"نوملعي لا اممو مهسفنأ نمو ضرلأا تبنت امم اهلك جاوزلأا قلخ يذلا ناحبس"
«Кіршіксіз пәк Аллаһ барлық нәрселерді: жерден өнген нәрселерді де,
өздерінен болғандарды да және олар білмейтін нәрселерді де жұп-жұп етіп
жаратқан».
Ясин сүресі, 36 аят
Құран Кәрімнің Юнус сүресінде мынау аят бар:
"ربكأ لاو كلذ نم رغصأ لاو ءامسلا يف لاو ضرلأا يف ةرذ لاقثم نم كبر نع بزعي امو"
«Жер мен көктегі нәрселердің зәредей, онан кішісі де үлкені де
Раббыңның назарынан тыс болмайды».
Юнус сүресі, 61 аят
Қазіргі уақытта адам баласы білетін ең кішкентай нәрсе атом болып
есептеледі. 19 ғасырға дейін ғалымдардың арасында атом бөлінбейді деген пікір
болған. Дегенмен, жылдар бойы жасалған тәжірибелердің нәтижесі атомның өзі
қосымша бөлщектерден тұратындығын көрсетті. Атом – электрон және
протонға бөлінеді екен.
Құран Кәрім: «зәредей, онан кішісі де үлкені де Раббыңның назарынан
тыс болмайды» - деуі осыны меңзейді.
Ал енді ойлап көріңізші, осыдан он төрт ғасыр бұрын Араб жазирасынан
шыққан сауатсыз адам тозаң түйіршігінің салмағынан да төмен атом атаулы
заттың барлығын, оның ерекшеліктерін, атомның құрамы протон, электрон және
нейтроннан тұратынын қайдан біледі?
Осының өзі-ақ Құран Кәрім – бүкіл әлемді Жаратушы Ұлы құдіреттің сөзі
екеніне дәлел емес пе?
|