Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет241/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
лем. Не күйеуімен ұрсысарын, не бірге отырып та мақ та на-
рын, не осылай жатып күйіне берерін білмейді. 
Мақсұтты не деп ұрсады, жұмысын істеп жүр, табысын 
əке ліп қолына салады. Арақ ішіп сенделіп, үйге келсе ау зы на 
келгенді айтып боқтап жатқан жоқ. Институтын қы зыл дип-
лом ға бітірді, кандидаттығын қорғады. Шамасының кел ге ні 
сол – осы бір бөлмені алды. 
Тура  осылар  оқу  бітіргенде  заман  ауысып,  заң  өз гер-
ді.  Қалалық  кеңестегі  үйдің  кезегіне  жазылып  қойғалы  қа-
шан. «Енді  кезекпен  тегін  үй  берілмейді  екен», – дегенді 
ес тіп  бір  күн  ауырды.  Айлығы  шайлығынан  аспай  жатқан 
жас  ғалымға  пəтер  сатып  алуға  мүмкіндік  қайда. «Егемен 
ел болдық», – деп қуанып жүргенде нарық келіп алқымнан 
алды. Ол өзі жылпыңдар мен қулардың жағында ма, сабы-
нын  соғымға,  тарағын  танаға  айырбастап  солар  байып,  со-
лар дың мəртебесі өсіп жатыр. 
Мақсұттың  мінезі – біртоға,  дұрыс  жолымен  болмаса, 
бі реу ді  алдап,  арбап  үйге  табыс  əкелуді  де  білмейді.  Сыз-
баларын  сызады,  институтқа  лекциясын  оқиды,  үйге  ке ліп 
ұлы мен  телевизор  көреді.  Бұл  жүрісімен  пəтер  түгіл  жү-
ріп-тұ ру ға көлік те сатып ала алмайтындай. «Менің мер се-
де сім – 98», – деп күлетіні бар. Онысы жұмысы мен үйі нің 
арасына қатынайтын №98 автобус. Ағайын-туысына да алып 
бара жатқан қайырымы жоқ, жылына бір еңбек демалысын-
да Алакөлдегі анасын көріп қайтады. Баласы мен əйелін сол 
жерге суға түсіріп келгеніне мəз.
Өзі ше?!
Еркегінің  шамасы  келмесе,  екі  білекті  сыбанып  жі бе ріп 
өзі кіріспей ме?! Елдің əйелдеріне ұқсап ала қапты ар қа лап 
сауда  жасау  қолынан  келер  ма  еді,  сауда  жасайтындай  ал-
ғаш қы айналымға ақшаны қайдан алады. Балабақшада іс теп 
жүргенде шай-пұлдан артылғанға анасы мен Арайға жыл ты-
ра ған бірдеңелер апарып беретін еді, енді ол да жоқ. «Дип-
ло мың ды  ал,  ал», – деп  анасы  қоймағанда  алған  дипломы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет