Сәуле Досжан 265
қара шабаданда жатыр. Еш жерге жұмысқа алмайды. Айна-
ла қысқарту. Ашылып жатқан сансыз фирмаларға əркім өз
танысын алады. Не болмаса – ұзын сирақ, айнамкөздерді із-
дейді. Сонымен жас дейтін жас емес, кəрі дегенге кəрі емес,
орта жолда қалды да қойды.
«Əкімшілік əйтеуір бір пəтер берер», – деп қуықтай бөл-
ме ге шүкіршілік етіп отырғанда осыны да қимай, бұзып бай-
лар көп қабатты ғимарат салмақшы. Ал осында тұратын шит-
тей балалары бар жас отбасылар қайда барып паналамақ?
Кемі отыз бөлмеде жүзге жуық адам тұрып жатыр. Бұларды
адам екен-ау деп жатқан əкімшілік жоқ, сырттарынан сатып
жіберген көрінеді. Енді сот орындаушылары жақында бұ лар-
дан босатуын талап етпекші. Орнына пəтер де бермейді. Се-
бебі бұл – жатақхана, олардың жекеменшігі емес.
Шара досының айтқанына қараса өздері тірі жүр ген де рі-
не мəз болып жүрген өлімтіктер сияқты. Нағыз өмір сү ру-
ші лер Алатаудың етегінен хан сарай салып, аспанда ұшақ-
пен ұшып, теңіздің ар жақ, бер жағынан шығып жүр. Олар
алам дегенін алып, берем дегенін береді. Жолдарын кескен
адамды атып та тастайды. Бəрі солардың қолында сияқ ты.
Ауызы ашылып тыңдап отырған Жарияға досы олар дың
да қолынан келмейтін бір нəрсе барын ұқтырды. Ол – бала
жасап алу. Олардың біразы екіжақтап дүние жиып, мансап
қуып жүргенде – əйелдері қартайып, бала табудан қа лып
қалады. Кейбіреуінің əйелдерінің денсаулығы жоқ. Бəрі бар
сол хан сарайларда – бала жоқ. «Бəрін сатып алуға болады,
ал адамды сатып ала алмайды ғой», – дейді де Шара, «Біз дің
«Экомед» оларға балалы болуға көмектеседі» деді.
Жария шошып кетіп:
– Қойшы, – дейді.
– Əрине. Олар баланы тілейді. Амалдары жоқ, ақ ша ға
сатып ала алмайды сондықтан бір баланы зар илеп ті лей ді.
Құ дай дың ықыласы түссе перзентті болады. Ал, біздің «Эко-
медтікі» ғылым жолымен оларға көмектесу ғана. Ба ғы на