Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ТЬЮТОРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



Pdf көрінісі
бет71/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ТЬЮТОРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 

Джангалиева Махаббат Джолдыбайқызы 

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №5 орта мектептің  

информатика пәні мұғалімі  

 

Ел Президентінің пайымды саясатының арқасында білім қызметкерлерінің кешегіден бүгіні кӛш 

ілгері. Алдағы 2020 жылы еліміздің барлық мектептері толығымен 12 жылдық білім беру жүйесіне 

кӛшіп,  жаңа  технологиямен  жүргізілетін  жұмыс  сапасы  жоғарылайды.  Еліміздің  алдағы 

онжылдықтағы  экономикалық  ӛрлеуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Президент  Жолдауында  да 

білім  беру  мен  білікті  маман  даярлау  жүйесін  дамытуға  байланысты  сӛз  болды.  Сондықтан  оқу 

тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын ӛзінің пікірін 

білдіруге және ӛзінің іс-әрекетін ӛмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті 

отбасындағы,  қоғамдағы,  ұжымдағы  әлеуметтік  ролін  сезінетін  құзырлы  тұлғаны  қалыптастыру. 

Оқушылардың  бойында  шығармашылық  іс-әрекетті,  іздемпаздықты  қалыптастыру,  жүйелі 

қортынды  жасай  білу,  дәлелді  пікір  айту  іскерлігін  арттыру,  оқу  материалдарын  сараптау,  талдап 

салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды. 

Мектептегі білім мазмұнын ізгілендіру негізінде қайта құру, оның ішінде мектептің оқу үрдісіне 

компьютерлік  технологияны  енгізу  болып  отыр.  Ал  оның  ӛзі  оқушының  ӛзіндік  бағдарлай  және 

дами  алатын  субъект  дәрежесіне  кӛтерілуін,  сонымен  қатар  арнайы  оқу  ортасын  жасау  арқылы 

оның  ӛзіндік  танымдық  іс-  әрекетін  қалыптастыруды  талап  етеді.  Аталған  міндетті  шешу  үшін 

негізгі  мектептердің  7  сыныбынан  бастап  информатиканы  пән  ретінде  енгізудің  орны  ерекше. 

Жаппай компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік технологияны оқу үрдісінде пайдалану арқылы 

оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастырып,  дамытуда  үлкен  жетістіктерге  жетуге 

болатындығы практика жүзінде дәлелденіп отыр. 

Мұғалімдердің мақсаты - оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы 

орта  білім  деңгейінде  терең  білім  беру.  Әрбір  оқушыны  жан-жақты  білімді  етіп  тәрбиелеу  -  әр 

мұғалімнің  негізгі  міндеті.  Оқушының  ӛзіндік  танымдық  іс-әрекеті  танымдық  қызығушылықтан 

туындайды.  Олай  болса,  Г.И.Щукинаның  пікірінше,  танымдық  қызығушылық  оқудың  ең  негізгі 

мотивтерінің  бірі  бола  отырып,  оның  белгілі  бір  жағдайларға  байланысты  «жеке  тұлғаның  іс-

әрекеті  мен  жекелеген  әрекеттерінің  дамуына  қуатты  түрткі  күшіне  айналады».  Сонымен,  бұл 

жағдайлардан  оқушы  ӛздігінен  жорамалдауына,  бақылауына,  ізденуіне  мүмкіндік  беруге  мұғалім 

тарапынан жағдай жасалуы қажет. Әрине мұғалім оқу процесінде тьюторлық қамтамсыз етуі керек. 

Тьютор  деген  кім?  Тьютор  -  (ағылш.tutor)  оқушылар  мен  студенттердің  жеке  оқу 

бағдарламаларын  жасауын  қамтамасыз  ететін  және  қосымша  және  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде 

мектепте  және  жоғары  оқу  орнында  жеке  оқыту  үрдісін  қоса  алып  жүретін  тарихи  пайда  болған 

ерекше  педагогикалық  позиция.  Бұл  белгілі  бір  пән  бойынша  практикалық  (семинар)  сабақтар 

жүргізу, оқу процесін жетілдіріп, оны оңтайлы ұйымдастыру мен орындау бойынша кеңес беретін, 

семестрлік  және  курстық  жұмысқа  басшылық  ететін,  практиканы  ұйымдастыратын  пән 

оқытушысы болып табылады. Тьютор бойында оқытушының, кеңес берушінің және менеджердің 

қасиеттері болуы керек. 

Тьютордың мақсаты: оқушының жеке білім алу жолын құруына кӛмек кӛрсету, мектеп 

оқушыларына білім алу мақсатында жеке ресурстарын, мектеп және басқа да мекемелердің 

ресурстарын пайдалану мүмкіншіліктерін түсінуге, оқыту нәтижелерін пайдалануда кӛмек 

кӛрсету. Яғни тьютор ӛзіне жетілген, қазіргі ӛмірде іске жарауға қабілетті тұлғаны 

қалыптастыруға кӛмек кӛрсетуді мақсат етеді, сол үшін тьютор адамға ӛзін терең танитындай 

жағдай жасайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет