71
рын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер
қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық
операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулар-
дың жиынтығын анықтау үшін керек.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында ұйымның
бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын
барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары
қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас
бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтас-
тырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспон-
денциясын жүргізуге міндетті.
Дебиторлық борыштар шоттарында есептелетін сомалардың
дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу
жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонден-
цияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы
басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен
дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық
борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып
табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе
жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан
сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен
қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық
және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың
сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
"Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы".
"Күдікті қарыздар бойынша резервтер".
"Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы".
"Басқадай дебиторлық борыш".
"Алдағы кезең шығындары".
"Берілген аванстар".
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар
мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алажақ
сомалары дебиторлық борыш болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: