Педагог туралы мәлімет Педагогтың аты-жөні: Искалиева Дарига Умиргалиевна



Дата26.08.2017
өлшемі267,62 Kb.
#29157
/
Педагог туралы мәлімет

Педагогтың аты-жөні: Искалиева Дарига Умиргалиевна

Туған күні, айы, жылы: 11ақпан 1979 жыл.

Ұлты: Қазақ

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Ж.Досмұхамедов ат. ОПК.

БҚМУ, қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі

Жалпы еңбек өтілі: 14 жыл

Мекен жайы: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы

Жұмыс орны:

1 орта жалпы білім беретін мектеп,



Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы,

Батыс Қазақстан облысы

4 сыныптарға арналған

қазақ тілінен тапсырмалар жинағы


(№ 1 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Искалиева Дарига Умиргалиевнаның іс – тәжірибесінен)

Чапаев, 2016 жыл
№ 1 орта жалпы білім беретін мектебінің әдістемелік бірлестігінің сараптама кеңесінде қаралып, аудан көлемінде таратуға мақұлданды.

Құрастырушы:

Д.У.Искалиева., № 1 ОЖББМ , І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Ұсынылып отырған 4-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен тапсырмалар жинағы барлық жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне және оқушыларына арналған.

Мектеп оқушыларының барлық білім деңгейі мен біліктілігін арттыру,олардың білімдерінің мемлекеттік стандарт талаптарынан төмен болмауы үшін 4-сынып оқулығындағы әр тарау бойынша қорытынды тексерістерде және күнделікті тақырыптық тексерістерде қолданылу үшін жинақталған көмекші құрал. Жинақта берілген тапсырмалар мектеп бағдарламасы мен 4-сыныптың қазақ тілі оқулығы авторы (Уайсова Г.И., Жұмабаева Ә.Е.) негізге алып құрастырылған.

Бұл жинақ қазақ тілінен оқушылардың теориялық сауаттылығын, ана тіліне деген қызығушылығын, сабаққа деген белсенділігін сабақта, сабақтан тыс уақыттарда дамыта түсуге үлкен көмек болады деген оймен шығарылған мұғалімнің еңбегінің жемісі.



Мазмұны

1.Түсінік хат

  1. 4 – сынып оқушыларын білімін тексеруге арналған тапсырмалар

    1. Фонетика бөлімі бойынша тапсырма

    2. Лексика бөлімі бойынша тапсырмалар

    3. Синтаксис бөлімі бойынша тапсырмалар

    4. Морфология бөлімі бойынша тапсырмалар

  1. Тапсырмалар жауабы

  2. Әдебиеттер тізімі


Түсінік хат

Қазақ тiлi" пәнiн оқытудың басты мақсаты - оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негiзгi тiлдiк ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пiкiрiн еркiн жеткiзе алатын дара тұлға тәрбиелеу болса, осы әзірлеген тапсырмалар жинағы бұл мақсатты жүзеге асыруға өз көмегін тигізеді деп ойлаймын. Әрбір тарау немесе сабақ соңында оқушылардың алған білімін пысықтауға арналған жабық сұрақтар. Мұндай жинақ оқушының тез әрі жинақы жауап беруіне ыңғайлы. «4 сыныптарға арналған қазақ тілінен тапсырмалар жинағы» - «Қазақ тілі» пәніне арналған қосымша құрал ретінде де қолдануға болады.

Жеке не жұпта орындай отырып, оқушының ана тілін қаншалықты дәрежеде меңгергенін байқауға болады. Оқушының ойлануына, армандауына, қиялдауына ерік беріліп, өз бетімен шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік бар.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, жалпы ой - өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық, дарындылық қабілеттері ұшталып, шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай, дәлелдей білуіне мүмкіндік жасалады. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді.

Бастауыш сынып оқушыларына жабық тест жұмысын меңгерту алған білімдерін жүйелеудің тиімді жолдарының бірі деп ойлаймын.

Мұндай тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан сабақта пайдаланудың мәні бар.

«Қазақ тілінен 4- сыныпқа арналған тапсырмалар жинағы» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

Оқушының қаншалықты тілдік қоры мол болса, соншалықты мәдениетті сауатты сөйлей де, жаза да біледі. Ал мәдениетті сөйлей білу адамның дүниесінің әдемілігін көрсетсе, сауатты жазу-білімділіктің көрінісі болып табылатыны белгілі.



Фонетика .

Буын үндестігі



  1. Көрсетілген жұрнақтарға түбір сөз қосып, жаңа сөз жаса:

------------------------------- -хана

------------------------------- -паз

------------------------------- -қой

------------------------------- - кер



  1. Сөздерге қосымша жалғап жазып, ережесін еске түсір:

Думан, Темірлан, жұмыскер______________________________________

  1. Аралас буынды болып келетін сөздерді білесің бе? ______________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Апта күндерінің айтылуына қарап отырып, дұрыс жазылуын көрсет:

Дүйсембі _____________________________

Сейсембі _____________________________

Сәрсембі ____________________________

Бейсембі _____________________________

Жұма _____________________________

Сембі _____________________________

Жексембі _____________________________

Синтаксис

Сөз тіркесі



  1. Сыныптас достарыңның есімдерімен сөз тіркесін құрастырып көр:

Талантты Мақсат, өнерлі Ару т.б. __________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі............................. .......деп аталады.

  2. Ойымызды әсерлі, көркемдеп жеткізу үшін қандай сөз тіркестерін қолдануға болады? Мысал келтіре аласыңба? __________________________________________________________________________________________________________________________

  3. Мына өлең жолдарын сөз тіркестерімен толықтырып жаз:

а)Желсіз түнде __________________________.

ә)…Айшылық алыс жерлерден

__________________________

Жылдам хабар алғызды.

Дара және күрделі мүше


  1. Екі бағандағы сөздерді күрделі мүшелерге айналдырып сөйлемдер жаз.

Әнші бала

Домбырашы аға

Ғарышкер А.Айымбетов

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Күрделі мүшенің астын сыз.

Жергілікті уақыт он сегіз сағат он екі минут.

  1. Өзің білетін күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрап, сөйлем мүшесіне талда.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. .............. ғимараты салынды. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына қандай дара мүше қоюға болады?

Бірыңғай мүшелер

  1. Ай аттарын пайдаланып, бірыңғай мүшелі сөйлем құрап жаз.

____________________________________________________________________________________________________________

  1. Ережені толықтыр:

Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі ................ ғана байланысады. Сөйлемде бірыңғай мүшелер .................. оқылады.

  1. Бірыңғай мүшелерде қосымша қалай жалғанады? Мысал келтіріп, дәлелде:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Абай атамыздың қай өлеңінде бірыңғай мүшелі сөйлем кездеседі? Ойланып көр. Сол сөйлемді жаз._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жай және құрмалас сөйлем

  1. Ішінде жай сөйлемі бар мақал-мәтел жазып көр.(әртүрлі тақырыпта)____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Құрмалас сөйлемдерді мағынасына қарай аяқтап жаз.

Қарлығаш жер бауырлап ұшса,___________________________.

Қыркүйек таңы атты да, __________________________________.

Ұлдар футбол ойнады, ал _________________________________.

  1. Қайсысықұрмалас сөйлем? Екі сөйлемді салыстыр. Неліктен? Дәлелде.

Маржан мен Сәуле, Жарқын мен Талғат биыл мектепке барады.

Маржан мен Сәуле үй жинады, ал Жарқын мен Талғат шөп маялады.

  1. Жалаң сөйлем, бұл.................................................. , ал жайылма сөйлем ...............................................................................................................................

Қыстырма сөздер

  1. Әрине, еңбек арқылы ғана адам жетістікке жетеді.Қыстырма сөздің астын сыз. Ол сөйлемде қандай қызмет атқарады?

  2. Мағынасына қарай қыстырма сөздерді топтап жаз.

Қуаныш ______________________________________________________

Мойындау ____________________________________________________

Реніш, өкініш __________________________________________________

Аяушылық ____________________________________________________

Ой тәртібі ____________________________________________________

  1. Көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөздерді тауып жаз.

............. біздің сынып жаман емес. Болашақта дәрігер болармын, ...........

Осының бәрі, ....... бір жыл ішінде жасалған жұмыстар емес.

  1. Бақытына қарай, бәрекелді қыстырма сөздері қандай мағынада қолданылады?_______________________________________________

Лексика. Сөз және оның мағынасы

Көп мағыналы сөздер



  1. Сөз мағынасына қарай мына түрлерге бөлінеді:____________________

_____________________________________________________________

  1. Сөз таптарына талда және және сұрақтарын жаз.

Ашу: 1. .................. . 2. ........................ .

Шаш: 1. .................. . 2. ......................... .

Арық: 1. .................. . 2. ......................... .


  1. Ашу, ыза; сену, нану; Бұлар қандай сөздер?____________________

  2. Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді қатыстырып мақал-мәтелдер жаз.

______________________________________________________________________________________________________________________

Күрделі сөздер



  1. Ойлан! Қайсысы дұрыс?

  1. Күрделі сөздер бірнеше сөздерден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді.

  2. Күрделі сөз бірнеше сөздерден құралғандықтан, бірнеше сұрақ қойылады.

  1. Дефис (-) арқылы жасалған қос сөздерді қатыстырып 3 сөйлем құрап жаз.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Күрделі сөздер мен сөз тіркесінің айырмашылығы неде?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Күрделі сөздерден жасалған қандай жер-су атауларын білесің?

__________________________________________________________________________________________________________________

Біріккен сөз



  1. Сөздерді толықтырып жаз.

______________ қорған, сайқы….......... , .................таңба, ән ............. ,

Еңбек............... , ықшам............... .



  1. Біріккен сөздерден жасалған жер-су атауларын тауып жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Есенгелді, Нұрғиса, Досжан, Жанпейіс сөздеріне қарап қандай ереже айтуға болады? Дыбыстық өзгерістерді қай жерден байқап тұрсың? ______________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Өз өлкеңде біріккен сөздерден жасалған қандай жануарлар тіршілік етеді?

_____________________________________________________________________________________________________________________________

Қос сөздер



  1. Сөйлемді толықтырып жаз.

Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер ___________________, aл екі сыңарының да мағынасы бар қос сөз _____________________ деп аталады.

  1. Сөз тіркестерінен күшейткіш буынды қос сөз жасап жаз.

Сұр бұлт, дымқыл тұман, суық жел, ашық аспан.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Мына сөздерден қос сөз жасауға бола ма? Бала, ыдыс, шаға, аяқ.

_____________________________________________________________

  1. Ұршық сөзіндегі әріптердің орнын ауыстырып қос сөз жаса.

____________________________________________________________

Қысқарған сөз



  1. Сөздердің бастапқы буындары алынған қысқарған сөздерді жазып көр.

______________________________________________________________________________________________________________________

  1. Масса өлшем бірліктеріне жататын қысқарған сөздер білесің бе?

___________________________________________________________

  1. Берілген қысқарған сөздерді ашып жаз.

БҰҰ-________________________________________________ ,

ҚазҰУ -______________________________________________,

мм -_________________________________________________,

ҚХР-________________________________________________,

ТМД-_______________________________________________ .


  1. Сынып бөлмесінің ауданын есептеп, нәтижесін қысқарған сөзбен жаз.

_____________________________________________________ .

Морфология

Сөз таптары. Зат есім.


  1. Сөз тұлғасының түрленуін, бөлшектенуін, өзгеріске түсуін анықтайтын тіл білімінің саласын.................... , ал қазақ тілінде сөздердің мағынасына қарай топталуы ............... деп атаймыз.

  2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді: ...............................................................................................................

Киелі аң-құс атауларын: .............................................................................

Туған өлкеңде тіршілік ететін жан-жануарларды жазып шық. ___________________________________________________________

  1. Қос сөз болатын зат есімдерді білесің бе?..................................................

..........................................................................................................................

  1. Мағыналас зат есімдер тауып көр:

Көмек............................................................................

Ағайын..........................................................................

Білім ..............................................................................

Ата-ана .........................................................................

Жұрнақ


  1. Жаңа сөз жаса:

Шахмат+жұрнақ+көптік жалғауы+ілік септігінің жалғауы= _______________________________________________

Қыз+көптік жалғауы+тәуелдік жалғауының 2-жағы=

______________________________________________________________


  1. Біл, тарт, шеге, қақпа, ұш, сыпыр, дәрі, бес. Берілген сөздерден туынды сөз жаса.

______________________________________________________________________________________________________________________________

  1. ы, -лар, -ші, -ім, -шы, -тық, -тар, -тік; Қай қосымша жұрнақ бола алады? Көрсет және дәлелде.

____________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Көп нүктенің орнына қандай туынды сөз қоюға болады? Тапқан сөзіңді сөз құрамына талда.

................... мақтанса, іс тындырар.

Ардың ісі- .......................... .

Жалғау


  1. Тіл біліміндегі жалғаудың түрлерін ретімен жаз. 1.______________________

2.______________________

3.______________________

4.,______________________

2. Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге қандай мағына береді? Көптік жалғау жалғанған сөздермен сөйлем құра.______________________________________

____________________________________________________________________


  1. Жалғау мен жұрнақтың айырмашылығы неде? Мысал келтір.__________

_______________________________________________________________

  1. Сөйлемдегі сөздерді байланыстырады - ____________________________ .

  2. Сөздерді оқы. Қай сөз септелмейді?

Келді, оқу, бестік, бауыр, елім. (астын сыз)

  1. Берілген сөздерді түбір сөз+көптік жалғау+септеу сызбасына қойып жаз.

Шырын, қолғанат, ғалым

  1. Бос орынға қай септіктің жалғауы тұруы тиіс?

Шебер_____ қолы көп___ ортақ.

Жақсы адам____ жау жоқ.

Қай септіктің жалғауын қойдың?



  1. Кезекші, данышпан сөздерін жікте._________________________________

______________________________________________________________.

  1. Сөз құрамына талда. Үлгі: Баламның= бала (з.е.) +м (тәуелд. жалғау І жақ)+ ның (септік жалғау)

Кезекшіні, медбикеңе, ағамызда

  1. Сөйлемді қарама-қарсы мағынада жіктеп, ойыңды аяқта.

Мен студент емеспін,_______________________________ .

Сіз бөтен емессіз, __________________________________ .

Етістік


  1. Мына тіркестердің қайсысы дұрыс?

Қазық қақты. Қазықты шегеледі.

Сиырды суарды. Сиырға су құйды.

Шеге қақты. Шегені ұрды.

  1. Ол бос уақытында спортпен айналысып жүр. Айдын өз білімін көтерді. Ауыр затты көтерді. Берілген сөйлемдерден дара етістіктерді тауып, күрделі етістікке айналдыр. __________________________________________________________

_____________________________________________________________

  1. Өзің білетін тыйым сөздер жаз. Олардан болымсыз етістіктерді тауып, сөз құрамына талда.____________________________________________

_____________________________________________________________

  1. Әртүрлі сөз табынан жасалған туынды етістіктер ойла. Оларды қатыстырып сөйлем құра. Мысалы: Әр ісіңді ақылмен ойла. (зат есім+етістік)

  2. Мына етістіктерді үш жаққа жіктеп жаз.

Апар, бар, сана

  1. Жүремін, келеміз, айтасыңдар, жүгірді, білесіңдер, тұрамыз. Берілген сөздер қай жақта жіктеліп тұрғанын тап. Оларда сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Сөйлем мүшесіне талда.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлем құра. Оны қандай шақ дейміз?

_________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Бөлмеге ақ шашты әже кіріп келе жатыр. Далада ақ түтек боран соғып тұр. Сәуле қатесіз, әдемі жазып отыр.

Сөйлемдердегі етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын көрсет. Осы шақта тұрған өзің етістіктер құрастыр.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Жазып отыр, айтады, келе жатыр, сыйласып жүр, көреді.

Етістіктерді өткен шаққа қойып жаз. Оларды қатыстырып сөйлем құра.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Мақалдың жалғасын тап. Мағынасын түсіндір.

Сумен ойнама- .......... ,

Отпен ойнама - ......... .

Тапқан етістіктер қай жақта, қай шақта тұр?

Сын есім


  1. «Менің досым» тақырыбына сын есімдерді қолданып, мәтін құрастыр.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Лездемеге жауап беріп көр.

Шақса қауіпті, бірақ адамға пайдалы не?

Өзі ала, өзі биік не?

Адамға адал, қасқырға қатал?

Өзіңе дос, құшағы кең кім?

Өзі талды, өзі қорған?

Қажетті зат есімдерді тез тауып ойлан. Оларды сипаттап тұрған сан есімдер туралы не айта аласың?



  1. Берілген сөздерден күрделі сын есімдер жасап жаз. Құрамы үш сөзден тұратын сөз тіркесін жасауға бола ма?

ақшыл, ала,қою, сұр, көк, қара, қызыл

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

Өзің жасаған түстерді түсті қарындашпен бояп көр.


  1. Мағынасы қарама-қарсы сын есімдерді қатыстырып сөйлемдер ойла және оларды жаз.

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________


  1. Қатты, ірі, жарық, биік, ауыр, жақсы. Мына сөздердің сыңарын тауып жаз. Қарсы мәндес сын есімдер не үшін қажет деп ойлайсың?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер қалай жазылады? Сұрақтың орнына күрделі сын есімдерді қойып, сөйлемдерді оқы.

Теңізден (қандай?) жел соғып тұр. Оның ағасы (қандай?) адам. (қандай?) ат мәреге бірінші жетті.

  1. Тиісті сын есімдерді тауып қой. Жұмбақтың шешуін ізде.

а) ...... киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. ( ?)

ә) ..... дөңгелек,

Шатырда жатыр дөңгелеп. ( ?)

б) .... құман жүзіп,

Су бетін сүзіп. ( ?)

в) Ағайынды бәрі:
Шықса- ... , Түссе-... . ( ?)

8. Берекелі жерден мереке кетпес. Талапты ерге нұр жауар. Әдепті бала – арлы бала.

Мақалдан сын есімдерді тауып сөз құрамына талда. Олар қай сөз табынан жасалып тұр?


  1. Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.

Су - паз

Күз - ғы


Қар - гі

Көктем - лы

Әсем

Жаз ___________________________________________________________



________________________________________________________________

Пайда болған сын есім қандай сын есім деп аталады?



  1. Сын есімнің барлық түрлерін қолданып, «Менің добым» тақырыбына әңгіме құрастыр.Құрастырған мәтініңді сыныптастарыңа оқып бер.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сан есім


  1. Керісінше цифрмен жаз.

Тәулік.................................

Сағат..................................

Жарты...............................

Тәуліктің жартысы..........

Ширек сағат......................

Тәуліктің үштен бірі........

Жарты жыл.......................

Жарты айдың жартысы.........



  1. 50, 40, 4, 7, 100, 1000 сандарын қатыстырып ел аузында жүрген мақал-мәтелдер не нақыл сөздер айта аласың ба? Оларды жаз.

_______________________________________________________

_______________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________



  1. Жұмбақтың шешуін тап:

Алты аяқты,

Төрт құлақты,

Қос ауызды,

Төрт көзді-

Қыр кезді. Шешуі:.......................


  1. Мәтінді оқы.

Кенет біреу терезе қаққандай болды. Бірақ мен орнымнан қозғалмадым. Әлгі дүрсіл екілене соққылай бастады. Мен енді терезеге тұра жүгірдім. Бір адамның қараңдаған көлеңкесін байқап қалдым. Оның артынан екі адам біреуді жетелеп келеді екен.

Қарамен жазылған сөздердің қайсысы сан есім?



  1. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жаз және құрамына қарай талда.
    12, 7, 18, 45, 236, 60 – 70, 1912, 12346, 61910, 3000, 1664.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Есептеп көр. Жауабын жаз.

а) Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі,
Екі қоян, үш түлкі,
Бәрі нешеу, кім біледі?
( шешімі — ? жануар)


ә) Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (? адам)

7. Киелі сандарды білесің бе? Оларды қатыстырып сөйлем құра.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Көп нүктенің орнын тиісті сан есіммен толықтыр.

.... ата, ....қазына, ... би, ... арыс, .... бұрыш, ... саусақ, ... асыл іс,

.... дұшпан.



  1. Мына тіркестер қалай оқылады?

5- емхана, 4 оқушы, 21-ғасыр, 2017-жыл, 12 ай. Оларды жаз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. 7 цифрымен құрастырылған сөздер мен сөз тіркестерінің қайсысында сан есім бар? Сұрақ қойып тексер.

ата қарақшы

ген 7 керемет

су қараңғы түн

күн жұмбақ

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Есімдік



  1. Есімдік қай сөз таптарының орнына жұмсалады? ______________________________________________________________________________________________________________________________

  2. Қарамен жазылған сөздерді есімдікпен ауыстырып жаз. Қай сөзді ауыстыруға болмайды? Неге?

Ең кішкентай балық Филиппин аралдарында кездеседі. Балықты мистихтис деп атайды. Балықтың ұзындығы небары бір сантиметрден аспайды.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Зат есім, етістік, есімдік.

Мына сөз таптарының қайсысы септелмейді? Мысалмен дәлелде. Ұстаз сөзін есімдікпен алмастырып жекеше түрде тәуелдеп және жіктеп жаз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Сөздерге көптік мағына беріп, өзгертіп жаз.

Мен ......................

Сен ......................

Сіз .......................

Ол .......................

Өзі ......................

Өзім ....................

Өзің ....................


  1. Жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құра.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Жұмбақ. Есімдіктерді тап.
    Маған да, саған да,
    Жақын туыс - бес адам.
    Үш әріптен тұратын,
    Оңға оқы, солға оқы,
    Өзгермейді еш одан,
    Бәрі де өз жұратың,
    Айтады кәне: кім атын?
    Жауабы: ..........................................

  2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қой..
    1) Бақыт деген -... бала күндерің,
    Бақытсызақ бақытты боп жүргенің. (Мұқағали Мақабаев)
    2)...
    қазақпын, мың өліп, мың тірілген. (Тұманбай Молдағалиев)
    3)...
    жазбаймын өлеңді ермек үшін,
    Жоқ барды ертегіні термек үшін.( Абай Құнанбаев)

  3. Берілген есімдіктер қай септікте тұрғанын анықта.

Оның, бізде, сенде, сенен, оны, сіздерге, олармен, менің

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Өзің таңдаған есімдікті барыс септігіне, ілік септігіне, шығыс септігіне қойып жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Қатесін түзе.

Кеше сен сыныпта кезекші болдым. Біз гүлдерге су құйдыңдар. Олар тақтаны, терезені, сөрелерді жудық.

Үстеу


  1. Үстеулерді оқы және оларды мағынасына қарай топтап жаз.

Лезде, асықпай, ақырын, баяу, тез, шапшаң, кеш, баяу , қазақша, қатесіз, бүгін, төмен, жоғары, биыл

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Сөйлемдерді оқы.

Ол жүрісін баяулатты. Шар аспанға одан сайын жоғарылады.

-сөйлемдегі етістіктер қай сөз табынан жасалған?

-өзің білетін үстеулерден етістік жаса.

-сөйлемдегі етістіктерді үстеулерге айналдырып жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Абай өлеңдеріндегі қажетті сөздерді іздеп, орнына қойып жаз.

а) ....................................................... қалмайды қыстың сызы.

ә) ........................................................үйрек-қаз

Ұшып тұрса ................................................. .

б) Қыстың басы бірі .................. , біреуі .................. .



  1. Берілген мәтінді оқып, ішінен үстеулерді тауып, сұрақ қойып, мағыналық түрлеріне қарай ажыратып көр.


Жақсылыққа- жақсылық

Ертеде бір қоян болыпты. Ол барлық жан-жануарлардың тіліне түсінеді екен.Бір күні орманды аралап келе жатса, «құтқарыңдар, құтқарыңдар !» деген нәзік дауысты естиді. Сол жерге келіп қараса, сона өрмекшінің өрмегіне түсіп қалапты. Қоян дереу сонаны құтқарады. Сона ызылдап рахметін айтып ұшып кетеді.
Қоянның жақсылығын басқаларға да айта жүреді. Мұны қасқыр естіп, қызғаныштан қоянның көзін жоямын деп, бас салып жемекші болады. Қоян шырылдап қоя береді. Сол мезгілде сона келіп қасқырдың тұмсығынан аямай шағып алады. Қасқыр тұмсығымен әуре болып отырғанда, қоян қашып үлгереді
. Жақсылыққа-жақсылық- деген осы. Жақсылыққа жақсылық жасауды бәріміз де үйренейік.

Шылау


  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер қою арқылы шылаулы сөйлем ойлап жаз.

... да , ... де, ... та, ...те .

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Сөйлемнің бірінші жартысының мағынасына қарап, екінші жартысын құрап жаз.

Жер Күнді айнала ма, ....................................................................................

Жер үлкен бе, .................................................................................................

Сағат жүйрік пе, ........................................................................................ .

Көңіл жүйрік пе, ............................................................................................

Тіл жүйрік пе, ................................................................................................


  1. Бір-ақ, бірақ түрінде келетін сөздермен сөйлемдер құрастырып жаз. Бұл сөздердің қайсысына сұрақ қоюға болмайды?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Көп нүктенің орнына қандай шылау қоюға болады?

а)Ерте тұру .... , уақытында жату ... -* жақсы әдет.

Өнер ... , ғылым ... еңбекпен табылады.

ә) да, д, та, те шылауларына тұлғалас септік жалғауларымен сөйлемдер құрап жаз. Шылаулар мен жалғаулар қалай жазылатынын түсіндір. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды

Қазақ тілін алған себебім, бастауыш сынып оқушылары өз ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету - бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл - адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары өз тілін терең меңгеру арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.

Баланы мектеп жасынан ізденімпаздыққа ұмтылдырып, шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, танымдық қабілеттер мен басқа да қасиеттерді, бойындағы қабілеттері мен икеміне қарай дамытуға болады.

Ең бастысы жеке –дара өз бетімен ойлануға баулу керек, дұрыс шешім қабылдаудың әр түрлі жолдарын іздестіру керек. Бұл қасиеттер мен дағдылар баланың өмірде үлкен жетістіктерге жетуіне көмектеседі.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі - қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Әр тақырып бойынша мұғалім оқушыларға материалды түсіндіріп, әзірлік жаттығуларын жүргізгеннен соң білімін тексеру керек. Осы әзірлеген тапсырмалар жинағы мұғалімге оқушының алған білімін тексеруде үлкен көмегін тигізеді деп ойлаймын.




Пайдаланған әдебиеттер:

Әдебиеттер тізімі:

  1. Уайсова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. «Қазақ тілі» оқулығы, «Атамұра», 2015 ж.

  2. Ө. Тұрманжанов «Қазақ мақал – мәтелдері» , Алматы «Ана тілі» ,1993 ж.

  3. «Қазақ тілінен грамматикалық тапсырмалар» , «Алматыкітап» 2011ж.

4. Интернет желісі арқылы.
5. Бастауыш мектеп журналдары 2014-20126ж.
6. Қазақ тілінің әдістемелік құралы 4 сынып

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет