Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»



Pdf көрінісі
бет2/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

УДК 37.0 

 

ББК 74.00 

 

 

ISBN 978-601-7579-37-1 

 

 

© Нагиев С.И., 2018 


 

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚАЗІРГІ 



ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы Академик О.А.Жаутыков атындағы 

ЖББ №1 қазақ орта мектебінің математика пәні мҧғалімі  

Мукашева Каракоз Аманбековна 

Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы Академик О.А.Жаутыков атындағы 

ЖББ №1 қазақ орта мектебінің математика пәні мҧғалімі  

Тургамбаева Дарига Шергалиевна 

 

Қазіргі  кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалынып,  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  бағыт  алуда.Бұл  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  ӛзгерістерге  байланысты  болып  отыр. 

Себебі,  білім  берудің  мазмұны  ӛзгеріп,  жаңа  кӛзқарас  ,  жаңаша  қарым-қатынас  пайда  болды.Сол 

себепте  Қазақстан  Республикасына  білім  беру  жүйесіндегі  жаңашаландыру  үрдісі  жүруде.  Жас 

ӛркеннің  жақсы  азамат,  білікті  тұлға  ретінде  қалыптасуы  мұғалімдердің  білімі  мен  кәсіби 

шеберлігіне,  мемлекет  пен  халық  алдындағы  азаматтық  парызына  деген  жауапкершілігіне  тікелей 

қатысты. 

Жеке  тұлғаның  танымдық  үрдістерін  дамытуда,  сондай-ақ,  білім,  білік,  дағдыны,  жалпы 

дүниетанымын  қалыптастыруда  оқыту  әдістерін,  жаңа  оқыту  технологияларын  оқыту  үрдісінде 

тиімді  пайдалана  білу  мұғалім  шеберлігіне  байланысты.Оқыту  әдістері  –  оқытушы  мен  тіл 

үйренушінің  оқу-  тәрбие  жұмысының  міндеттерін  ойдағыдай  шешуге  бағытталған  іс-  әрекеттері. 

«Инновациялық  технологиялар»  тіркесі  бүгінгі  күні  педагогикада,  оқу-  тәрбие  үрдісінде  ең  жиі 

қолданылатын ұғым болып отыр. 

Белгілі  ғалым  М.М.  Поташник:  «Инновация-  оқу  бағдарламасын  меңгертуде  мұғалімнің 

оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деп анықтама берген. 

Үздіксіз  дамып  жатқан  қоғамда  еліміздегі  білім  беру  саласында  әлемдік  жоғарғы  деңгейге  қол 

жеткізген  оқытудың  жаңаша  тәсілі  құрылды.  Кембридж  оқыту  тәсілі  негізінде  ұйымдастырылған 

мұғалімдердің  біліктілікті  арттыру  курсы  ӛткізілуде.  Осы  курсты  меңгеру  үшін,  ӛз  білімімді 

жетілдіруге, жаңаша әдіс – тәсілдерді үйренсем деген оймен ІІІ деңгей бағдарламасын оқуға жолдама 

алып,  оқып  үйреніп  келіп,  ӛз  іс-  тәжірбиемде  қолданудамын.  Кембридж  оқу  әдіс  –тәсілдерін  оқып 

үйренуде менің алдыма қойған мақсатым:қарқынды ӛзгеріп жатқан заманда мұғалімдердің үздіксіз 

кәсіби  дамуы,ӛзінің  кәсіби  шеберлігін  жетілдіруге  дайын  болуы,оқыту  үрдісінде  тың  идеялар 

мен  жаңаша  әдіс  –  тәсілдерді  қолдануы;  ӛз  әріптестерімнің  тәжірибесін  жетілдіруі,  тәлімгерлік 

үдерістерін іске асыру болып табылады. 

Заман  ағымына  қарай  курсты  ӛткен  әрбір  ұстаз  үнемі  ӛз  білімін  жетілдіруге,  іс-тәжірибесін 

ӛзгертуге, оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруға, сабақ үрдісінде оқушылардың іс  – әрекетін дұрыс 

ұйымдастыра білуге міндетті. 

Бұл біліктілікті арттыру курсында әлем мойындаған озық тәжірибе туралы мол мағлұмат алып, 

ӛз тәжірибеме ӛзгерістер енгізе отырып, жаңаша форматта орта мерзімді, қысқа мерзімді және ұзақ 

мерзімді  сабақтар  топтамасын  жоспарлаудан  бастадым.Ал,  қазіргі  сындарлы  оқытудың  мақсаты-

оқушының  терең  білімді  түсінуі,  оны  ӛзі  ізденіп  алуы,  алған  білімді  сыныптан  тыс  жерде  қолдана 

білуін талап етеді. 

Сабақ үрдісінде мұғалімнің басты рӛлі ол сыныпты ұйымдастыру, оқушыға бағыт-бағдар беріп, 

топтық жұмыстағы оқушылардың жеке қабілеттерін байқап, жеке мүмкіндіктерін ашу. 

Әрине бір сабақта 7 модульді ықпалдастыра отырып қолдану мүмкін емес, сондықтан бір 

сабақта кемінде үш – тӛртеуін кіріктіруге тырыстым. 

Оқытуды Кембридж тәсілі бойынша ұйымдастыруда 7 модульді басшылыққа ала отырып, АКТ 

қолдану болып табылады. Білім беруде АКТ-ны қолдану модулі бойынша баланың да және ӛзімнің де 

жоғары  деңгейде  АКТ-ны  пайдаланудың  тиімді  жақтарын  түсіндім,  себебі  ӛз  тәжірибемде  кӛбіне 

презентацияны кӛрсетуде, тек кӛрнекілік ретінде тақырыптың мазмұнын меңгеруде ӛзім таныстырып, 

балаға  қолдануға  мүмкіндік  беріп  отырамын.  Мысалы  үй  тапсырмасын  тексеруде  оқушыға 

қолжетімді болу үшін интерактивті тақтаға алдын ла дайындалған жауаптарды қолданам. Сабақтың 

басында тұсукесерге үнемі есептерді және мәртебелі сұрақтарды уақытты үнемдеу үшін интерактивті 

тақта  арқылы  дайындап  кӛрсетем.Мысалы  берілген  тапсырманы  тексеру  үшін  де  дұрыс  жауапты 

интерактивті  тақтада әзірлеп  дайындаймын.Бұл  ӛте  тиімді және  оқушыларға  да  тексеруге ыңғайлы. 




 

Сонымен  қатар  сабақта  зерттеуге  берілген  тапсырманы  оқушылар  сабақтың  үстінде  ғаламторға 



тікелей ену арқылы  зерттеген математик ғалымдар туралы мәліметтерді тез тауып, постерге түсіріп 

басқа топтарға ұсына білді және тағы бір мүмкін сандық фотоаппарт пен сандық видеоны пайдалану 

арқылы сабақтың одан әрі сапалы болуына септігін тигізді, Ӛйткені видео және фотоаппаратқа қарап 

отырып,  ӛзімізді  реттеуге,  сабақты  талдауға,  баланың  ӛз-ӛзін  реттеуге  кӛп  үлесі  тигізеді.  Ӛзімнің 

сабағымда  мен  флипчартпен  жұмысты  белсенді  пайдаланудамын.  Мысалы:  жай  бӛлшектерді  қосу, 

жай  бӛлшектерді  салыстыру,  жай  бӛлшектерді  салыстыруға  есеп  шығару  т.с.с.  тақырыптарға 

құрастырып пайдаландым. 

Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер:  жаңа  форматта  сабақ  ӛткізу  барысында  білім  беру  үрдісі 

нәтижелі  болу  үшін  оқушылардың  білімді  ӛз  бетімен  меңгертуде  мұғалім  бағыттаушы  ролінде 

болады.  Білімді  ӛз  бетімен  меңгеру  барысы  оқушының  «ӛзін-ӛзі  реттеу»  үрдісіне  жатады.  Ӛзін-ӛзі 

реттеу  арқылы  балада  түсіну,  қадағалау,  бақылау  қабілеттері  дамиды.  Бұл  қабілеттер  оқушыда 

метатану  үрдісі  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  модуль  бойынша  сабақ  бермей  тұрып,  ӛзін-ӛзі  реттеу 

алдымен  ӛзімде  жүрді,  яғни  алдымен  ӛзімді  психологиялық  тұрғыдан  реттей  отырып,  балаларды 

үйретем.  Жаңа  білімді  меңгеру  барысында  топтағы  жұптық  жұмыстарда  балалар  бір-бірінің 

пікірлерін тыңдау кезінде ӛздеріне және құрбыларына баға беру арқылы ӛз-ӛздерін реттей алғанына 

кӛздері  жетті.Топтық  оқыту  әдісін  қолдану  кезінде  оқушылардың  ӛзін-ӛзі  басқару,  ӛзін-ӛзі  бағалау 

топта  оқушылардың  білім  деңгейін,  ынтасын  кӛтереді,  бір-біріне  кӛмектесу,  бірінің  білмегенің  бірі 

толықтыру  арқылы  сенімділік  артып,  оқушының  тақырыпты  меңгерудегі  олқы  жерлерін  бақылап, 

мұғалім мен оқушылар арасында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатылады. 

Математика сабағындағы  топтық  жұмыстар  қолданылған  жекелеген жобаларда  толық  топтарға 

қарағанда,  шағын  топтағы  оқушылардың  шығармашылық  неғұрлым  тиімді  жұмыс  істегені 

байқалады.Себебі,  тығыз  ынтымақтастық  пен  қателіктер  сындарлы  әңгімелесу  жағдайында 

математика есептерін шешуде ӛздерін сенімді ұстайды. 

Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  стратегиясы  оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеруде  берілген 

ақпарат туралы ойлау, талдау, бағалауда алынған ақпаратты одан әрі жетілдіруге бағытталған пәндік 

шешім  болып  табылады.  Сыни  тұрғыдан  ойлауын  жетілдіру  барысында  сабақта  әр  түрлі  әдіс  –

тәсілдерді  қолданам:  жоғары  тӛмен  мәртебелі  сұрақтар,  Венн  диаграммасы,  ыстық  орындық, 

семантикалық  карта,  бесжолды  ӛлең.  Аталған  тапсырмаларды  орындау  кезінде  оқушылардың 

жауаптарын  талдай  отырып  ойларын  еркін,  ашық  жеткізетіндігін,  болжам  жасай  алатындығын, 

ұшқыр  ойлап  оны  дәлелдеуге  мүмкіндіктерінің  артқанын  байқалады.  Мысалы:  Венн  диаграммасы 

арқылы  «Жай  бӛлшектерді  қосу»  және  «Жай  бӛлшектерді  азайту»  ережелерін  пайдаланып 

айырмашылығы мен ерекшеліктерін постерға түсіріп салыстыру біледі және оларды бір ортақ бӛлімге 

келтіруге  болатына  арқылы  сыни  түрде  сипаттама  бере  алатыны  анық.Осы  тапсырманы  орындау 

барысында ерекше кӛзге түскен оқушылар ӛзінің постерін жақсы қорғайды. Бекітуге барлық топтарға 

постер  берліп,  мысалы  "теңдеу"  деген  сӛзге  бесжолды  ӛлең  құрастыруға  тапсырма  берілді.Бес 

минуттың  ішінде  тапсырмаларын  орындап,  қорғайды.Осы  тапсырма  оқушылардың  математикалық 

тілін  дамытуға  жақсы  кӛмектеседі.  Сабақты  қорытындылау  мақсатында  "Ыстық  орындық"  әдісін 

пайдаланып  ойын  ойнатам.Ортаға  ӛз  еркімен  бір  оқушы  шығып,  оған  басқа  топтар  сұрақтар 

қояды.Барлық  сұрақтарға  жауап  беруге  тырысады.  Оқушыларды  сын  тұрғысынан  ойлауға, 

тақырыпты  талдауға,салыстыруға,  сол  арқылы  есептердің  шешімін  табуға,  ӛздерінің  іс-әрекетін 

ұйымдастыра отырып талдауға, жинақтауға, шешім қабылдауға ұйретудемін. Қызығушылықты ояту 

мақсатында оқушыларға тақырапқа сай  сұрақтар қойып,  сол  сұрақтарға жауап  беріп,  осы қойылған 

сұрақтар  арқылы  ассоциация  жасатып,  постер  қорғауға  мүмкіншілік  беремін.Осы  тапсырманы 

орындай  отырып  топтастыру  жасап  постерлерін қызығушылықпен  орындап,  қорғайды.  Постерлерін 

қорғай  отырып,  екі  топ  бір-біріне  «Екі  жұлдыз,  бір  ұсыныс»  әдісі  бойынша  бір-бірін  бағалап,  екі 

жетістікетері  мен  бір  ұсыныстарын  айтып  кетеді.Сәтті  жерлерін  екі  жұлдыз,ал  болашақта 

кемшіліктер  жібермесе  деген  ұсыныс  әдісі  бойынша  бағалауда  қатты  қызығушылық  танытқаны 

байқалады. 

Сабақ  үрдісінде  қолданылатын  7  модульдің  біреуі  ол  бағалау.  Сабақта  суммативті  және 

формативті  бағалау  түрлерін  қолдана  отырып,  оқушылардың  сабаққа  деген  ынтасы  арттырып,  бір-

бірін  бағалау  кезінде  әділдік,  сенімділік  пайда  болып,  сыныптағы  ұйымшылдық  қалыптасады.  Әр 

сабақ  сайын  бағалау  критерийлерін  қолданып,  смайликтер  арқылы  бағалау,топ  басшылары  бағалау 

және  ӛзін-ӛзі  бағалау  арқылы,  бағалау  түрлерін  ӛзгертіп  отырам,  бұл  сабаққа  деген  ынтасын 

арттырып, оқушылардың білім деңгейін кӛтереді. 

Модульдерді  сабақта  ықпалдастыра  отырып  дарынды  және  талантты  оқушыларды  оқытуда 



 

жаңашыл  идеяларды  тиімді  пайдалана  отырып,  олардың  жан-жақты  ізденуі  арқылы,  ӛзіне  деген 



сенімділігін арттыру арқылы, танымдық қабілетін ашып, шығармашылығын дамыту болып табылады. 

Жас  ерекшеліктеріне  байланысты  дарынды  мен  талантты  балаларға арналған  тапсырмаларды  бӛлек 

дайындадым.  Арнайы  тапсырмаларды  орындау  барысында  және  сыныптағы  топтық  жұмысты 

ұйымдастыру  кезінде  ӛзімнің  бақылауға  алған  жоғары  деңгейлі  оқушымның  бойынан  дарынды 

балаларды анықтаудағы Фриманның ӛлшемдерінің есте сақтау және білім; ӛз білімін жетілдіру; ойлау 

қабілетінің жылдамдығы; мәселені шешу ӛлшемдері кӛрініс тапқанын байқадым. 

Зерттеуге  алынған  жоғары  деңгейлі  оқушы  постер  қорғау  барысында  ақпаратты  біліп  қана 

қоймай оны ӛткен материалмен байланыстыра отырып дәлелді жауап береді. Ал қалған ӛлшемдерінің 

кӛрініс  табуын  оқушының  күрделенген  тапсырмаларды,  яғни  деңгейлік  тапсырмаларды  шешу 

жұмысын  тексеру  кезінде  байқалады.  Осы  модульды  сабаққа  енгізуім  дарынды  балаларымның 

арасындағы  бәсекелестікті  одан  сайын  жӛғарлай  түседі,  ал  бәсекелестік  бар  жерде  алған  білімнің 

нәтижелерін оңай кӛруге болады деп ойлаймын. Тағы бір осы модульды пайдаланудағы ӛзгерістерім, 

дарынды оқушылар топпен жұмыстану барысында креативтік орта құрып, топ мүшелерінің ӛз мінез 

құлқына,  жалпы  ӛмірге  ӛзіне  шығармашылықпен  қарауына  түрткі  болды.  Ӛзіне  сенімділік, 

басқаларға құрметпен қарауға, оқушылар бойында ӛзіне деген сенімділікті қалыптастыруда үлестерін 

қосты.  Әр  сабақта  оқушылардың  дарындылығын  деңгейлік  тапсырмалардың  деңгейін  жоғарлатып, 

сабақ  үстінде  кӛбірек  танымдық  тапсырмаларды  беруге  тырысып  отырмын.Негізінде  әр  бала  ӛз 

деңгейінде дарынды. Біз сол баланың бойындағы дарындылықты аша білуіміз керек. Оқушылардың 

жас  ерекшіліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқу  модулі  бойынша  сабақ  беретін  сыныптарымның  жас 

ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар берем.  

5  сыныпта  «Жай  бӛлшектерді  қосу»  атты  жаңа  сабақ  түрінде,  ашық  сабақ  ӛткіздім,  осы  ашық 

сабақта  Кембридж  бағдарламасы  «ҚР  педагог  кадрларының  біліктілігін  арттырудың  деңгейлі 

бағдарламалары  аясында  үшінші  (базалық)  деңгей»  бойынша  жеті  модуль  ықпалдастырдым. 

Сабақтың  мақсаты  бойынша  оқушыларға  ойлап  тап;  мәтінмен  жұмыс  арқылы  диолог  /мұғалім  мен 

оқушы/  арасында  жүргізілді,  сәйкестендіру  тест  тапсырмалары  арқылы  және  флипчартпен  жұмыс 

жасап, оқушылардың қызығушылықтары мен ӛзіндік жауапкершіліктері арта түскені байқалды. 

Жас ұрпаққа жан жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға 

қойған  мақсат  біреу.  Ол  оқу  бағдарламасының  материалдық  мазмұнын  оқушы  бойына  сіңіру. 

Сыныпта оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды.Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы 

оқушының  жас  ерекшеліктеріне  қарай  білім  деңгейіне  сай  сабақтың  түрін  тауып,  сол  тақырыпты 

игеруде мақсат ету керек.Бұған оқушылардың қызығушылығын  арттырудың бір кӛзі-математикалық 

дидактикалық  ойын  элементтерін  қолдану.  Сондықтан  ӛзімнің  сабағымда  мен  мынадай  ойындарды 

пайдаланудамын:математикалық  эстафеталар,  викториналар,  кроссвордтар.  Мысалы:  Қоян  қайда 

секіреді?,  Кім  бірінші?,  жасырылған  тапсырмалар,  ойлап,  тап  т.с.с.  Әр  сабақта  ынтымақтастық 

атмосфера құру, шаттық шеңберін жасау, әр түрлі әдістермен оқушыларды топқа бӛлу топ мүшелері 

арасында ынтымақтастық орнатып, бір-біріне деген сыйластығы артатыны белгілі. 

Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар, осылардың кейбіреуі біздің білім беру 

жүйемізге  еніп,  тәжірибемізден  орын  алуда.  Қазіргі  ұстаздар  қауымының  алдында  тұрған  үлкен 

мақсат-ӛмірдің  барлық  саласында  белсенді,  шығармашылық  іс-әрекетке  қабілетті,  еркін  және  жан-

жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушының шығармашылығына бағыт- бағдар беруді ең алғаш білім 

мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. 

«Ойлау  жанның  ӛте  бір  қиын  терең  ісі-деп  атап  кӛрсете  келіп,  тәрбиеші  баланың  ойлап 

үйренуіне  кӛп  күш  жұмсау  керектігін  ескертеді».  Осылайша,  мұғалім  оқушымен  жұмыс  жасау 

арқылы ӛз шығармашылығын дамытады. 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет