М. А. Молдашева



Pdf көрінісі
бет69/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105
Байланысты:
Молдашева

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
IX тарау 
ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕ ЕСЕБІ. САЛЫҚТАР. 
 


 
102 
 
9.1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ 
НӘТИЖЕСІН ЕСЕПТЕУ. БАЛАНСТЫҚ ТАБЫСТЫҢ  
(ПАЙДАНЫҢ) ҚҰРАМЫ 
Кәсіпорын қызметінің қаржылық  нәтижесі олардың кірістері 
мен  шығыстарының  айырмасынан  құралады.  Олар  жылдың 
соңында жабылатын №5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» 
жинақтаушы шотында бейнеленеді. 
Кәсіпорындар  ай  сайын  кіріс  пен  шығыс  жақтарын  салыс-
тыру  жолымен  жиынтық  кірістің  (залалдың)  мөлшерін  анықтап, 
сол мәліметтер бойынша салық инспекциясына декларацияларды 
тоқсан сайын беріп тұрады. 
Кірістің  (пайданың)  негізгі  бөлігі,  бұл  -  әдеттегіше,  өнім 
(жұмыстар,  қызметтер)  өткізуден  түскен  кіріс.  Ол  №60  «Өнім-
дерді  сатудан  және  қызмет  көрсетуден  алынатын  кіріс» 
бөлімшесінің  шоттары  мен  №70  «Өткізілген  өнімнің  және 
көрсетілген  қызметтердің  өзіндік  құны»  бөлімшесінің  шоттарын 
салыстыру жолымен есептеледі. 
Кірістің  негізгі  емес  қызметінен  түскен  басқа  бөлігі  №62 
«Басқа  кірістер»  бөлімшесі  шоттарының  нәтижелері  мен  №74 
«Басқа  да  шығыстар»  бөлімшесінің  шоттарымен  салыстыру 
жолымен есептеледі. 
Кірістердің  үшінші  құрамдас  бөлігі,  бұл  –  басқа  кәсіпорын-
дардың  қызметінде  үлес  арқылы  қатысудан,  кәсіпорынның 
меншігіндегі  акциялар,  облигациялар  мен  басқа  да  бағалы 
қағаздар  бойынша  дивиденттер,  өндірілген  айыппұлдар,  орны 
толтырылған  залалдар  және  т.б.  Олар  айыппұлдар,  өсідер  мен 
айып төлеу бойынша шығыстардың сомасынан кемітіледі.  Одан 
соң,  олар  өткізуден  түскен  кірістерге  қосылады  немесе  олардан 
шегерілетін өткізуден түскен кірістерге қосылады немесе олардан 
шегерілетін өткізуден тыс нәтиже пайда болады. 
Бұл  операциялардың  нәтижесінде  баланстық  кіріс  (пайда), 
яғни баланста көрсетілген кіріс есептеледі. Онда ол толық түрде: 
Баланстық  активінде  –  залалдар,  ал  пассивінде  кіріс  (пайда) 
ретінде  жазылады.  Баланстық  (жиынтық)  пайдадан  салықтар 
шегеріледі  (олар  келесі  бөлімдерде  көрсетілген).  Бұл  бөлімдерді 
оқып, білу кезінде кейбір салықтар жиынтық кірістен (пайдадан) 
төленетініне,  ал  басқалары  өндірілетін  өнімнің  өзіндік  құнына 
апарылатынына назар аудару керек.  


 
103 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет