М. А. Молдашева



Pdf көрінісі
бет61/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105
Байланысты:
Молдашева

7.2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЕСЕБІ 
Орындалған  жұмыс  уақытының  көрсеткіші,  жұмысшылар-
дың  еңбекақысын  жұмыс  істеген  уақытына  қарай  есептеуге, 
өнімділікті есептеуге, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы ста-
тистикалық  көрсеткіштерді  алуға,  жұмыс  күнінің  балансын 
жасауға  қолданады.  Жұмыс  істелген  уақыт  есебі  жұмысшылар 
мен қызметкерлердің санаттары бойынша табельде реттік номері 


 
88 
санына қарай жүргізіледі. Жалпы табелдер жұмыс істеген  уақы-
ты бойынша қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған. 
Табельде  жұмысшылардың  жұмыс  істеген  уақыты,  жұмысқа 
келмегені,  жұмыстың  тоқтап  қалғанына  байланысты  шартты 
белгілерді қою арқылы толтырылады.  
ҚР  еңбек  заңдарына  сәйкес  жұмысшылар  мен  қызметкер-
лердің мынадай жұмыспен өтелген уақыттары төленеді: 
1.  Мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттемелерді  орындау 
уақыты. 
2.  Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу. 
3.  Нәрестені  тамақтандыруға  арналған  қосымша  үзілістерді 
төлеу. 
4.  Кезекті және оку демалыстарының уақытын төлеу. 
5.  Пайдаланбаған демалыс үшін өтемақы.  
6.  Жұмыстан босаған кездегі шығу жәрдемақысы. 
Жұмыспен өтелген уақыт орташа жалақы бойынша төленеді. 
Ұйымдардың  қызметкерлеріне  орташа  жалақыны  есептеудің 
тәртібі  туралы  Нұсқаулыққа  сәйкес  ұйымдардың  қызметкер-
леріне  орташа  жалақы  есептеу  үшін  төлемдердің  алдындағы             
12 күнтізбелік ай есептік кезең болып табылады (бір жылдан кем 
уақыт жұмыс жасаған  қызметкерлер үшін орташа  жалақы нақты 
жұмыспен  өтелген  уақыт  үшін  белгіленеді).  Орташа  жалақыны 
анықтау үшін: 
1.  Күндік  орташа  жалақыны  (жұмыс  істелмейтін  және 
мереке күндерін қоспағанда). 
2.  Орташа сағаттық жалақы пайдаланылады.       
Күндік орташа жалақы, еңбекке ақы төлеумен демалыс үшін 
өтемақы  төлеуден  басқа  барлық  жағдайда  есепті  кезеңде 
есептелген  жалақы  сомасын  жұмыс  күндерінің  сомасына  бөлу 
жолымен  анықталады.  Нақты  жұмысшының  орташа  жалақы-
сының  мөлшері  күндік  орташа  жалақыны  төлеуге  тиіс  күндер 
сомасына көбейту жолымен анықтайды. 
Күндік  орташа  есепті  кезеңде  есептелген  жалақы  сомасын 
жыл сайынғы жұмыс уақытының баланысына сәйкес осы кезеңгі 
жұмыс  сағаттарына  бөлу  жолымен  есептеледі.  Нақты  қызмет-
кердің  орташа  жалақысының  мөлшері  орташа  сағаттық 
жалақыны  төлеуге  тиіс  кезеңдегі  жұмыс  сағатының  санына 
көбейту жолымен анықталады. 
 Егер: 


 
89 
1.  Қызметкердің  орташа  жалақысы  төленсе  немесе  сақталса 
(ҚР заңдарына сәйкес). 
2.  Қызметкер  мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру  бойынша 
жәрдемақы  алса  (жүктілігі  мен  босануы  бойынша  еңбекке 
уақытша  жарамсыздық)  және  басқадай  болса  орташа  жалақыны 
есептеуге  арналған  есептік  кезеңнен  уақыт,  сондай-ақ  төленген 
сомалар алынып тасталады. 
Ынталандырушы  сипатты  сыйақылар  мен  басқа  төлемдер 
есептеу  уақыты  бойынша  орташа  жалақыны  есептеген  кезде 
қосады,  ал  жылдық  сыйақылар  мен  сыйлықтар  есепті  кезеңнің 
әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі. 
1. Мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттемелерді  орындау 
уақыты.  Төлем  орташа  сағаттық  немесе  орташа  күндік  жалақы 
бойынша  қызметкер  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  міндеттеме-
лерді  орындаған  мекеменің  табелінің,  анықтамасының  немесе 
хабарландырушының негізінде жүргізіледі. 
2. Жасөспірімдердің  жеңілдік  сағаттары.  5  күнддік  жұмыс 
күнінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 
7  сағат  12  минуттан  аспау  керек  (16-дан18  жасқа  дейін  – 
аптасына 36 сағат, 15-тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). 
3.  Нәрестені  тамақтандыруға  арналған  үзіліс.  Мұның  өзі 
медицина  мекемесі  емізетін  аналар  мен  1  дейінгі  балары 
әйелдерге  берген  анықтамалармен  ресімделеді.  Демалыс  пен 
тамақтануға  берілетін  жалпы  үзілістен  басқа  әрбір  үш  сағат 
сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша 
үзілістер  беріледі.  Бұл  үзілістер  орташа  сағаттық  жалақы 
бойынша төленеді. 
4.  Демалыс  уақытын  төлеу.  Еңбек  заңдарына  сәйкес  жұмыс 
жылына  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  жылына  бір  рет 
демалыс  беріледі.  Демалыс  алу  құқығы  сол  кәсіпорында  11  ай 
үздіксіз  жұмыс  істегеннен  туындайды.  Демалыстың  ұзақтығын 
шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. 
Демалыс  бұйрықпен  немесе  демалыс  беру  туралы  жазбамен 
ресімделеді  де,  онда  оның  қандай  мерзімге  берілетіндігі  мен 
ұзақтылығы  көрсетіледі.  Демалысты  толеуге  және  пайдала-
нылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге күндік орташа жалақы 
демалысқа  кетер  алдындағы  12  күнтізбелік  айдың  жалақысына 
орай анықталады  


 
90 
Егер  бір  жылдан  кем  жұмыс  істесе,  онда  демалысқа  кетер 
алдындағы  күнтізбелік  айлардың  жалақысына  орай  анықталады. 
Күндік  орташа  жалақы  есепті  кезеңдегі  жалақы  сомасын  жұмыс 
уақытының  жыл  сайынғы  баланысындағы  жұмыс  күндерінің 
айлық орташа санына бөлу жолымен есептеліп шығарылады. 
Демалыс уақытындағы жалақы күндік орташа жалақыны де-
малыс күндерінің санына көбейту жолымен алынған сомаға тең. 
6. Еңбекке  уақытша  жарамсыздық  бойынша  жәрдемақыны 
есептеу.  ҚР  Еңбек  туралы  заңына  сәйкес  еңбекке  уақытша 
жарамсыз  болған  жағдайда  қызметкерлерге  уақытша  жұмысқа 
жарамсыздық  парағы  негізінде  мекеменің  қаражаттары  есебінен 
еңбекке  уақытша  жарамсыздығы  бойынша  әлеуметтік  жәрдем 
ақы тағайындалады. Еңбекке уақытша жарамсыз күндері бойын-
ша әлеуметтік жәрдем ақы негізгі жұмыс орны бойынша еңбекке 
жарамсыздықтың бірінші күнінен еңбекке жарамды күніне дейін 
немесе  медициналық-әлеуметтік  эксперттік  комиссияның  мүге-
дектік  белгілеуіне  дейін  төленеді.  Еңбекке  уақытша  жарамсыз 
күндері  бойынша  жәрдем  ақы  орташа  айлық  еңбек  ақыдан 
есептеледі,  бірақ  еңбекке  уақытша  жарамсыз  күндері  бойынша 
айлық  жәрдемақы  мөлшері  айлық  есептеу  көрсеткішінен 
белгіленген шамадан аспауы керек. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет