Бухгалтерлік есеп шоттары - шаруашылық операциялар жөнін-
дегі көрсеткіштеді жіктемелеу, топтастыру және тіркеу белгілері
бойынша көрсету тәсілі.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары - кәсіпорында жүргі-
зілген барлық шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштерді
жалпылайтын және тіркеу үшін қолданылатын, бухгалтерлік есеп
шоттарының кодтық жүйесі және реттелген классификатор.
Валюта – белгілі бір елдің (ұлттық валюта) немесе шет мемле-
кеттің (шетел валютасы).
Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігінде немесе
халықаралық валюталық бірліктерде көрініс тапқан бір елдің ақша
бірлігінің бағасы.
Вексель – иегеріне мерзімі өткеннен кейін борышкерден
көрсетілген ақша сомасын талап ету құқығын беретін құнды қағаз
түріндегі бектілген нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме. Дебет – шаруашылық операциясын екі жақты жазу әдісі арқылы
тіркеу үшін қажетті бухгалтерлік есеп шотының сол жағы. Активті
шоттарда – шоттың ұлғаюын, ал пассивті шоттарда шоттың кемуін
білдіреді.