Ақида негіздері



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата06.07.2020
өлшемі0,6 Mb.
#74919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
kk El3akeda elsa7e7a

Ақида негіздері  

 

3 



 

Адам баласының Ислам дінін қабылдауы – Жаратушысының барлығына 

шын  көңілден  иман  келтіруіне  негізделсе,  пенденің  Тәңірін  тануына  деген 

мұқтаждығы ақида ғылымына алып келеді. 

 

Ақидасы жоқ мұсылманның жасаған құлшылығында мағына болмайды. 



Дұрыс  ақида  мұсылманның  көкірек  көзін  ашып,  оның  рухани  дүниесін 

өзгертеді. Сондықтан да мұсылман кісіге ақида ғылымының құндылық дәрежесі 

барлық нәрседен жоғары.  

 

Тек  ақидасы  арқылы  адам  баласы  Аллаһ  Тағаланың  есімдерін  біліп, 



сипаттарын танып, Онымен тікелей қарым-қатынаста бола алады. 

 

Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммадтың (оған Аллаһ Тағаланың 



салауаты  мен  сәлемі  болсын)  сүннеттері  арқылы  баян  етілген  дұрыс  ақида 

негіздерін бойына сіңіре алған кісі, іс жүзінде Ислам шариғатын ұлық тұтып, 

оның мұсылманға қоятын талаптарын дәріптейді. Осы негізде кез-келген кісі 

өзінің мұсылман болғанын айтып, шын көңілден иман келтіргенін намаз оқу, 

ораза тұту, жамандықтардан тыйылып, Отанына, халқына қызмет ету арқылы 

дәлелдейді.  

 

Осы  айтылғандардың  өзі-ақ  саналы  кісіге  ақида  ғылымының 



маңыздылығын көрсетсе керек.  

 

Су  тіршілік  көзі  болса,  ақида  ғылымы  Ислам  дініндегі  барлық 



ғылымдардың қайнар бұлағы.  

 

Шындығында ақида ғылымы жалған ұрандар арқылы көпшілікті алдап, 



дінге  еліктіру  саясаты  емес,  керісінше  ғылыми  дәлелдер  арқылы 

құдайшылдыққа үндеу. 

 

Бұған Құран Кәрімнен дәлел келтірейік. 



 

Дүниеде барлық нәрсе жұп етіліп жаралған. Бұл қашаннан бері белгілі 

және  қазіргі  уақытта  ғылыми  негізде  дәлелденген  даусыз  ақиқат.  Мысалы, 

Құран Кәрімде өсімдіктер жайлы былай делінген: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет