдық болады және баланстың активінде көрініс табады.
Акт - бухгалтерлік есепте қолданылатын акт; шаруашылық
операцияны жүргізуге жауапты тұлғалар немесе арнайы комиссия
құрады
Акцепт - ақша, тауар немесе есеп айырысу құжаттарын төлеуге
келісім немесе кепілдік беру.
Акциздер- тауар бағасына қосылатын және сатып алушы
төлейтін жанама салық түрі Акция - иегеріне осы қоғамның табысының бір бөлігін
(дивиденд) алуға құқық беретін бағалы қағаз