Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет245/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Оны кім айтты?
– Сəт. Бота екеуі «ертең біз көшеміз» деді. Папасы үй са-
тып алыпты. 
«Бота» деген көршінің бойжеткен қызы. Оның ше ше сі де 
«Құдаларын  жатақханада  күтті», – деген  атаққа  қа лып  жү-
рер міз, өл-тіріл Боташ ұзатылғанша үй ал дедім əке сі не», – 
деп күзде Жарияшқа бір сырын ашып кеткен. 
Одан кейін бұған да сол уайым түсе бастаған, «шынында 
өстіп жүре берсек уақыттың қалай өткенін білмей қа лар мыз, 
Арай болса биыл үшінші сыныпта оқып жүр», – деп іш тей 
ойласа мазасы кететін. Қанша ойбайласа да пəтер алудың еш 
реті келмей-ақ жатыр. 
Жария күйеуі мен баласын тамақтандырып болып дə рі ха-
на дан аяғына май алып жақпаққа сыртқа шықты. Ау ла да ғы 
сəкіде бүкіл көршілер жиналып əлдеқандай жиналыс өт кі зіп 
жатыр екен. Сəттің шешесі мұны байқап қалып:
– Жария бері кел, – деп шақырды. 
Жақындап еді:
–  Неғып  шықпай  жатырсың,  мұнда  тұрғындардың  жи-
налысы  өтіп  жатыр.Үйімізді  бір  компания  сатып  алыпты, 
орнына басқа ғимарат салатын көрінеді. Соларға қарсы хат 
ұйым дастырып жатыр, – деп түсіндірді. 
Жария топты жұртқа жақындап барып мойнын созып қа-
рап еді, ортада жоғарғы қабаттағы Бəтіш деген əйел бел се-
ніп сөйлеп жатыр. Шулаған жұрттан дауысы бұған анық ес-
тілмеді. Тағы жақындайын деп еді, алдындағы біреу ше гі не 
беріп күйген аяғын басып кетті. Жаны шыға жаздап, ая ғын 
құшақтап отырып қалды. Сəттің шешесі жүгіріп келіп:
– Жария не болды, басың айналып кетті ме? – деп құ шақ-
тай алды. 
– Жəй, ана кісі аяғымды басып кетті, – деп қанша ауыр-
сынса да білдірмей орнынан тұрып, бос тұрған сəкіге барып 
ше ті не  отырды.  Сəттің  шешесі  жанына  тағы  келді.  Жария 
осы  кісінің  атын  да  білмейді,  балаларға  ұқсап  «Сəттің  ма-


Сәуле Досжан
269
масы» дей салатын. Бағанағы баласы айтқан жаңа үйге көшу 
жайы жанына тыным бермей:
– Сізден бірдеңе сұрасам бола ма? – деді ұяла.
– Сұрай ғой, – деп жанына отырды.
– Сіздерді көшеді деп естідім ғой, рас па?
– Рас. Ағаң ипотека дегенге жазылып несиеге екі бөл ме лі 
пəтерге ілінді. Былтыр саған айтып едім ғой, есіңде ме «Құ-
да ла рын  жатақханада  күтті», – деген  атаққа  қалып  жү рер-
міз», – деп ойбайладым, – деп. Содан бері ағаң ойға-қыр ға 
шауып жүріп, тамыр-танысымен ақылдасып, қарызға болса 
да  ілінді  ғой.  Несие  дегенің  қып-қызыл  қарыз  сіңлім.  Ай 
сайын төлеп тұруға тура келеді. Төлей алмасаң, үс те ме сі мен 
қарыз мойыныңа іліне береді, – деп мұңын шағып алды. 
–  Үйді  бұзса,  біз  қайтер  екенбіз, – деп  бұл  да  мұ ңайып 
қалды.
–  Əне,  аналардың  бəрі  қайда  шулап  қалады  десеңші, – 
деді көршілеріне жаны ашыған əйел.
3
–  Жарияш,  мені  институттан  Түркияға  оқуға  жі бер мек-
ші, – деп келді Мақсұт бір күні. Жүзінде қуаныш бар, өзі не 
бұл ұсыныс ұнайтын сияқты.
– Отырысымыз мынау, күнде жиналыс. Сен сыртқа кет-
кенде бізді үйден қуып шықса қайтеміз, – деді əйелі ең негіз-
гі себебін айтып. 
–  Мұндай  мүмкіндік  бола  бермес,  оның  үстіне  Түр кия-
ның құрылыс саласының əлемде өзіндік орыны бар. Дизайн-
ды  жете  меңгеріп  келсем  жеке  фирма  ашып  беремін,  өзің 
жүргізесің  мен  докторлығымды  аяқтаймын, – деп  қиялдап 
кетті. 
– Қанша жыл оқисың?
– Алғашқы баспалдағы бір жыл екен, егер толық курсын 
бітірем десем, тағы бір жыл оқып жалғастырамын.


270


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет