Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


Жаңа технологияны меңгеруде мҧғалімнің жан  – жақты, білімі қажет. Қазіргі



Pdf көрінісі
бет70/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

Жаңа технологияны меңгеруде мҧғалімнің жан  – жақты, білімі қажет. Қазіргі 

мҧғалім: 

• 

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; 



• 

Педагогикалық ӛзгерістерге тез тӛселетін; 

• 

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 



• 

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; 

• 

Білімді, іскер, шебер болу керек; 



Мектеп жҧмысы мен оқушы жетістіктерін ӛрістетудегі негізгі тҧлға-мҧғалім. 

Strong. Ward & Grant. 2011 

Әлемдік деңгейдегі мектептер: 

-Оқушының ілгерілеуіне кӛмектесетін ахуалда қамтамасыз етеді; 

-ақпаратты ашық және ақылмен қолданады; 

-ксперименталдық жолмен алынған деректерді қолданады; 

-оқуды жақсарту үшін ынтымақтасады; 

-білікті педагогтарды даярлайды; 

Жоғары педагогтарды даярлау-Джон Хэтти, Окленд университеті,2003 

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – ӛсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты 

дамыту. Инновациялық білімді дамыту, ӛзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен 

жаңалықтарды ӛмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – 

ӛздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. 

Қазіргі оқушы: 

• 

Дүниетаным қабілеті жоғары; 



• 

Дарынды, ӛнерпаз; 

• 

Іздемпаз, талапты: 



• 

Ӛз алдына мақсат қоя білу керек; 

Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен 

байланысты. 

«Интерактив» сӛзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сӛзінен келген. «Іnter»- бұл «ӛзара», «act» - 

әрекет ету дегенді білдіреді. 

Интерактивті  сӛзі  -  ӛзара  әрекет  ету  бейімділігін  білдіреді  немесе  әңгімелесу,  әлде  кіммен 

(адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы,  компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, 

интерактивті  оқытунемесе  интербелсенді  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен,  сұхбаттасып  оқыту,  оның 

барысында оқытушы мен оқушының ӛзара әрекет етуі жүзеге асырылады. 

Интерактивті  оқытудың  мәні  мынада,  оқу  процесі  іс  жүзінде  барлық  оқушы  таным 

үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені 

ойлайды  түсінуге  және  рефлекстеуге  мүмкіндігі  болуы  тиіс.  Таным  процесінде  оқушылардың 

біріккен іс-әрекеті, әркім ӛзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, 

білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен ӛзара 

бір-біріне қолдау кӛрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, 

таным  әрекетінің  ӛзін  де  дамытады,  оны  қызметтестіктің  әлде  қайда  жоғары  нысандарына 

ауыстырады. 

Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер: 

оқушылардың қызығушылығын туғызады; 



әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; 

әрбір оқушының сезіміне назар аударады; 



оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; 

оқушыларға кӛпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; 



кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады; 

оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; 




66 

 



ӛмірлік машықтарды қалыптастырады; 

мінез-құлықтың ӛзгеруіне кӛмектеседі. 



- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет