Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҦНЫ АЯСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН



Pdf көрінісі
бет4/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҦНЫ АЯСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН 

ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Қарқаралы қаласының Академик О.А.Жаутыков атындағы 

№1 қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пәні мҧғалімі 

Молдагулова Айшакуль Абеновна 

 

 «Қарағанды облысының білім басқармасының Қарағанды гуманитарлық колледжі» 

КМҚК Кабылбекова Айгерим Мейрамбековна 

 

«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын 



жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.» 

Н.Ә.Назарбаев 

Ұлтаралық  татулық  –  мемлекеттік  тұрақтылықтың  негізі.  Еліміздегі  түрлі  ұлт  ӛкілдерінің 

татулығы,  ынтымағы  ӛзге  елдерге  үлгі  боларлықтай  екені  даусыз.  Тәуелсіздік  тізгіні  қолымызға  тиіп, 

егеменді  ел  болған  алғашқы  күндерден  бастап  –  ақ  елімізде  тіл  саясаты  мемлекет  басшысы 

Н.Назарбаевтың  тікелей  басшылығымен  салиқалы  да,  сындарлы  түрде  жүзеге  асырылуда.  Елбасымыз 

айтқандай, биылғы халыққа арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың 

басты  мақсаты»  атты  жолдауында  Үкіметтің  алдына  «Тілдердің  үш  тұғырлылығы»  мәдени  жобасын 

іске  асыруды  жеделдету міндетін  қоя  отырып, бүкіл  қоғамымызды  топтастырып  отырған  мемлекеттік 

тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. 

Сонымен  қатар  Білім  мен  ғылымның,  экономиканың,  бизнестің,  саясаттың,  жалпы 

бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы кӛрегендік танытып, 

алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Алдымыздағы ӛскелең ұрпақтың алдында бірнеше тіл 

білу міндеті тұр. 

Біздің мақсатымыз: Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ӛз ана тілін біліп, 

ӛзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Білім алушыларды ізденуге дағдыландыру .Мемлекеттік 

тілді  білу  –  парыз,  ӛзге  тілдерді  үйрену  –  құқық.  Қазіргі  таңда  мектептерде  жаңартылған  бағдарлама 



 

бойынша  ағылшын  тілі  1-ші  сыныптарда  оқытылуда.  Негізінен  ағылшын  тілін  ерте  жастан  оқытудың 



мақсаты  –  білім  алушылардың  ағылшын  тілінде  қарым-қатынас  жасай  алу  негіздерін  меңгеруі  болып 

табылады.  Ерте  жастан  ағылшын  тілін  оқыту  оқушылардың  коммуникативті  даму  біліктілігін 

арттырады,  оқушылардың  қызығушылығын  оятуға  мүмкіндік  береді,  бірден  кӛп  тілдерде  сӛйлеуге 

мүмкіндік  алады.  Ал  әлемдік  тіл  ретінде  бейресми  түрде  орныққан  ағылшын  тілін  меңгеру  ұлттың 

бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.  Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. 

     Шет  тілін  оқытуда  мотивацияның  басты  рӛлін  түсіну  үшін,  білім  беру  мекемелерінде 

мұғалімдерге  оның  негізгі  әдіс-тәсілдерін,  құрылымын  жақсы  білуі  қажет.  Мотивация  мәселелерін 

қарастыруда  және  қалыптастыру  жолын  іздестіруде  оны  түсінуге  мүмкіндік  бола  бермейді,  себебі, 

мотивацияның  қалыптасуы  бұл  мұғалімнен  оқушыға  берілмейтіндігі  әр  сабақтың  үрдісінде  кӛрінеді. 

Уәждердің  қалыптасуы  –  бұл,  біріншіден,  сабаққа  деген  ішкі  ынта  сезімінің  кӛрінуі  және  барлығын 

түсіне отырып, мотивациялық құндылықтар ортасын ӛз бетінше әрі қарай дамытуы. 

      Неден  бастаған  жӛн  деген  сұраққа  жақсы  оқулық  керек  дер  едім.  Ӛйткені  дұрыс  таңдалған 

оқу құралы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Шет тілін оқытудың тиімділігін тек 

қана  білім  алушыларға  байланысты  емес,  оқыту  стратегиясына  байланысты.  Осы  стратегиялардың 

үйлесімімен ең жоғарғы  тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа  жету үшін ең  басты фактор 

мыналар:  мұғалімнің   білім  алушыға  немесе  оқушыға  деген  педагогикалық  іс-  әрекеттің  тиімділігін 

жетілдіру  және  сабақтағы  әлеуметтік-психологиялық  бірлестік  жағдайындағы  қарым-қатынасы.  Тілді 

үйрену  сабақтарында  оқушылардың  тыңдау,  оқу,  жазу,  сӛйлеу  дағдыларын  дамыту  сабақ  барысында 

жүзеге  асып  отыруы  тиіс  және  жазудан  гӛрі  оқушылардың  тыңдап  түсінуіне,  сӛйлеуіне  кӛбірек  назар 

аударылады, ӛйткені бұл жаста балалардың кӛбі есту, кӛру арқылы есте сақтайды.  Бастауыш сыныпта 

ата-аналардың  кӛмегі  де  ӛте  маңызды.  Егер  олар  бүгін  сабақта  үйренген  сӛздерін  күнделікті  үйде 

қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға 

жету  үшін  бастауыш  оқушыларының  сӛйлеу  дағдыларын  жетілдіру,  дамыту  және  сабақта  ойын 

түрлерін  қолдануы керек.  Ӛйткені,  ойын  –  кӛңіл-күй,  ойлау  күштерін  талап  ететін,  ұйымдастырылған 

сабақ  болып  табылады.  Әр  кез  ойын  шешім  қабылдауды  ұсынады,  себебі,  жеңіске  жету  мақсаты 

болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі 

емес,  тіл  бойынша  дайындығы  тӛмен  оқушылар  ойында  алдыңғы,  бірінші  болуы  мүмкін,  себебі, 

олардың  тапқырлығы,  жинақтығы  ойын  барысында  кӛрінеді.  Сондай-ақ  бұл  құрлымдарды  оқулыққа 

арналған дискіден оқушылар тыңдап, қайталап және кӛзбен кӛріп сӛйлей алуға дағдыланады. 

     «Жаз  және  кӛрсет»  -  деген  тәсіл  білім  алушылардың  шет  тіліндегі  сӛздің  қорларын  қарым-

қатынас  жасау  үрдісінде   қолдануға  мүмкіндік  береді.  Бұл  тәсіл  де  –  әмбебап  тәсіл  болып  табылады, 

мұны  лексика  мен  грамматиканы  бекітуге  қолданылады.  Қарым-қатынаста  қабілеттерін  дамыту  үшін 

ӛлеңдер  қолданылады.  Әндердің   оқушылар  үшін   қызықтылығы   мынада:  олардың  не  жайында 

айтылатында,  қандай  әуен  түрінде  орындалатындығы.  Әндер  білім  алушыларға  бірдеңе  жайлы  хабар 

береді,  қызықтырады,  яғни  қарым-қатынаста  бірінші  орынды  алуға  итермелейді.  Бұл  жағдайды  білім 

алушылар  шығармашылық жұмыс арқылы, яғни отбасы мүшелері суретін салып және жазып, басында 

түсіндірілген  құрлымды  қолданып  айтып  шығады.  Бұл  жерден  білім  алушылардың  толық  жұмысқа 

қамтылуы байқалады. Осыдан келе сурет салу барысында ән қосымша орындалса, білім алушылардың 

кӛңіл-күйлері  кӛтеріліп,  сабаққа  деген  ынталары,  қызығушылықтары  молайады.  Осы  оқулықтан 

кӛретініміз,  әр  тақырыпқа  ән  бірге  берілген  және  сол  әннің  бейне  баяныда  бірге  берілген.  Білім 

алушылар 

әндерді 


үйрену 

барысында, 

жаңа 

ақпараттар 



алады, 

шығармашылық 

қызығушылықтарын   қалыптасуына  септігін  тигізеді.  Мысалы,  оқушылар,  ӛлеңді  үйрену  барысында, 

дене мүшелері мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен танысады. Эстетикалық мотивация 

жайлы  айтпай  кетуге  болмайды.  Әсіресе,эстетикалық  мотивация-ойлауды  дамытады,  кӛңіл-күй,ойлау, 

жағымды  сезімдерді  қалыптастырады.   Бұлардың  барлығы  білім  алушылар  шет  тіліндегі  ӛлеңді  сүйіп 

қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана жүзеге асады. Тілді үйрету үрдісінде әндер-дәстүрден тыс 

мерекелік  элемент  ретінде  білім  алушылардың  эмоционалды ортасына  (кеңістігіне)  ӛз  әсерін  тигізеді. 

Ӛзге  оқыту  барысында  тіл  шығармашылығын  әуен  түрінде  қолданғанда,  материал  тез  жатталып, 

шаршағандарын басады. 

      Әндерді орындау мынандай қабілеттерді арттырады: 

-  айту  дағдыларын  жетілдіреді,  дауыс  ырғағы  және  ырғақ  артикуляциясындағы  нақтылықты 

жетілдіруге мүмкіндік береді, шет тілі бойынша тілін, сӛздік қорын байытады, 

- тыңдалым, оқылым дағдыларын, біліктілігін арттырады. 

- монологтық, диалогтік айтылуларды қалыптастырады. 

- сӛйлеудің дайындалған, еркін түрін дамытады. 




10 

 

Оқу материалдарының мазмұнын іріктеу барысында тез жатталатын, эмоционалды, бояуы қанық 



материалдарды  алғаны  дұрыс.   Сабақ  материалдарына  нақты  кейіпкерлерді  енгізген  жӛн.  Жұмыс 

барысында  білім  алушылармен,  оқулықтағы  мәтіндерді  ғана  қолданбай,  мұғалім  бейнесабақтарды 

қолдануға  мүмкіндігі  бар.    Ӛзге  тілдегі  қарым-қатынасқа  байланысты  коммуникативтік  тапсырмалар 

білім алушыларда  үлкен қызығушылық тудырады. Егерде сӛйлеу барысында сӛздерді кӛп қолдансан, 

балалар жақсы жаттайды. Ағылшын тілі сабағындағы диалогтар жаңа сӛздерді игеруге кӛмегін тигізуде, 

нәтиже  кӛрсеткеніндей  коммуникативтік  әдістер  –  оқушылардың  сабақ  барысындағы  сүйікті  ең  кӛп 

қолданылатын әдістерінің бірі. Бастауыш оқушыларына ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс-тәсілдерінің 

кӛптігіне қарамастан кейбір қиындықтар кездеседі. Ағылшын тілін оқытуда бастауыш сыныптағы жас 

ерекшеліктеріне  негізделеді:  атап  айтсақ,  тез  шаршайды,  кӛңіл  аудармау,  есте  сақтау  деңгейі 

тӛмендейді.  Сонымен  бірге,  қарым-қатынас  қабілеттерін  дамытудағы  негізгі  қиындықтарды,  мынадай 

мотивациялық мәселелерді де жатқызуға болады: 

Қойылған  міндеттерді  шешуде  білім  алушыларды  тілдік  және  сӛйлеу  құралдарының 

жетіспеушілігі. 

Білім алушылар сабақта ұжымдық тақылауға кейбір себептерге байланысты қатыспайды. 

Білім алушылар шет тілінде байланыс жасау ұзақтығына шыдай алмайды, әсіресе, үлгерімі тӛмен 

оқушыларға қатысты. 

Осыған  орай  балалардың  физикалық  психологиялық   ерекшеліктерін  ескере  отырып,  кӛп  күш 

түсірмейтін тапсырмалар беруі қажет. Бастауышта ағылшын тілі оқыту кезеңінде әр сабаққа билер және 

әр түрлі қозғалыс түрлері қолданылады. Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік материалды 

сақтау мақсаты қойылады. Ӛлеңдердің шумақтарын, тармақтарын қолдану күнделікті тәжірибеде негізгі 

грамматикалық  үлгілерін  сақтауға  септігін  тигізеді.  Сонымен  бірге  оқыту  үрдісінде  пәнге  деген 

қызығушылығын арттырып, тартымды ойындарға ұласады.  

Таңдамалы  сабақ  (дәстүрлі  емес  сабақ)  әр  түрлі  болады,  яғни,  оқытудың  дәстүрден  тыс  әдіс-

тәсілдері қолданылады және мұнда балалардың оқыту деңгейін ғана кӛтеріп қоймайды, сонымен бірге 

басқа  да  қабілеттерін  ашуға  септігін  тигізеді.  Атап  айтсақ,  ӛлеңдерді  декларациялау  қабілеті,  сӛйлеу 

дағдыларын  дамыту,  жағдайды кӛрсету,  шет  тілінде  ӛлең  айту,  сӛйлеу  барысында  ӛзіндік кӛзқарасын 

беру,  болып  жатқан  жағдайлар  туралы  ақпарат  беру,   сӛйлеу  мәдениетін  сақтау,ағылшын  тілінде 

сӛйлейтін  елдердің  салт-дәстүрлерімен,  мәдениетімен  жан-жақты  танысады.  Тек  білім  алушылардың 

сабақ шығармашылығындағы, яғни, сабақ барысында, негізгі түрлері – шет тілінде айтылым, оқылым, 

жазылым  болып  қана  қоймай  мұғаліммен  жеке  бір-бірімен  жанды,  белсенді  қарым-қатынас  болуы 

керек.  Балалардың  шет  тіліне  деген  қызығушылығын  арттыру  үшін  оқу  үрдісінде  сабаққа  деген 

белсенділігін жақсы ұйымдастыру керек.  Аталып ӛткен әдіс-тәсілдер, бастауыш сыны оқушыларының 

танымдық  қызығушылығын  дамытуға  септігін  тигізеді.  Әсіресе,  танымдық  қызығушылығын  дамыту 

осы жас ерекшелігінде тиімді болмақ. 

Қорыта  келгенде,  «Тілдердің  үш  тұғырлылығы»  бағдарламасының  негізгі  мақсаты  мемлекеттік 

тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін кӛтеріп, бәсекелестігін арттыру болып 

табылады. Ӛскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі 

және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – замана талабы, болашақ 

ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Осыдан келе, кӛптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді 

меңгеру  тәжірибесін  жинақтап,  әлемдік  деңгейде  кӛтерілуіміз  керек.  Бұл  оқушылардың  халықаралық 

жобаларға  қатысуын  кеңейту,  шетелдік  әріптестермен  ғылыми  байланыстарын  нығайтуға,  шетел 

тілдеріндегі ақпарат кӛздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі ӛресі биік, дүниетанымы 

кең,  кемел  ойлы  азаматтарын  ӛсіру  үшін  бүгінгі  ұрпаққа  ұлттық  рухани  қазынаны  әлемдік  озық  ой-

пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет