М. А. Молдашева


АЛДАҒЫ КЕЗЕҢ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ



Pdf көрінісі
бет53/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105
Байланысты:
Молдашева

6.5. АЛДАҒЫ КЕЗЕҢ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 
Алдағы  кезең  шығындары  деп  есеп  беретін  кезеңде  шыға-
рылған,  бірақ  келесі  есеп  беретін  кезеңнің  шығындарына 
жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар: 
- алдын  ала  (мерзімінен  бұрын)  төленген  сақтандыру 
полисінің сомасы; 
- келесі  кезеңдерге  жазылған  газет,  журнал  және  басқа  да 
ақпарат құралдарының құны; 
- маусыммен  жұмыс  істейтін  өндірістердің  маусымдық 
шығындары және тағы да басқалар. 
Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа 
өндірісті  дайындау  және  меңгеруге  байланысты  шығындар,  кен 
өндіруші  өнеркәсіпті  пайдалануға  дайындау  жұмыстарының 
шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады. 
«Сақтандыру  полисі»  шотында  төленген  сақтандыру 
полисінің сомасы есептеледі. 
Сақтандыру  полисін  алу  үшін  есеп  айырысу  шотынан 
төленген сомаға: 
Дт: 1620 «Сақтандыру полисі» шоты; 


 
78 
Кт:  1030«Есеп  айырысу»  шоты  түріндегі  бухгалтерлік  жазу 
жазылады. 
Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасын 
есеп беретін уақытта мына түрдегі екі жақты жазу жазылады: 
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»; 
7210  «Жалпы  және  әкімшілік  шығындары»;  8410  «Үстеме 
шығындар» шоттарының тиістілері; 
Кт: 3210 «Сақтандыру полисі» шоты, «Жал төлемі» шот алдағы 
кезеңдер үшін төленген жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. 
 Аталған  шотқа  байланысты  төмендегідей  бухгалтерлік 
жазулар жазылады: 
Алдағы кезеңдер үшін төлем төленген жағдайда: 
Дт: 1620 «Жал төлемі» шоты; 
Кт:  1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  ақша  қаражаты» 
шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы. 
Ал  есепті  кезеңге  жатқызылатын  жал  төлемі  есептен 
шығарылған уақытта: 
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»; 
7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»; 
8410  «Үстеме  шығындар»  және  тағы  да  басқа  шоттардың 
тиістілері; 
Кт: 1620 «Жал төлемі» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы. 
«Басқадай  алдағы  кезең  шығындары»  шоты  «Сақтандыру 
полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен 
басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу 
үшін арналған. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет