М. А. Молдашева


 БУХГАЛТЕРЛІК ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПКЕ



Pdf көрінісі
бет86/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Байланысты:
Молдашева

11.3. БУХГАЛТЕРЛІК ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПКЕ  
ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР 
Бухгалтерлік  есеп  принциптеріне  сәйкес  кез  келген 
кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  бухгалтерлік  қорытынды  есебі 
мынадай  негізгі  талаптарға  жауап  беру  керек:  сенімділікке, 
тұтастыққа,  тізбектілікке,  салыстырымдылыққа,  есепті  кезеңге 
және рәсімделуге. 
Сенімділік  дегеніміз  бұл  бухгалтерлік  қорытынды  есептің 
сенімді  және  толық  түрде  кәсіпорынның  мүліктік  немесе 
қаржылық  жағдайын  таныстыратын  шаруашылық  қызметтегі 
қаржылық  нәтижелері  болып  табылады.  Сенімді  бухгалтерлік 
қорытынды  есеп  Қазақстан  Республикасы  бухгалтерлік  есебі 
стандарттарына,  сондай-ақ  белгіленген  нормативті  актілермен 
ережелерге сәйкес жасалады. 
Тұтастылық  дегеніміз  ұйымның  бухгалтерлік  қорытынды 
есебінде  осы  кәсіпорындағы  орындалған  барлық  шаруашылық 
операциялардың  міндетті  түрде  қамтылып  көрсетілуі  болып 
табылады. 
Тізбектілік  дегеніміз  кәсіпорынның  бір  есепті  кезезінен 
екінші  есепті  кезеңіне  дейінгі  орындалған  операциялардың 
күнделікті тіркеліп отыруы. 
Салыстырымдылық бұл бухгалтерлік қорытынды есептің бір 
кезеңдегі  мәліметінің  екінші  есепті  кезеңнің  мәліметімен 
салыстырылып көрсетілуі болып табылады. 
Белгіленген  заңға  сәйкес  есеп  беру  кезеңі  барлық  ұйымдар 
үшін  1  қаңтардан  31  желтоқсанға  дейінгі  аралық  болып 
бекітілген. 
Бірінші қорытынды есеп жылы болып кәсіпорынның жаңадан 
құрылған  күнінен  бастап  немесе  ұйымның  қайта  ұйымдас-
тырылған  уақытынан,  яғни  тіркелуінен  басталып  сол  жылдың            
31 желтоқсанына дейінгі уақыт аралығы саналады. 
Егер  ол  кәсіпорын  тіркеуден  1  қазан  мен  (1  қазан  кіреді)             
31  желтоқсан  аралығында  өткен  жағдайда,  ол  кәсіпорынның 
алғашқы  есеп  беру  уақыты  келесі  жылдан  басталады.  Ұйымның 
тіркеуден  өткенге  дейінгі  операциялары  бойынша  шығындары 
алғашқы жасалатын бухгалтерлік қорытынды есепке қосылады. 
 
 
 


 
127 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет