9.6. КӘСІПОРЫНДАР МҮЛКІНІҢ САЛЫҒЫ Мүлік салығы Қазақстан Республикасының "Салық және
бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" 2001жылғы
12 маусымдағы №209 - II кодекcі бойынша ұсталады және қолда
бар мүлікті тиімдірек пайдалануды ынталандыруға шақырады.
Негізгі құралдар - құны 40 айлық есептік көрсеткіштерден
жоғары қызмет мерзімі бір жылдан астам активтер болып
саналады.
Мүлік салығы үшін салық кезеңі болып бір қаржылық жыл
есептеледі. Салық төлемдері әр тоқсан сайын есептеліп төленеді,
ал жыл соңында қажет болған кезде қайта есептеу жүргізіледі.
Салықтың
төленуі
есептер
бойынша
бір
жылдық
бухгалтерлік есеп үшін белгіленген күннен бастап 10 күндік
мерзім ішінде төленеді.
Кәсіпорынның мүлкіне салық мөлшерлемесінің шекті
мөлшері негізгі құралдардың қалдық құнының 1%- ынан аспауы
тиіс. Салық төлемінің сомасын есептеу кезінде мүліктің құны
орташа жылдық есебі бойынша алынады.
Мүлік салығы № 3180 "Мүлік салығы" пассивті баланстық
шотында бейнеленеді.