119
- Материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп
айырысу бағасын белгілеу;
- Құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке
алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
- Бір ыңғайланған алғашқы есеп құжаттарының формалар түрлерін
белгілеу және олармен шаруашылық субъектісінің барлық бөлімін
қамтамасыз ету.
Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және
өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру
керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай
түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде
есепке алып отыру қажет етіледі, яғни еңбек заттары біртекті емес болып
келеді, олардың атқаратын міндеттеріне, сондай-ақ физикалық және
химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да
материалдық ресурстарды дұрыс ұйымдастыру және тиімді пайдаланудың ең
басты мәселесі оларға экономикалық жағынан дәлелденген болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: