32
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен
техниканың қазіргі даму талаптарына сәйкес келмеу нәтиже-
сіндегі процесті білдіреді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтар
мен жабдықтардың жаңаруы;
2. Технологиялық процестің жетілуі;
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен
өзгеруі;
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың
санын азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар
сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамты-
луындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жаб-
дықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының
жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру
қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс
көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың
нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал
объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады.
Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін
қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам
құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан,
фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып
табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың
барлығы моральды тозуға бейім.
Достарыңызбен бөлісу: