Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет253/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
тізімді қарап, жағдайы бар отбасын тауып алу керек. Олар-
дың  талабына  сай  болсаң  ғана  келіседі.  Сен  де  алдымен 
жақсылап ойлан, одан кейін денсаулығыңды тексеру керек, – 
деп сол тақырыпқа жазылған біраз материалдар əкеліп тас-
тады. 
Жария  жұмыстан  қолы  босағанда  солармен  танысып 
шық ты. Əсіресе, əйелдер журналына шыққан бір ма қа ла ны 
бір не ше қайтара оқып, көңіл сүзгісінен өткізді. 
Ол «Құрсақ ана» деп аталатын. 
«Жамбыл  облысының  тұрғындары  Арман  мен  Айсұлу 
жа қын да тұңғыш рет перзент сүйдi. Олар бұл қуанышты се-
гiз жылдан берi күтiптi. Бiрақ, нəрестенi өмiрге əкелген Ай-
сұ лу емес, оның анасы екен. Бұл қалай дейсiз бе? 
«Экомед»  орталығының  жетекшісі  Салтанат  Бай қош қа-
ро ва ның  айтуынша,  бүгiнде  елiмiзде  ерлi-зайыптылардың 
жұ мырт қа клеткаларын денеден тыс түтiкшеде ұрық тан ды-
рып,  оны  басқа  бiр  əйелдiң  жатырына  орнату  əдiсi  кей бір 
жағ дай лар да  қолдануға  енген  екен. «Балалы  болсақ»  деген 
əлгi екi жас та дəл осындай жолмен армандарына жетiптi.
– Айсұлу осыдан бес жыл бұрын өзі бала туып жат қан да 
қатты қан кетіп, жедел жəрдемге түскен. Оның өмірін сақ тап 
қалу үшін дəрігерлер жатырын алып тастаған. Шала туыл-
ған  нəрестесінен  де  айырылған.  Жас  жұбайлардың  «құр-
сақ  ана»  жалдайтын  қаржылары  болмады.  Айсұлуға  жаны 
ашып  бала  туып  беретіндей  бірге  туған  апасы-сіңлілері  де 
жоқ, біреудің жалғыз қызы екен. Өз перзентіне жаны ашы ған 
анасы «менің денсаулығым жараса қызымның баласын өзі ме 
салып беріңдер, ешкімнің керегі жоқ, қызым үшін бəріне де 
барамын деп тұрып алды, менен артық ешкімнің оған жаны 
ашымайды» деп. 40-тан енді асқан əйелдiң денсаулығын тек-
серiп, бала көтере алатынына көз жеткiздiк. Ең бастысы, бұл 
ұсынысты ерлi-зайыптыларға өздері де қолдады, – дедi Сал-
танат Берденқызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет