25
сыйға, яғни тегін беруі, сонымен қатар жоғары үкімет
орындарының беруі т.б жағдайлар арқылы келіп түседі.
Келіп түскен негізгі құралдарға НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру
актісін толтырады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар
үшін комиссия оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады.
Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.
Онда:
- объектінің аты;
- объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- біткен уақыты;
- амортизациялық аударым мөлшері;
- бастапқы құны; басқа да шартты белгілері көрсетілуі тиіс.
Салынып біткен ірі объектілерге ұйымның бас механикалық
бөлім төлқұжат толтырады. Төлқұжатта пайдалануға берілген
уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық
өзгешелігі, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі тб мәліметтер)
жазылады.
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі
кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен
бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі.
Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу
карточкаларын және негізгі құралдарды есептейтін кітапша-
лардың тиістілерін толтырып, тиісті бөлімдерге табыс етеді.
Актіні ұйым басшысы бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: