Ақида негіздері



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата06.07.2020
өлшемі0,6 Mb.
#74919
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
kk El3akeda elsa7e7a

Ақида негіздері  

 

5 



Оны Мухаммадтың (оған Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын) 

ойынан шығарды деушілер қатты қателеседі. 

  

Бұл жалғанда ана құрсағынан шыр етіп түсіп, санасы жетіп  данышпан 



болған, соңынан топыраққа айналған қаншама пенде өтпеді! Қаншама парасатты 

азамат  бүкіл  тіршілігін  өмірдің  сырын  ашамын,    ақтан  қараны,  жалғаннан 

ақиқатты ажыратамын деп, шындыққа қол жеткізуге тырысты. Қанша ақиқатқа 

көзі жетіп тұрған ғалымның сөзі жалғанға шығарылып, қанша жалғандық ақиқат 

ретінде  қабылданды.  Бұл  айтылғанға  адамзат  тарихының  өзі  куә.  Мысалы, 

шіркеу  басқарған инквизицияның құрбаны болған Коперникті, өз теориясының 

негізсіз  екенін өзі мойындап  кеткен Чарьлз  Дарвинді,  ата-бабасы  мұсылман 

болып,  дін  тәртібін  ұстануы  арқасында  қаны  мен  тәні  таза  болған  қазақтың 

санасын  уландырған  жетпіс  жылға  созылған  марксистік-лениндік  теорияны 

алыңыз. Бәрі де жалғанды ақиқат ретінде қабылдап,  адасқан ағымдар.  

 

Өкінішке  орай  көп  жағдайда  біз  басымыз  тасқа  тигенде  де  тиісті 



қорытынды шығармай, пендешілікпен адасып, тығырыққа тіреліп жатамыз. Ұлы 

Қамқор Жаратушымыздың ескертулеріне құлақ аспай, жасанды және жалған 

құдайларды пір тұтамыз. 

 

Ақида  ғылымы  –  адам  бар  болғаны  Аллаһ  Тағаланың  жаратқан  бір 



мақұлығы (жаратылғаны) екенін түсіндіріп, адам баласы өзі сияқты жаратылған 

нәрсені  құдай  тұтудан  сақтандырып,  ақиқат  Жаратушысына  серік  қосудан 

қайтарады.  

 

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Ибраһим ғ.с. пайғамбардың мушриктерге 



(мушрик-құлшылығында  Аллаһ  Тағалаға  серік  қосушы)  айтқан  мына  сөзін 

келтіреді: 

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет