Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


ГЕОГРАФИЯНЫ ПӘНІН ЖЕТІ МОДУЛЬ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет32/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

ГЕОГРАФИЯНЫ ПӘНІН ЖЕТІ МОДУЛЬ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ 

География-биология пәні мҧғалімдері 

Сатжанова Гайни Избасаровна 

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Кежебай-Самай елді мекені 

«Кежебай-Самай НОМ» КММ 

Несипбекова Сандухаш Дауылбаевна 

Қарағанды қаласы «№ 134 НМ» КММ 

Әр  мұғалімнің  алдындағы  мақсаты,ең  қасиетті  міндеті-рухани  бай,  жан-жақты  дамыған 

дарынды  тұлға  қалыптастыру  және  ӛз  пәнінен  білім  беріп  қана  қоймай,  әр  баланың  мүмкіндігін 

ашу,оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Міне,біз бүгінгі таңда «Білім берудегіКембридж тәсілдерінің 

теориялық  негіздері»  осы  жоғарыда  айтылған  ұстанымды  ұстаймыз  Яғни,мұндағы  бала  ӛзі  ізденуші, 

бір-біріне  үйретуші,  ал  мұғалім  бағыт  беруші,  нұсқаушы.  Бұл  тәсілдің  басқа  технологиялардан 

ерекшелігі  жеті  модуль  арқылы  іске  асады.  Әйгілі  зерттеушіЛ.С.Выготскийдің  «Дәстүрлі  оқыту-бала 

дамуына  тек  қондырғы  болып,дамуға  стихиялы  әсер  етсе,яғни,  «дамудың  соңында  жүрсе»,жаңаша 

оқыту-«дамытуды ӛзімен бірге ала жүреді»-деген болатын.Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп 

қалмай,мұғалім әрқашан ізденісте болып,ӛзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы 

тиіс.  «Сабақ-оқытушының  педагогикалық  мәдениетінің  айнасы»,деп  А.Сухомлинский  айтқандай,осы 

жеті модульдің ішінде ӛзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, 

білімін  жетілдірері  қайсы  екен  деп  кӛп  ойлағанымыз  рас.  Саралай  келе  әр  сабақта  бірнеше  модульді 

бірден қолдануға болатынын анықтадық 

География  пәнін  оқушыларға  оқытып  үйретуде  мұғалім  үнемі  ӛзінің  ой  -  ӛрісін  кеңейтуге, 

біліміне  білім  қосуға  тиіс  және  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгеруі  қажет.  Мектеп 

оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде белгілі ғалым 

Сократтың  оқыту  үрдісіне  кӛңіл  бӛлемін.  Оқу  сапасын  арттыру  үшін  күнделікті  сабақта  жаңа 

технологияларды пайдаланамық. 

Осы негізде география пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану 

тиімді деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау 



38 

 

дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, ӛзінің іс – әрекетіне сын тұрғысынан қарауын 



жетілдіру  деген  сӛз.  «Сыни  тұрғыдан  ойлау»  жобасының  стратегияларын  пайдалану  ӛз  сабақтарымда 

тиімділігі сол, оқушылар бұдан ӛздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді Ӛз еңбектері арқылы 

ой елегінен ӛткізе отырып, алады. 

Мысалы, 8 – сынып «Табиғат зоналары» 

1. Қызығушылығын ояту: 

Білім турнирі /сұрақ - жауап/ 

1. Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зонасы?/ орманды дала / 

2. Дала зонасының топырағы?/ қара және қызыл қоңыр/ 

3. Егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылатын табиғат зонасы? /шӛлейт/ 

4. Үстірт, Бетпақдала, Сырдария ӛзендерінің оңтүстік жағалауында орналасқан сазды зона?/шӛл/ 

2. «Кім тез» ойыны. Сӛзжұмбақ шешу. 

3. А/ Географиялық диктант 

1. Ӛзендері түгелдей дерлік......... суымен толығады...........,............,............. ӛзендерінің суы халықтың 

тұрмыс қажеті үшін ғана емес, ӛнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады. 

2. Қазақстандағы............... дала топырағының............................. жазығындағы............... дала топырағынан 

айырмасы -........................ сортаң болып келеді. 

3. Дала зонасының ӛзендерінің деңгейі................ 

Зонаны..............,............,..............,...............,..................,................,..................,............... және бірнеше шағын 

ӛзендер кесіп ӛтеді. 

4. Шӛлейтте......... және............... шаруашылығы басым дамыған. Ойдым - ойдым суармалы 

жерлерде..................,.................... ӛсіріледі. 

Әрбір сабақтың қалай ӛткенін мұғалім кері байланыс арқылы білуге болады. 

6. Кері байланыс 

1. Мен бүгін істей алдым 

2. Маған қ и ы н болды 

3. Мені таң қалдырды 

4. Қызықты болды 

5. Мен енді істей аламын 

Кӛптеген сыныптарда тақырыптар мазмұнына сәйкес білім бекіту мақсатында мынадай кестені 

толтыруға болады: 

Не білеміз? Не білгім келеді? Не білдім? 

Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасы  мынадай  үш  құрылымнан  тұрады:  Қызығушылығын  ояту; 

Мағынаны тану; Ой толғаныс. 

Оқушының дербес ойлауын дамыту үшін география сабағындағы бұл технологияның тиімділігі 

бұрынғы  білім  мен  жаңа  ұғым  ұштастырылады.  Ал  соңғы  кезеңде  оқушы  ӛз  шығармашылығынан 

қабілетін  таныта  алады. Мұнда  оқушыға  ойланып  толғануға  уақыт  берілуі  керек,  ойын  айтуға  оқушы 

шығармашылығын  қалыптастыратынын  атап  ӛту  керек.  «Қызығушылығын  ояту»  кезеңінде  алдыңғы 

ӛткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын ӛткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, 

жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға 

болады.  Сабақтың  қай  құрылымында  болмасын  осындай  стратегияларды  қолданғанда  «Мен  не 

үйретемін?», және  «Оқушы үйреніп шығады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны 

тану»  кезеңінде  оқушыларды  топқа  бӛлу  арқылы  сұрақтар  дайындап  оны  «Куббизм»  стратегиясы 

арқылы 

жүзеге 


басыруға 

болады.Бұл 

стратегияда 

геометриялық 

фигура 

кубик 


пайдаланылады.Тақырыпқа  байланысты  кубиктің  алты  қабырғасына  тапсырма  жазылады,әр  топтың 

алдына жеке-жеке тастап топқа қандай тапсырма берілетінін айқындайды.Мысалы:1География ғылымы 

нені  зерттейді?  2.География  ғылымын  алғаш  рет  қашан,қай  ғалым  енгізді?  Бұл  технологияның  келесі 

бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен 

мен  айырмашылығын  кӛрсетуге  болады.  Осы  кезеңде  пікір  -  сайыс  немесе  «5  минуттық  эссе» 



39 

 

жаздыруға  болады.  Мұндағы  мақсат  оқушылардың  ӛзіндік  кӛзқарасын  қалыптастыру.  Эссе  жазғанда 



сабаққа  қабілеті  тӛмен  деген  оқушылардың  5  -  6  сӛйлемнен  тұратын  ойын  жазса,  соның  ӛзінде 

оқушыны  сабаққа  тарта  білгеніміз.INSERT-түртіп  алу  жүйесі.Тексті  түсіну  үшін  қажет  бірден-бір 

құрал.INSERT оқушыларға ӛзі оқыған әңгімені түсінгенін тексеруге,ӛз ойын айтуға басшылық етеді.Бұл 

стратегия  ойлау  мен  үйренуге  бағытталған  екінші  кезеңі  мағынаны  тани  білу  сатысында 

қолданылады.Бұл кезеңде оқушы ӛз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасауы керек. 

INSERT кестесі 

                   Мен үшін түсінікті 

      V 


                   Мен үшін түсініксіз 

      - 


                   Жаңа ақпарат 

      + 


                   Мені жұмбақтандырады? 

      ? 


 

5  жолды  ӛлең  стратегиясы.Ой  толғаныс  кезінде  қоданылады.Ақпартты  түйіндеп  айту,терең 

ойды,сезімді  қысқа  сӛзбен  қамту  маңызды  ӛнер.Бұл  іс-әрекет  тақырып  туралы  толғаныстан  терең,бай 

түсініктің  негізінде  болуын  талап  етеді.Бұл  ақпаратты  синтездейтін  және  материалды  қысқа  ғана 

түсіндіретін  немесе  тақырыпты  толғандыратын  5  жолдан  тұратын  ӛлең.Ӛлеңді  жазудың  негізі 

шарттарын  айтып,оқушыға  бұл  тапсырманыорындауына  5-7  минуттай  уақыт  беріледі.Жұптасып 

әрқайсысы жазғанын сӛйлеп түсіндіруге,дәлелдеуге себепші болады және тақырыпты сын тұрғысынан 

қарап шолуға мүмкіндік береді.5 жолды ӛлеңнің жазылу шарты: 

   1.Бірінші жол тақырыпты суреттейтін бір ғана сӛзден тұруы керек.(зат есім) 

   2.Екінші жол тақырыпты суреттейтін екі сӛзден тұрады.(сын есім) 

   3.Тақырыптың іс-әрекетін кӛсететін үш сӛзден тұруы керек.(етістік) 

   4.Тӛртінші жол тақырыпқа деген қатысты білдіретін 4сӛз тіркесі болуы керек. 

   5.Соңғы жол тақырыптың мәнін кӛрсететін бір синоним. 

 Мысалы: 

  1-жол.Табиғат 

  2-жол.Кӛркемсің,әсемсің 

  3-жол.Ӛзгереді,құбылады,құлпырады 

  4-жол.Табиған,қандай 

кӛркем, 

әсемсің 


  5-жол.Тіршілік. 

Сынып  оқушыларын  бағалау  барысында  оқушылардың  білімін  тексеру  оңай  жұмыс  емес.Пәнге  деген 

қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылған бағалаудың түрлері: 

  1.Ӛзін-ӛзі бағалау. 

  2.Жұптық бағалау. 

  3.Топтық бағалау. 

Сонымен қатар, мұғалім тарапынан да оқушы жіті бақыланып, күнделікті формативті бағалауы 

болады:  Үлестірмелер(фишка,  жетон,  смайлик,т.б.).  Критерий  арқылы  бағалау,  Эмоция  («жарайсыз», 

«жауабыңызға тәнтіміз», «шіркін-ай»,т.б.) арқылы бағалау. Оқушының ӛзін-ӛзі бағалауы дамып,оны тек 

сабақ  барысында  ғана  емес,кез-келген  ӛмірдегі болып  жатқан  қайшылықтарға  ӛзіндік  бағалау  жүргізе 

алатын  тұлға  қалыптасады.  Рефлекция  кезеңінде  оқушылар  алған  жаңа  ақпараттарды,жаңа  білімдерін 

реттейді,ӛз  пікірлерін  дәлелдеп  айтады.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту,  оқыту  әдістерін  жетілдіру 

оқушылар  мен  мұғалімдердің  ӛзара  қарым  -  қатынасын  жоғары  деңгейде  ұйымдастыру  секілді 

міндеттердің  қай  -  қайсысы  да  әрекетсіз  іске  аспайды.  Атап  айтқанда,сабақта  қолданылатын 

стратегиялар кӛмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған,шығармашылық ойлау қабілеті жоғары 

білімді жеке тұлға қалыптастыру.Жаңашыл  мұғалім болу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген білімді 

тапқыр болу керек. 

• 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет