Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет252/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Айтуы бойынша Шара студент кезінде бір жігітке ға шық 
болады.  Ол – айтпай  жүрген  отбасылы,  екі  баланың  əкесі 
екен.  Есінен  танып  ғашық  болып  жүріп  Шара  екіқабат  бо-
лып  қалады.  Сол  кезде  жігіт  жоғалып  кетеді.  Араласатын 
достарынан  оның  отбасылы  екенін  біліп  келеді.  Ішіндегі 
бала қимылдап қалғанына қарамай алдырып тастаймын деп 
жүргенде  жатырына  инфекция  түсіп,  операциямен  тазалап 
жаны əрең қалады. 
– Енді мен күйеуге тисем де бала таба алмаймын. Ма ған 
кім құрсақ ана болып бала туып береді, ондайға ме нің ма те-
риал дық жағдайым келе ме? Бітті осылай жалғыз қал ға ным, 
қалған, – деп аңырап кеп жылайды байғұс бала. 
– Қой, жылама, əлі күйеуге де тиесің, бала да сүйесің, – 
деп жұбатқан болады Жария айтып тұрған өз сөзіне өзі сен-
бесе де.
–  Ал,  мен  балаларды  сондай  жақсы  көрем, – деп  Шара 
егіледі.
«Баспанасыз  қалатын  болдым,  не  ақыл  бересің?» – деп 
ша қыр ған  досының  қайғысын  естігенде  жылағанның  ал-
дынан  өкірген  шығыпты  дегендей  болған  Жария  ертесіне 
күйеуі аманаттап кеткен Ағыбай Слəмұлына барды. Профес-
сор  келіншекті  тыңдап  болып  жазу  үстелінің  тартпасынан 
бір кілтті алып алдына қойды да:
–  Мынау,  менің  шетелде  отбасымен  қызметте  жүрген 
ұлым ның пəтерінің кілті. Мекен-жайы міне, – деп қағазға жа-
зып берді де. – Осында көшіп ал, балаңмен Мақсұт келгенше 
тұра тұр, – деді. 
Ақ шашты ағасына алғысын айтып қуанып шығып бара 
жатыр еді:
– Келін, көшірісуге студенттер берейін, – деп тоқтатты.
– Аға, мен алдымен барып үйді көріп, жиынып-түйі не-
йін,  содан  кейін  сізге  айтармын, – деп  қоштасып  шығып 
кетті.


Сәуле Досжан
277
Араға апта салып Жария мен Шара жəне үш студент Мақ-
сұт тың отбасының азғантай дүние-мүлкін «Газель» кө лі гі не 
тиеп «Ақсай» шағын ауданына қарай алып бара жатты.
Жігіттер бар жүктерді тасып кіргізіп беріп кетті. Про фес-
сор дың  үйінде  телевизор,  тоңазытқыш,  төсек-орын  сияқты 
күн де лік ті тұрмысқа қажет заттары бар екен.
– Мынау жалға беріліп жүрген пəтер ғой, – деді Шара екі 
бөлмені аралап шығып.
– Енді сол кірісінен айырылып бізге тегін беріп отырған 
ағайдың адамгершілігін айтсаңшы, – деді Жария.
Жалғыз бөлмеде əрі ұйықтап, əрі демалыс бөлме деп өс-
кен Дəрмен мына жатын орны мен залы бөлек пəтерге ке ліп 
қуанып жүр. Алпыс арнадан алатын үлкен телевизор да бір 
қуанышы  болды.  Анасы  жатын  бөлмеде  қос  төсекте  жат-
қан да бұл бұрынғыдай дауысын бəсеңдетіп əуре болмай-ақ 
қалаған арнасын тамашалап отыра береді. Аулаға шықса се-
кі ре сің бе, еңбектейсің бе, жүгіресің бе неше түрлі ойынға 
ар нал ған аспаптар орнатып қойған балаларға. Өзімен жас ты 
балақайлармен танысып алып ойыннан босамай үйге қа раң-
ғы түсе кіретін болды.
5
Демалыста Шара келеді. Оның жалдайтын пəтері құр бы-
сы ның үйіне жақын болып қуанып жүр.
–  Пəтерің  жақсы  екен.  Ана  жатақханадан  жақсы  болды 
ғой, – дей береді.
– Ой, Шарочка, бəрібір біздікі емес қой, Мақсұт келген-
де енді босатыңдар десе қайда барамыз. Маған бір ой ке ліп 
жүр, Мақсұт келгенше балаға зар болып жүрген бі реу лер ге 
көмектессем, олар бізге пəтер алып бере ала ма? – деп көп-
тен толғанып жүргенін Шараға айтып еді, ол:
– Алдымен Мақсұтпен телефон арқылы болса да ке лі сі-
мін алуың керек. Одан соң біздегі балаға тапсырысқа берген 


278


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет