Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр.
еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік
сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады.
Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа
кӛзқарасы олардың педагогикалық ӛміріндегі қосымша оң ӛзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы
білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты
білімді, ӛмір сүруге бейім ӛзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны
Оқыту — мұғалімдердің студенттерге жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін
студенттердің ӛздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, ӛз кезегінде, ӛзінің
сабақ беруіне емес, студенттердің оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы орайда студенттер
42
арасында ӛзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, студенттердің сенімсіздіктерін
жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.
Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сӛздеріне қарап
емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни студенттерына қарай бағалау керек» деп,
айтқандай, бала жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі ӛзекті мәселелердің бірі.
Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын ӛлшемдер, атап айтқанда, студенттер
жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, студенттердің оқу-
танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған,
білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен студенттердің оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін
не істеу керектігін түсінуге кӛмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай
бағалауға не әкелгенін және бағалау ӛлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға ӛзінің
нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалауды
Достарыңызбен бөлісу: